337
град, минут, секунд, почта, шот, жәмшік, магазин, доктор,
штат сияқты орыс сөздері қазақ тілінде қолданылу тари-
хын өткен ғасырлардан бастағаны осы сөздіктерден көрінеді.
Қазірде орнықпаған
боблық – публикация,
земтемір – земле-
мер,
кінеге – книга,
мүлиеншік – миллионер,
кірен – граница,
задетка – задаток,
көкпараз – купорос,
мұнанай – меновой двор
сияқты сөздердің қазақ тілінде бір кезде қолданылғандығын да
жоғарыдағы сөздіктер білдіреді.
5. Біздің байқауымызша, бұрынғы екі тілдік сөздік авторла-
ры тек регистраторлық емес, ішінара шығармашылық қызмет
те атқарған тәрізді. Бұған бірінші дәлел – бұл авторлар әсіресе
жаңа ұғымдардың атауларын беруге ұмтылады, ол үшін кейбір
жасанды жаңа сөздерді ұсынады. Мысалы, мектепте бола-
тын
дежурный-ды
кезу/кезі деп береді (қазірде
кезекші), уче-
ный дегенді
оқымыс, сочинитель, автор –
кінеге жазушы,
шығарушы, товарищество –
ептестік, құрама – совет, со-
брание людей. Екінші факт – түбірлес
сөздерді мағынасына
қарап айырып жіктеу әрекеті байқалады. Мысалы, 1897 жылғы
сөздікте
жиналыс – собрание, вообще съезд,
жиын – собра-
ние народа (по случаю поминок),
бастық – начальник,
басшы
– вожак,
білік, білім – знание,
білімдік – премудрость,
өнербет
– искуссный,
өнерші(л) – ремесленник,
нажағай – зарница,
найзағай – молния. Бұлар көп емес, өте аз. Дегенмен сол аздың
өзі – қазақ тілі лексикалық кұрамының даму процесін таныта-
тын фактілердің бірі.
6. Екі тілдік сөздіктерден қазірде қолданылмайтын неме-
се жергілікті ерекшелік ретінде табылатын бірқатар сөздер
мен тіркестердің мағынасын біле аламыз. Ал кейбіреулерінің
өткен ғасырларда қазіргіден өзгеше ұтымды білдіргенін де осы
сөздіктерден көруге болады. Мысалы, бір ғана А.Старческийдің
сөздігінде:
«айбана – наказание за воровство, когда изобличен-
ный в воровстве возвращает трижды девять за украденное;
ау-
дандау – подготовить дело настолько, что немного остается до-
кончить;
жазушы – писец, гражданский чиновник;
жарылғас
–
высочайшая награда;
жортуыл – предполагаемая добыча;
көмбе – зарытое имущество (при перекочевке с зимовок неко-
торые вещи зарываются);
құлақ, сүйінші – вознаграждение до-
338
казчика;
сара қайсақ (сарқазақ) – степные казахи, так называют
себя сами киргизы;
сасығыт – поймавший вора с поличным
имеет право отобрать от него все, кроме рубахи с подштанни-
ком. Эта добыча называется
сасығыт. Он должен представить
вора к бию. Если вор убежит, то не имеет право на сасыгыт, не
может требовать сүйінші, если докажет на вора, если же нет,
то подвергается ответственности сам;
шоқыншық – новокре-
щенный.
7.
Әңгіме етіп отырған сөздіктердің барлығына тән ортақ
белгінің бірі – оларда қазақ
тілінің сөз байлығын реттеуші,
нормалаушы сипатының болмауы. Әдетте, лексикографияның,
әсіресе қазіргі әр алуан сөздіктердің басты міндетінің бірі
– әдеби тіл нормаларын беркітіп, жалпы тіл мәдениетін
көтеруге көмектесу екендігі белгілі. Ол үшін
сөздікке енетін
реестр сөздер мен тіркестер сұрыпталып, таңдалып алына-
ды. Көрсетілген дексикографиялық еңбектерде бұл принцип
жоқ.
Іріктеу жоқ, қолға түскен материалды енгізу бар. Егер
кейбіреулерінде біраз сөздер бірдей түсіп отырса, ол сол
сөздерді тұрақтандыру, нормаға айналдыру мақсатымен болған
іс-әрекет емес, бірінің материалын келесісі пайдаланғандық
қана. Тілдің сөздік байлығын ортақ әдеби нормаға келтіру
мақсаты көзделінбегендіктен,
бұл сөздіктерде не стильдік,
не өзге
көрсеткіш-белгілер жоқ. Мысалы, сөз диалектизм
бе, қарапайым ауызекі сөйлеу тіліне тән ғана элемент пе,
мағынасы күңгірт көне сөз бе, енді қолданыла бастаған жаңа
сөз бе – бұлардың ешқайсысы көрсетілмеген. Сондықтан Таш-
кентте шыққан сөздіктер де (Воскресенскийдің, Букиннің
сөздіктерінде) оңтүстік қазақтарына
тән жергілікті сөздерді
былай қойғанда, өзбек, парсы әдеби тілдерінің әсерімен
сөздікке енгізілген
масхарабас (актер),
кәтте орыс мулла-
Достарыңызбен бөлісу: