-
, у
-
н
-
(оң жақ шекесіне кішкене сызық қойылған),
у’ а’ таңбалары енгізілді, олар осы күнгі ө, ұ, ң, і, ә әріптерінің
орнында. Бірақ у мен у’ таңбаларының қолданылуында қатаң
бірізділік жоқ тәрізді: у’ таңбасы барлық орындардағы і ды-
бысын таңбаламайды (бұл дыбыс бірде е, бірде и әрпімен
берілген: бирдей, женишке, билдиреди), ол 2-4-буындардағы
ү дыбысын беруге қолданылған сияқты: у’сту’ндогу, оргу’зду,
бу’ту’ндой, ку’ну’. Дауыссыз қ, г, дауысты ұ, і дыбыстарының
таңбасы жоқ, олар к, г және у, и (е) әріптерімен берілген.
Бұл кітаптардың арабша жазылған мәтіндерден тағы бір
айырмашылығы бар: 1) мұнда қазақ тілінің жуан-жіңішке бо-
лып келетін буын үндестігі сақталған: Ағаштардың у’сту’н
262
сонша коп курттар, ту’рлу’ залалды жандыктар бек ко’бо’йуп
жабылып жемисти тауса жеп жана жапрақ та қалдырмаған.
2) Сөз соңында б, д сияқты ұяң дыбыстардың әріптері жа-
зылмай, қатаң п, т әріптері жазылған: кобойуп, жеп, награт,
3) Бас әріптерді қолдану, мәтінді абзацтарға бөлу, тыныс
белгілерін қою арқылы бұлар орыс жазуының үлгісін ұстаған
(ал арабша жазылған басылымдарда бұл кезеңде көрсетілген
жазу тәртіптерінің жоқ екендігі белгілі).
7. Грамматикалық тұлға-тәсілдердің көрінісі жағынан бұл
стильге қатысты екі жайтты көрсетуге болады. Бірі – морфо-
логиялық тұлғалардың таза қазақ тілінікі екендігі, мұнда
«түркілік» элементтер кемде-кем, әсіресе Н.И.Ильминский
материалдары мен «Календарь» мәтіні тек қана қазақ тіліне
тән тұлға-тәсілдерді қолданады. Газеттердің беттеріндегі жар-
тылай ғылыми мазмұнды мақалалар тілінде ғана бірді-екілі
«кітаби» тұлғалар кездеседі. Екіншісі – синтаксис саласында
бұл стиль қазақша жазба проза тілінің қазіргі нормаларының
бастамасын көрсететіндігі.
Ең алдымен, сөйлемнің дұрыс құрылуы көзделген, яғни
сөйлеу тіліне тән еркіндік едәуір тежелген. Атап айтқанда,
бастауыштың баяндауыштан бұрын орналасуы, анықтауыш,
толықтауыш, пысықтауыш мүшелердің өздеріне қатысты сөз-
дердің алдында келуі сақталған. Мұнда құрмалас сөйлем
компоненттері де көбінесе дұрыс орналасқан: бағыныңқы
сөйлем басыңқыдан бұрын беріледі: Суда желсіз күні қайыққа
мініп жүргенде, бізің көзімізге судың жағасы, жарлар... кейін
кетіп бара жатқандай көрінеді (Календарь, 34). Бұл – өз тұ-
сындағы прозамен келетін өзге стильдерден ерекшеленетін
белгі: өзге әдебиетте, айталық, публицистикада әлі де «төң-
керіліп жүрген» конструкциялар аз кездеспейді, әсіресе құр-
малас сөйлем құруда олақтық күшті сезіледі (мысалы: Газет
шығарушылар һәркімге білдіреді кімде-кім қазақ халқының
үйдегі һәм халық арасындағы мінез рәсімлерін біліп түзеуге
ойласа соны басмаханаға білдіріп болыстық қылуға хат ме-
нен жіберіп солайша қылып қырдың нені керек қылып қалайша
қылса тәуір болатыны турасында білдіріп тұрсалар («Дала
уалаятының газеті», 1889, 7 январь).
263
Дегенмен осы стильдің өз ішінде синтаксистік құрылым
жағынан бір-бірінен бөлектеніп тұратын үлгілер бар. Н.И.Иль-
минский ұсынған материалдарда, 1897 жылы қазақтар үшін
жазылған календарьда сөйлем құрылысы әлдеқайда қатаң
тәртіппен дұрыс беріліп отырады, мұндағы жүйелілік, реттілік,
бірізділік – ғылыми, білімділік тұрғыдан дәлдікті талап ететін
стиль үдесінен шығады. Ал баспасөз беттеріндегі және кейбір
жеке кітапшалардағы аударма мәтіндерде синтаксистік нор-
малар қатаң сақталмайды, кейде тіпті түпнұсқаның (орыс тілі-
нің) синтаксистік құрылымын, яғни сөйлем мүшелері мен
құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібін бұлжыт-
пай көшіреді: Мысалы, «Дала уалаяты газетінің» 1891 жылғы
17 майдағы 19-нөмірінде «Табылған ескі нәрселер» деген ат-
пен археология саласынан хабар берілген. Осында алғашқы
сөйлем былай басталады: Қазақ сахарасында күн шығыс
жақтан Алтай тауына шейін, оңтүстік жағы Тарбағатай
тауына қарай, күн батысы Каспи теңізіне һәм Орынбор губер-
насына шейін һәм сол түстік жағынын, Тобыл, Том қаласына
шейін көп жолығады бұзылып қалған қорғандардың орны
неше жылдардан бері шала бұзылып жатқан. Солардан іздеу-
шілер тауып алады өткен заманның таңсық бұйымдарын...
Әрі қарай да сөйлемдер көбінесе осылайша баяндауышы ал-
дында, бастауышы кейін, толықтауыш, анықтауыштары да
өздеріне қатысты мүшелерден соң орналасқан болып келеді,
қысқасы, олар орыс тілінде қалай орналасса, аудармада да сол
жерлерде беріледі.
Сірә, газет беттеріндегі ғылыми-көпшілік мазмұнды мате-
риалдардың тілі көбінесе заңдылықтан гөрі, яғни стиль тала-
бын өтеу мақсатынан гөрі, аудармашының немесе автордың
шеберлігіне, қаламына байланысты болған тәрізді. Өйткені
осы газеттің 1895 жылғы 2 апрельде шыққан 13-нөмірінде
«Жер, күн һәм жұлдыздар турасының баяны» («Беседы о
земле и небесных светилах») деген материал әлдеқайда жатық
тілде, сөйлем конструкциялары түзу түрде жазылған.
Сөйтіп, қазақ тіліндегі жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет
өзінің қалыптаса бастаған кезінен-ақ өзге жазба стильдерге
(публицистикаға, ресми-қатынас қағаздарына, эпистолярлық
264
әдебиетке) қарағанда, бірден «қазақы» сипат ала дамыды деуге
болады, яғни оның лексика-грамматикалық құрылымы қазақ
тіліне негізделді. Жоғарыда айтылды, бұл стильдегі үлгілер
қазақ түсінігіне бейтаныс ғылым-білім ұғымдарын атауда
көбінесе қазақ сөздеріне жүгінеді немесе орысша түрін ала-
ды. Тіпті осы күні километр, поезд, фунт деп орысша түрінде
атап жүрген есімдер қазақша шақырым, от арба, қадақ деп
беріледі. Эпистолярлық стильде көбінесе орысша берілетін
ай аттары мұнда қазақша вариантында келтіріледі (қамал,
мизам). Табиғат құбылыстарын, аспан әлемін, аң-құстар дүние-
сін суреттеуде мүмкіндігінше қазақ тілінде бар атауларды
пайдалануға ұмтылады: темір қазық жағы (северная сторона),
күн батыс (запад), оңтүстік жағы (южная сторона), құйрықты
жұлдыз (комета), аққан жұлдыз (метеорит), томалақ (не-
бесное тело, шар), күн ату, ыссы өту (солнечный удар), қара
жер (суша), Құс жолы (Млечный путь), Үркер (Плеяда),
Жеті қарақшы (Большая медведица), Темірқазық (Полярная
звезда), күн тәулігі (сутки), күннің тұтылуы (солнечное зат-
мение) т.б. Ал қазақша баламасы жоқ ұғымдарды атауда
көбінесе орысшасына жүгінеді: високосный жыл, астрономия
деген кітап. Кейде қазақша баламалары бар сөздердің өзін
орысшалап жіберу де жоқ емес, мысалы, жан-жануарлардың
пайда-зияны туралы материалда көртышқан немесе крот сөзі
алма-кезек кездеседі, енді бір жерде бақ дегеннің орнына сад
сөзі жұмсалады (Календарь, 53-б.).
Тек атаулар саласында ғана емес, жалпы баяндау үстінде
қолданылатын етістік, үстеу, сын есім, тіпті шылауларға дейін
қазақ тілі қорынан алынып жұмсалған. Осы стильде әсіресе
қазақша шылауларды қолдану активтенген. Бірыңғай мүшелер
мен құрмалас сөйлем компоненттерін бірақ, себебі, не үшін
десеңіз, неге десеңіз, біресе, жа, жа болмаса, немесе деген
жалғаулықтар арқылы байланыстыру едәуір жүйелі түрде іске
асырылады. Мысалы, 1897 жылғы календарьда: «Күн жерден
миллион жарымдай үлкен, бірақ жердей тығыз, нық қатты
емес» (31-б.), «Ол бұлттар бір жерде тұрмай, біресе бар болып,
біресе жоқ болып жүреді» (32-б.), «Жердің қараңғы жағы мен
жарық жағы бірдей, не үшін десеңіз күннің жарығы әр уақытта
әр минутта жердің қақ жартысына түсіп тұрады» (32-б.).
265
Сонымен қатар түркі жазба дәстүріне тән уа, уа һәм, ле-
кин, аның үчүн («өйткені» мағынасында) жалғаулықтары да
қолданылады, бұлар көбінесе баспасөз беттеріндегі мәтіндер
мен араб әрпімен шыққан кітапшалар тілінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |