344
(араб графикасының) қазақ тілі үшін қолайсыздығы, оны-
мен сауат ашудың қиындығы баспасөз бетінде де көтерілді.
Р.Дүйсембаев, Д.Сұлтанғазин, М.Көпеев сияқты қазақ зиялыла-
ры мәселе көтеріп, араб алфавитінде қазақ дауыстыларын түгел
білдіретін таңбалардың жоқтығын, кейбір әріптердің қазақ фо-
нетикасына сай келмейтіндігін, яғни артық және жетіспейтін
таңбалардың бар екендігін, сондықтан бұл жазуды қазақ тіліне
икемдеу қажет, жоқ таңбаларды қосып, артықтарын алып та-
стау сияқты жұмыстар жүргізу керек деген ұсыныстар айтты
217
.
Бұл – қазақ жазуы үшін қолайлы графика таңдау жөніндегі
екінші түрлі
пікір болды, ол араб жазуын икемдеу идеясын
ұсынды. Кейін бұл идеяны XX ғасырдың басында Ахмет
Байтұрсынов жүзеге асырды. Орыс графикасымен бірнеше
кітап, сөздіктер шыққанмен, бұл үкімет тарапынан ресми түрде
қабылданған жазу болмады
218
, сондықтан
бұл да қазақ тіліне
лайықталып түзілген ұлттық алфавит түрінде қолданылмады.
Әр кітап әрқилы белгілерді пайдаланды. Жалпы орыс графи-
касын қазақ жазуында екі түрлі сипатта қолданды: біреулер
(мысалы, Ыбырай, Ильминский, Лютштер) орыс алфавитін
өзгеріссіз қолданды, қазақ тіліне
тән дыбыстар орыс әріп-
терімен берілді, екінші тобы (миссионерлік кітаптар, 1897
жылғы календарь т.т.) қазақтың кейбір арнайы дыбыстарын
білдіретін қосымша таңбалар енгізді:
ä (
ә үшін),
ö/ө/, ÿ/ү/, н’ (
н
әрпінің оң жақ шекесіне кішкене сызықша қойылды).
Қазақтар үшін қолданған жаңа жазудың мұндай ала-құлалы-
ғы қолайсыздық тудыратыны, қазақ сөздерін фонетикалық
тұрғыдан дұрыс тануға кеселдік келтіретіні сол кездің өзінде-
ақ әңгіме болды. Мысалы, В.Григорьев Н.И.Ильминскийдің
жазуының ыңғайсыз жағын көрсетіп, өз таңбаларын ұсынды
219
.
П.М.Мелиоранский Г.Лютштің
транскрипциясын сынады,
оның қазақ тілінің дыбыстық сыпатына сай еместігін айт-
217
Дүйсембаев Р. Харіп турасының сөзі //Дала уалаятының газеті. - 1897. - №10;
СұлтанғазинД. Қазақ сөзін қалайша жазу турасы //Сонда, 1899. - №22, 23.
218
Ол жөнінде толығырақ біздің қазақ тілінің революциядан бұрынғы кезеңде
зерттелуіне арналған мақаламыздан танысуға болады:
Сыздыкова Р. Изучение
казахского языка в дооктябрьский период //Развитие казахского советского
языкознания.
- Алма-Ата, 1980. - С. 3.
219
Григорьев В. В передаче звуков киргизского языка буквами русского алфавита //
Учение записки Казанского университета. - Вып. ІІ. - 1862.
345
ты.
220
Бірақ мәселе осыдан арыға бармады, шешілмеді. Оған,
бір жағынан, қазақ жазуы үшін орыс алфавитінің ресми түрде
қабылданбағандығы себеп болса, екіншіден, қазақтың ұлттық
оқу-ағарту, білім-ғылым мәселелерімен шұғылданатын ғылы-
ми не ресми мекеме, ғылыми-зерттеу институты, университет
кафедралары сияқты орталықтардың жоқтығы болды. Қазақ
жазуын (қай графикада болса да), жазу сауаттылығын (емле,
пунктуация ережелерін) реттеу ісі ешбір ғылым-білім орында-
рына не жеке адамдарға ешкімнің тарапынан жүктелмеді, оған
қажет алғышарттар әлі жоқ болатын.
Бұл кезеңде тек графика емес, қазақша сауатты жазу мәселесі
де қозғалды. Оның ішінде орыс тілінен көптеп еніп жатқан
сөздерді түпнұсқаға жуықтатып жазу ұсынысы қойылды. Мы-
салы, Д.Сұлтанғазин
жандарал, жанарал, генерал болып ай-
тылып-жазылып жүрген варианттардың соңғысын жазу керек,
өйткені қазақтар үшін ол да түсінікті дейді («Дала уалаяты
газетінің» 1894 жылғы 27-нөмірінде жарияланған,
жоғарыда
көрсетілген мақаласында). Орыс графикасымен шыққан кітап-
тар русизмдердің бұрыннан ауызекі сөйлеу тілінде өзгеріп
қалыптасқандарынан басқа жаңадан еніп жатқандарын орыс-
ша тұлғасында жазған. Бірақ бұл да – көтерілгенмен, түбегейлі
шешілмей қалған мәселелердің бірі болды, әр кітапта, әр басы-
лымда орыс сөздері әрқилы жазылды.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің жазылуы жайында
да сөз болып отырды. Олардың халық тіліне сіңгендерін түп-
нұсқаға жуықтатпай жазу, қалғандарын өзгертпей жазу прин-
ципін қолдаған пікірлер айтылды (Рамазанұғлы Мухамедзекір
Зайсаннан хат //Дала уалаятының газеті. - 1890. - С.23; Д.Сұл-
танғазин Біздің қазақ тілі турасында бес-алты ауыз сөз // Сон-
да, 1890. - № 6 және осы автордың «Қазақ тілінше жазу тура-
дан» деген мақаласы. – Сонда, 1896. - 31-б. т.б.).
Сауатты жазуға қатысты көтерілген екінші мәселе – ты-
ныс белгілерін пайдалану жайында болды. XIX ғасырдың
екінші жартысында баяғыша араб жазуы пунктуация дегенді
көп білмейтін. Қазақ жазбалары да осы тәртіптен шыға алма-
220
Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак- киргизского языка. - Ч. I. - СПб:,
1894. - С. 5.
346
ды. Бірақ заман ыңғайына сай жазба дүниелердің неғұрлым
көпшілікке түсінікті, сауатты, мәдениетті болуын талап ету –
занды құбылыс. Сондықтан қазақтардың
өздері араб жазуы-
мен берілген мәтіндерде әртүрлі тыныс белгілері қолданылуы
керек деген пікірлер білдіре бастайды. Бұл мәселеге алдымен
мән берген – «Дала уалаяты газеті» болды. Ол 1896 жылғы 41-
47 нөмірлерінде қазақ жазуына тыныс белгілерін қолдану тура-
лы хабарлама (ереже) жариялады. Бірақ бұл да – тек бастама,
ізгі ниет сипатында болды, ешбір ресми орын бұл ережелерді
қолдануға ешкімді міндеттемеді. Сондықтан да арабша шыққан
қазақ жазбаларында сөйлем жіктерін ажыратып, жұлдызша,
сызықша сияқты белгілермен газеттердің кейінгі жылдардағы
нөмірлерінде қолданылған тыныс белгілері болмаса, бүл ере-
желер жүйелі түрде қолданылмады.
Сөйтіп, қазақ халқының ұлттық жазу жасау және жазу
мәдениетін көтеру сияқты іс-әрекеттері XIX ғасырдың II
жартысында
басталып, қазіргі біздің тіл, жазу тәжірибемізге
ұласты деп айтуға әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: