273
тәжірибесі әлі өзге функционалдық стильдерге әсерін тигізе
алмады.
Орыс тіліндегідей, ресми қағаздар қолданған кейбір
сөз үлгілері көркем әдебиетке (мысалы, Салтыков-Щедрин
тіліндегі канцеляризмдер сияқты) немесе газет тілі мен
публицистикаға жүйелі түрде араласа алған жоқ.
Ал функционалдық
ерекшелігіне келсек, бұлар – аударма
құжаттар болғандықтан, орыс тіліндегі ресми іс-қағаздардың
стилін ұстады: әуелі ол бұйрық-жарлықтың не жөнінде және
кімнің
тарапынан екендігі көрсетіледі, мәтін ішінде бұйрық
иесінің
бұйырамын, талап қыламын немесе
бекітіледілер
сияқты тікелей іс-әрекетін білдіретін сөздер келеді. Кейбір
құжаттар, әсіресе «Положениелер» пункттерге бөлініп беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: