Байланысты: Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы
-дан /-ден, -тан /-тен, -нан /-нен, -ты, -ды, -ныт.т.) бар екендігі,
сөз басында й емес, ж дыбысы айтылатындығы (жақсы, жаман, араб графикасымен жазылған дүниелердегідей йахшы, йаман емес, Жаратушы – Йаратучы емес), қазақ сөздерінде
ч емес, ш дыбысының келетіндігі (шығып, чығыб емес; құл- шылық, құлчылық емес) айқын көрінеді. Сондай-ақ бұлардан
араб-парсы, орыс сөздерінің сөйлеу тіліндегі дыбысталу түрін
танимыз: берісте (қазіргіше жазсақ – періште), калык (қалық),
халқ емес, кабар (қабар), хәбар емес, кнеге (кінеге), книга емес, патса, бақытты (бақытты), бахт емес, öмр (өмір), ’умр емес,
’ақыл (ақыл), ақыл емес, Кудай (Құдай), Худа емес, рақым (рақым), рахм емес, ’азр (әзір), азр емес, куна (күнә), гунаһ емес, тамук (тамұқ), тамух емес, байда (пайда), файда емес
т.т.
Бұлардың ішінде берісте, патса, байда сөздері, сірә, Қазақ-
станның батыс өлкесі тұрғындарының сол кездегі сөйлеу тілі
ерекшеліктерін танытатын болар.
Қазақ тіліндегі христианша діни әдебиеттің лексикасы-
на байланысты мынадай жайттарды көрсетуге болады. Сөз
тандауда, ең алдымен, қазақтың сөйлеу тілі қазынасын пай-
далану принципін ұстаған. Соның нәтижесінде бұрын қазақ
184
Катанов Н.Ф. Материалы и сообщения. - Абакан, 1958. - С. 48.
185
Малов С.Е. К истории казахского языка //Известия АН СССР. - ОЛЯ. - №3.
- С. 100.
278
түсінігінде жоқ соны ұғымдар (көбі христиан дініне байланы-
сты) қазақ сөздерімен берілген. Христиан дініне байланысты
қолданылатын, яғни діни ұғымды қамтитын бірқатар орыс
сөздеріне қазақ тілінде бұрын діни мазмұны жоқ (бар бол-
са да өзге мәндегі) бұйрық (заповед), үгіт (проповедь), ақыл (мудрость), Жаратушы (Создатель), қызметші (служитель)
деген баламалар ұсынылады. Тіпті «создатель» деген ұғымды
мұсылман дініне келгенде Жасаған (Жаратқан деп, христи-
ан дініне келгенде Жаратушы деп өзгеше морфологиялық
тұлғада беру – дифференциация принципінің бір көрінісі
тәрізді. Жалпы жаңа сөздер жасауда «Братство святого Гурия»
шығарған сөздіктерде -ушы, -шы,-шылық жұрнақтарының
актив жұмсалғандығы байқалады: құтқарушы (спаситель),
бәрін де білуші (премудрый), жер жыртушы (земледелец),
сатушы (торговец), өнерші (ремесленник), тексеруші (судья),
үйретуші, оқытушы (учитель), оқушы (чтец), кнеге тыстау- шы (переплетчик), текеппершілік (гордость), кемшілік (униже-
ние), күншілік (зависть) т.т.
Екіншіден, кейбір ортақ діни ұғымдары (яғни қай дінде
де бар ұғымдарды) ислам дініне қатысты бұрыннан халық
тіліне сіңген араб-парсы сөздерімен білдіру тәсілін ұстаған
(әулие, Құдай, күнә, садаға, жауап, үгіт, тамұқ, бұ дүние т.б.),
үшіншіден, қазақ сөзімен білдіруге келмейтін кейбір есімдерді
орыс сөздерімен білдіру бағыты орын алған. Осы ретте бұл
әдебиетте монастырь, кнеге, преподобный, евангелие, священ- ник, монах сияқты сөздер қолданылған (салыстыр: Ишмухамед
Букиннің 1883 жылы Ташкентте шыққан сөздігінде: архиерей – кәтте орыс мулласы, книга – кітап, мудрость – даналық, слу- га – төлеңгіт, лакей, служитель – қызметші). Бұл тұста да әр
діннің өз атауларын айырып көрсету ниеті байқалады. Бұл тен-
денция жалпы XIX ғасырдың II жартысындағы, әсіресе соңғы
ширегіндегі ұлттық жазба әдеби тілге тән. Абайдың закон ~ заң ~ шариғат; школ ~ мектеп ~ медресе; қазы ~ би ~ судья сияқты
параллельдері осы принциппен қолданылған.
Төртіншіден, кейбір христиан діні мазмұнды дерексіз
есімдер мен нақтылы зат, қимыл атаулары үшін халық тіліне
сіңген араб-парсы сөздерін пайдалану принципі де бұл
әдебиеттің лексикалық нормасына тән. Жалпы «Бог» идея-
279
сын көбінесе парсының Құдай, кейде арабтың Алла сөзімен
береді. Жоғарыда келтірілген әулие, берісте, садақа, дін, ақыл сөздері осы қатардан табылады. Қазақ тіліндегі мұсылманша
әдебиеттен жалпы сол кездегі қазақша жазба дүниелерден ай-
ырмасы – мұнда араб-парсы сөздері ауызекі сөйлеу нормасы
бойынша (дыбыстық игерілуі жағынан) қолданылған.