Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет122/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

Морфология саласында. Ортаазиялық тіл элементтерінен 
өткен шақ есімшенің -мыш жұрнақты «оғұздық» вариантын 


268
қолдану (қыпшақтық -ған дегеннің орнына: отырмыш, айтыл-
мыш, шығармыш), етістіктің III жақтағы -ды қосымшасының 
орнына -дүр вариантын келтіру (естіләдүр, көрінедүр) және 
осы формантты предикаттықты білдіру қызметінде жұмсау 
(йазмай тұрғандүр, ықтиярлылардүр); етістіктің III жақта 
көпше аспектісін -лар жұрнағымен білдіру (бардылар, қой- 
салар), тұйық етістіктің -у жұрнағын -ғу вариантымен беру 
(еткучі, жазғучы, тұрғучы) сияқтылар және илан, бірлән, уа 
һәм, аның үчүн, лекин, һәм лекин шылауларын жиі қолдану, ау-
ыспалы шақ есімшенің -тын~тұғын қосымшасының орнына 
тұрған сөзін келтіру орын алады. Мысалға Семей облысының 
әскери губернаторының 1892 жылғы 450-нөмірлі жарлығынан 
үзінділер келтірейік (араб жазуынан транкрипциялап береміз):
«1882-чі жылда 2 сентябрьде 107 нөмірі илән шығармыш 
жария бұйрұғы менен дала уалайатын билеп тұрғучы генерал 
губернатыр ма’лум етуб ештурген еді... ’арз бергучілер әсіресе 
қазақлар өздері орысша тілні білмек түгул жазу сызуны да 
білмейді, сонүң үчүн орысша жаза тұрған ’арзаларына не жа-
зыб, не қойғаның ’арз бергучінің өзі де білмейді... төрелер ме-
нен һәр бір меһкәмәларны жамандап болмайдылар... ’арз жа-
зучыменен сызучының да кім екені һәм қандай екені...» («Дала 
уалаятының газеті», 1892, 7 февраль, 6-саны).
Бірақ бұл көрсетілген морфологиялық «шағатаизмдер» де
жүйелі түрде келмейді: қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары 
стилінде бұл белгінің де іргесі сөгіле бастаған: жоғарғы 
көрсетілген тұлға-амалдардың қазақ тіліндік варианттары да 
параллель қолданылған. Мысалы, көрсетілген «Жарлықта»: 
басқа кішілер қолдарын қояды (қоядылар емес), жазыб сызы-
латын арз т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет