67
Т.Арынов мынадай пікір айтады: «Аттуһфаның» лексикалық
тұлғасы басқа ешбір тілде дәл қазақ тіліндегідей өзгеріссіз
сақталмаған, мұндағы сөздердің үштен
бірі қазіргі қазақ
тілінде сол күйінде кездеседі, ескерткіш тілінің фонетикалық
ерекшеліктері қазіргі қазақ әдеби тілінің фонетикасымен бірдей
келеді:
тау (тағ емес),
шөлмек (чөлмәк емес),
шыбын (чыбын
емес),
шүберек (чүперек емес). Т.Арынов «Аттуһфаны» көне
(ескі) қазақ тілінде жазылған тұңғыш ескерткіш деп қарауға
болады деген пікірге келеді
73
.
Әрине, белгілі бір сөздердің
немесе тұлғалардың ескерт-
кіштер тілі мен қазіргі түркі тілдерінің анасында не мына-
сында болу-болмауы сол тілді иемденген халықтың мұрасы
болатындығын бірден-бір дәлелдей алмайды.
Дегенмен XII-
XIV ғасырлардағы жоғарыда көрсетілген ескерткіштер қазақ
әдеби тілінің ауызша да, жазба да түрлеріне
әсерін тигіз-
ген, кейбір тілдік және көркемдік модельдерді ұсынған көздер
екендігіне күмән болмасқа керек. Айталық, бұл ескерткіштер-
ден діни және абстракт ұғымдарды беруде араб, парсы
тілдеріне
иек арту; осы тілдердің есім сөздеріне түркілік
көмекші етістіктерді тіркеп, күрделі етістік жасау амалы, түркі
мен араб-парсы, түркі мен монғол, араб пен парсы тілдерінің
бір мағынадағы сөздерін қосақтап жұмсау (бірін екіншісінің
түсіндірмесі, толықтамасы, дәлелдемесі ретінде қатар келтіру)
тәсілі, халық тіліндегі тұрақты эпитет,
теңеулерді еркін
қолдану, олардың модельдерін пайдалану – осылардың барша-
сында көне және орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштерінің
тілі, көркемдік дүниесі қазақ әдеби тілінің бастауынан, қайнар
көзінен хабар береді.
73
Арынов Т. Китаб «Аттуһфа уз-закийа фил-лугат ит- туркийа» лексикасы туралы
бірер сөз //Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. - Алматы, 1981.
- 168-169-б.