Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет146/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

града, кандидат, начальник, трагедия, князь, граф, расход, 
франк, такт тәрізді сөздер жиі жұмсалмағанмен, сол кездегі 
қазақша жазбаларда орын алған (бұлар, әрине, біз тізіп бер-
гендей орысша тұлғасында емес, біршама қазақыланған түрде 
қолданылды). Бұлардың көбі осы тұстан бастап қалыптасып, 
қазіргі әдеби тілімізге енді.
Орыс атауларын аудармай қабылдау – сол кездегі өмір тала-
бынан туған зандылық. Қоғам өмірі мен әдеби тілдің даму са-
тысы XIX ғасырдың II жартысында әр нәрсені, әр құбылысты, 
әлеуметтік-саяси не экономикалық мәні бар іс-әрекетті 
өзгелерімен шатастырмай, жеке атау талабын қойды. Мыса-
лы, бұл кезде қазақ жерінде заң-сот істерінің үш түрі қатар 
өмір сүрді: бірі – қазақтың бұрынғы әдет-ғұрып дәстүрлеріне 
негізделген, билер жүргізетін қылмыс-іс құқығы, екіншісі 
– мұсылман дінінің заң құқығы – шариғат, үшіншісі – Ресей 
империялық сот құқығы. Соңғы құқықты алдыңғы екеуінен 
ажыратып көрсету үшін закон/ закүн сөзі әдейі қолданылады. 
Қазақ қоғамының бұрыннан келе жатқан билер құқығын 
көбінесе әдет-ғұрып немесе заң деп атау дәстүрі пайда бола-
ды, ал ислам дініне негізделген құқықты тек қана шариғат деп 
атау әдеби тіл нормасына айналады. Дознание, посредник, ад-
вокат атаулары да – осы мотивте, яғни ажырату үшін алынған 
сөздер. Монастырь – шіркеу де емес, мешіт те емес, өзгеше дін 
тұрағы, демек, оны басқаларына араластырмай, өз атымен беру 
қажеттігі осы сөзді (монастырь сөзін) қабылдатады.
Орыс тілінен енген сөздердің тұлғалануы жағынан мына- 
дай ереже ретінде қабылданып, жазылмаған (кодификация- 
ланбаған) нормалары болғаны байқалады:
1) Ауызекі сөйлеу тілінде жиірек қолданылып, қазақ тілінің 
дыбыс заңдарына икемделген сөздерді сол қалыптасқан түр- 
лерінде беру. Мысалы: болыс, ауылнай, піркәшік, ояз, майыр, 
облыс, боблық шашу (публикация, обнародование), мүлиеншік, 
пөселке т.б. Бұлар жазба нұсқаларда да, сөздіктерде де осылай-


325
ша берілген. Кезең үшін сипатты жайт – бұлар сан жағынан 
әлдеқайда кем.
2) Орыс сөздерінің сан жағынан едәуір мол тобын 
түпнұсқадағы тұлғасына біршама жуық түрде қабылдап пай-
далану. Мысалы, бір ғана Е.Букиннің сөздігінде (1883): бо-
лосной упрауител, задетке, қарындаш, қарта (ойын), клас, 
солдат, кантор, кәмпит, мәгәзін, мұжық, политса, румке, 
ыстақан, тауар, шөтке, ямшік, яшік, аршын, шот сөздері бар 
(бұл топқа осы сөздіктегі земтемір «землемер», көкпараз «ку-
порос», мұнанай «меновой двор» сияқты фонетикалық суреті 
едәуір өзгеріп берілгендерді қоспай отырмыз). Өзге сөздіктер 
мен кітап, газеттерде көпес, содия, кнеге, тетрат, грифел, ли-
нейке, капусте, тұрба, іскірт, музике, скрипке, гармон, минет, 
секөнт, шетбертек, кір, лот дегендер хатқа түскен. Ал Абай, 
Ыбырай тілдеріндегі орыс сөздері туралы арнайы еңбектерде 
көрсетіліп, айтылып келеді. Бұл сөздердің барлығы дерлік – 
жазба әдебиет арқылы енгендер және басым көпшілігі қазақ 
тіліне XIX ғасырдың II жартысында қосылғандар.
3) Женский родтағы сөздердің а деген соңғы дыбысы 
(окончаниесі) көбінесе түсіріліп алынған: минөт/минут, фа-
брик, награт.
4) -ка дыбыстарына аяқталатын орыс сөздерінің соңы 
көбінесе -ке түрінде айтылып, жазылған: кәтелешке, землеңке/
зілмәңке, бөтелке, румке, іспешке, бөшке, линейке, музике, 
скрипке т.б.
5) Орыс тіліндегі кейбір сын есімдер окончаниесімен
алынып қолданылған. Бұл құбылыс Абайда да, баспасөзде 
де, орыс тілінен аударылатын іс-қағаздарында да, кейде тіпті 
публицистика тілінде де кездеседі: уездный начальник, воен-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет