НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Экономикалық реформалардың алғашқы



Pdf көрінісі
бет37/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Экономикалық реформалардың алғашқы 
нәтижелері (1995 жыл)
1990-шы жылдардың бірінші жартысы бүкіл ел үшін қиындыққа толы 
ізденістер мен ауыр шешімдер жылы болды. Жігерленіп, пессимизмге 
бой алдырмауға тырысқан Қазақстан өзінің бірден-бір сенімді жолын 


72
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
тапты. Біздің жалпы жүйелі және мақсатты әрекеттеріміздің нәтижесінде 
1995 жылы тұрақтылық пен экономиканы сауықтырудың алғашқы белгілері 
байқала бастады.
Бюджет тапшылығын қысқартуға және шығындарды азайтуға бағыт-
талған қатаң қаржылық саясат инфляцияны ауыздықтауға ықпал етті. 
1995 жылы ол, соның алдындағы жылдармен салыстырғанда, 60 процент-
тен кем межені көрсетті. Ал бұл жағымды нәтиже болатын.
Ел тәуелсіздік алған кезден бастап тұңғыш рет өнеркәсіп өндірісінің өсімі 
басталды. 1995 жылы өнеркәсіп 13 процентке өсті. Сыртқы саудада жағым-
ды сауда балансына қол жетті. Экспорт импорттан 1 миллиард 250 миллион 
долларға артты. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықта 
сату долларға шаққанда 2,5 есеге өсіп, импорттан 1,7 есе артық болды. 
Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсарғанын қазақстандықтар-
дың есепшотындағы ақша салымдарының өсу үрдісі дәлелдеді. 1995 жылы 
тұрғындардың банк салымдары 5-тен 12 миллиард теңгеге дейін өсті.
1995 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты 
жиында мен реформаның бірінші кезеңінің алдын ала қорытындыларын 
жасадым. Іс жүзінде бір қаржылық жылда Қазақстан гиперинфляция сияқты 
қатерлі экономикалық сынақтан өте алды. Біз тәуелсіздіктің ұлттық валюта 
сынды маңызды рәмізін енгізумен қоса, оның сенімділігіне, тұрақтылығы 
мен сәтті айналымына қолымыз жетті. Сол арқылы отандық экономиканың 
өзіндік келбетін білдіретін, экспорттық секторды қалыптастыратын, әлемдік 
нарыққа шығатын арна ашумен қоса, біздің жетекші кәсіпорындарымыз-
дың экономикалық құрдымға түсуін тоқтата алдық. Қазақстан шетелдік 
капитал, инвестициялар, технологиялар, экономикалық жаңалықтар мен 
әлемдік шаруашылық тәжірибе үшін анағұрлым тартымды бола бастады.
Осы жылдар ішіндегі барша әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға 
қарамастан, олардан өту процесінде тәуелсіз Қазақстан өз болашағына 
сенімді еді.


73
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет