НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет72/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Әлеуметтік мәселелерді шешу. 
Артта қалған ауыр жылдар
1990-жылдардың орта тұсындағы экономикадағы алғашқы оң өзгеріс-
тер әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа көмектесіп қана қоймай, әлеуметтік 
мәселелерді шешудің алғышарттарын да қалыптастырды. 
1990-жылдардың екінші жартысында қазақстандықтар жақсы өмірдің 
дәмін тата бастады. Сауда-саттық қызып, дүкендер мен базардағы тауар 
түрлері көбейді. 
1996 жылы бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жәрдем-
ақы көлемі екі есеге көбейтілгеннен кейін, халықтың сатып алу қабілеті ай-
тарлықтай өсті. Инфляция жағдайында осылардың іс жүзінде 50–60 про-
центке көбейтілгенін білдіретін. 
Барлық оң өзгерістерге қарамастан, әлеуметтік жағдай, әсіресе ай-
мақтардағы коммуналдық шаруашылықтардың қыс маусымындағы жай-
күйі 1997 жылғы дағдарыс кесірінен қиындап кетті. Мен дұрыс жұмыс 
атқармаған биліктің атқарушы өкілдеріне қатаң талап қойып, ушығып 
тұрған көкейтесті әлеуметтік мәселелерді тікелей өз бақылауыма алу тура-
лы шешім қабылдадым. 
Ал жалақы мен зейнетақының берешегі көбейе бастаған сәтте, «егер 
мәселе шешілмейтін болса, жауапты адамдарды барынша қатал жазаға 
тартамын» деп Үкіметке қатаң ескерту жасауыма тура келді. 
Мен өз отандастарыма қолдау білдіріп, оларға үміт сыйлау үшін кез 
келген мүмкіндікті мүлт жібермеуге барымды салдым. Сондай-ақ әр адамға 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
145
ел өкіметінің бәріне бірдей шамасы жетпейтінін, өтпелі кезеңнің объективті 
қиындықтары бар екенін, сол себепті қайсыбір жағдаяттарға төзімділік та-
ныту керектігін ұғындыруға тырыстым. 
1999 жылға қарай зейнетақы мен жәрдемақыны кешіктірмей төлеу 
мәселесі толық шешілді. Қалаларда жылу, жарық пен суды тоқтаусыз беру 
жолға қойылды. Экономика мен бюджет қорының өсуінің арқасында мем-
лекет белсенді әлеуметтік саясатты қайта қолға алуына мүмкіндік алды. 
1998 жылдың қаңтар айында менің бастамаммен, сол кезде халықтың 
басым бөлігін құраған күнкөрісі төмен азаматтарды қолдайтын жалпыұлт-
тық қор құрылды. Жұмыс істеген алғашқы жылдары қор 1 миллиард теңге 
жинап, тұрмысы төмен 250 мың қазақстандыққа қолдау көрсетті. 
1990-шы жылдардың екінші жартысында жалақы мен зейнетақы ұдайы 
өсіп отырды. 1999 жылы Қазақстандағы орташа жалақы долларға шаққанда 
90 АҚШ долларын құрады. Бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы ең 
жоғары көрсеткіш болатын. Осының арқасында қазақстандықтардың кірісі 
оларға қаражат жинауға мүмкіндік тудырды. Егер 1996 жылы қазақстандық 
банктердегі азаматтардың есепшотында 11 миллиард теңге болса, 1999 
жылы ол 28 миллиардтан асты. 
Дағдарысқа қарсы шаралардың толық кешенін жүзеге асыру нәтиже-
сінде дәл осы кезде ұлттық экономиканың нағыз өрлеу кезеңі басталып, 
ол бірден елдің көңіл күйіне әсер етті. Реформалардың ұзақ күткен жемісі 
соңғы он жыл бойы жиналған әлеуметтік қажудан арылуға көмектесті. 
Бұқара халық өз күші мен алда тұрған кез келген кедергіні еңсере алатын 
қабілетінің бар екеніне көзі жетті. 
Сол кезді еске ала отырып, үнемі ойлаймын: қазір ғой біз мұны 
жеңіл-желпі айтып отырмыз, ал ол кезде мұның бәрі дәл мен үшін қанша-
ма уайым болды. Арасында қызықты жайттар да кездесті, әрине. Солар-
дың бірі – халықтан банкке қаражат тарту науқаны кезінде болған оқиға 
еді. Сол кездегі Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко маған көптің 
көзінше, егер науқанның көздегені іске асып жатса, өзінің әдемі сақалын 
қырып тастауға уәде берді. Ол үшін екінші деңгейлі банктегі жеке тұлғалар-
дың жинаған қаржысы 1 миллиард АҚШ долларына жетуі керек-тін. Григо-
рий Марченконың мәлімдемесі, әсіресе БАҚ өкілдерінің «оң жамбасына» 
келе кетті. Журналистер мен экономистердің дені «Марченконың сақалсыз 
жүрген күні жоқ» деп жазып жатты. Бірақ, екі жылдан кейін, дәлірек айт-
сақ, 2001 жылдың 7 қыркүйегі күні ол баспасөз мәслихатына, қайсыбір БАҚ 
өкілдері жазғанындай, «өмірі алынбайтын баяғы сақал-мұрты жоқ, жап-
жас күйінде» келіп, жеке тұлғалардан жиналған қаржы 1,116 миллиард АҚШ 
долларына жеткенін мәлімдеді. 


146
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет