65
бірақ оғыз тілінің әсері мен қараханидтік әдеби тіл дәстүріне
ұрынған деген Ә.Нәжіптің тұжырымын қостайды
70
.
Әдеби тілдік белгінің бірі – бейнелі және тұрақты фразео-
логизмдердің дәстүрлі мол қоры болса, бұл жөнінен «Хосрау
уа Ширин» мәтініндегі:
авара қыл (әуре қыл-),
ай йуз, ант
іч-, ат қоймақ (ат қою, жолға шығу),
ачы сөзлүк, бағры күйді,
бағырын тілді, бел бағлады, бойнын үзді (өлтірді),
еліг тұт-
(қол беру, мақұлдау),
жан берді, жандан кечті, жаны ұчты,
йаман ат (жаманат),
йар болды, йеріне йеткүрді, йол тартты,
йүзіні йыртты, йүрәкін қан қылды, күні туғды (күні туды),
көңлі тарықты, қадғу йұтты (қайғы жұтты),
қан төкті,
қол қувшурды, құлақ тұтты, көңүлгә от салды, сүчүк тілліг
(тәтті тілді),
түн қатты, тілі ачығ (тілі ащы),
тілі татлығ,
чічәктек солды (гүлдей солды),
екі сөзлүг, ічі күйді, ічінгә от
түшті сияқты тұрақты тіркестер халық тілінде өте әріден
келе жатқандығын, бұлардың қазіргі тілдерде (мысалы, қазақ
тілінде) жалғасын тапқаңдығын көреміз.
Сондай-ақ мағыналары жағынан бір-біріне жуыспайтын
сөздерді тіркестіріп, образды фразеологизмдер жасау да әдеби
тілдің
бір тәсілі болса, олардың қазақ тіліндегі
сынық көңіл,
көңіл құсы, көңілдің айнасы, ақыл тізігіні сияқты типтерін де
Құтб дастанынан табамыз:
біліг қамчысыны елга алыб (білім
қамшысын қолға алып),
бағырдан суғарыб бу жан бағыны (ба-
уырдан суарып бұл жанның бағын) т.т.
«
Мухаббатнама» – Алтын Орда дәуіріндегі XIV ғасырдың
ескерткіші (1353 ж. жазылған). Ол Орта Азияда көп тараған.
Авторының лақап аты – Хорезми. Дастанды АН.Самойлович,
А.М.Щербак, Ә.Нәжіп және өзбек ғалымдары С.Касимов,
Н.Маллаевтар зерттеді. Ә.Нәжіп транскрипциялап тексін жа-
риялады, орыс тіліне аударды
71
.
Поэма тілінің негізі – Алтын Орда қыпшақтарының тілі.
Қазақ әдебиетшісі Б.Кенжебаев бұл дастанды Орта Азия мен
Қазақстандағы түркі тілдес халықтарға ортақ мұра деп тани-
ды
72
.
70
Ибатов А. Құтбтың «Хұсрау уа Шірін» поэмасының сөздігі. - Алматы, 1974. -
14-б.
71
Xорезми. Мухаббатнаме. - М., 1961.
72
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері.
- Алматы, 1975.
66
Дастан атының өзі айтып тұрғандай, ғашық жастардың
сезімдерін, ойларын, айтар сөздерін баяндайды. Бұл поэма
қазақ лиро-эпостарымен үндес түседі. Дастанның 11 буынды,
екі тармақты өлең тәсілімен берілуі де қазақтың 11
буынды
өлеңдеріне ұқсайды. Мұндағы көптеген элементтердің
(қылдай
бел, толған ай, татлы сөз), теңеулердің, антитезалардың қа-
зақтың көркемсөзінде де орын алатындығы әдеби тіл дәстү-
ріміздің бастау көздерінің бірін танытады.
Сейф Сараидың
«Гүлстан» поэмасы да – ХIV ғасыр ескерт-
кіштерінің бірі. Өзге түркі тілдері сияқты, қазақ әдеби тілінің
де арналарын тануда орны айрықша туынды. Тілі жағынан
«Мухаббатнамеге» жақындайды. Мұнда «Хосрау уа Ширинға»
қарағанда, архаизмдер аз кездеседі. Бұл ескерткішті терең
зерттеген ғалым Ә.Нәжіп оның тілінің негізгі қабаты қып-
шақтық, сонымен қатар мұнда оғыз-түрікмен
элементтері де
орын алған деп түйеді. Бұл ғалымның осы поэманың тілі бой-
ынша салыстырмалы-тарихи жүйеде жасаған сөздігіне көз
салсақ, дастанның лексика қазынасындағы мағынасы әрі тұл-
ғасы жағынан қазақ тілінен табылатын көптеген эквивалент-
тері бар екенін көреміз:
аш қарынға, арымақ, артынша,
азғунлық, асырамақ, есірүк, қашұқ, шөмүш т.б. Ә.Нәжіптің
зерттеуіне қарағанда, қыпшақ тілінде жазылып, оғыз тілдерінің
әсеріне ұшыраған ескерткіштердің
және біреуі Әли деген
автордың «
Жүсіп-Злиха» поэмасы. Ал Дүрбектің «
Жүсіп-
Достарыңызбен бөлісу: