Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет29/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

ІІ ТАРАУ
_________________________
ХV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
§1. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ қауымына
қызмет еткен тілдің сипаттары
XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының мәдени-рухани 
өмірінде жаңа құрала бастаған халықтың сөйлеу тілі мен 
қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан по-
эзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған әдеби тіл қызмет 
етті. Ол, негізінен, поэзия түріндегі көркем әдебиет пен ауыз- 
ша жүргізілетін дау-билік саласында (шешендік сөздерде) 
көрінді. Сонымен қатар хан жарлықтары, өзге елдермен
арадағы қарым-қатынас қағаздары, тарихи шежірелер сияқты 
жазба дүниелердің қажетін ортаазиялық түркі әдеби дәс- 
түріне негізделген қазақтың ескі жазба тілі өтеп отырды. 
Қазақ хандарының канцеляриясы ресми хат-хабарларын, іс-
қағаздарын, үкім-жарлықтарын осы тілде жүргізді. Қазақ 
елінде орта ғасырлар шамасынан бергі жерде шежірелер жа-
зылып, ол шежірелер көбінесе би, сұлтан, ру басы үйлерінде 
сақталған. Бұл жазба дәстүр бірте-бірте қазақтың өз жазба 
тіл машығына айналды. Қазақтың жалайыр руынан шыққан 
Қадырғали Қосымұлы сияқты тарихшысының шығармасы да 
қазақтың ескі жазба тілінде жазылған.
Бұл жерде XV-XVII ғасырлардағы қазақтың төл әдеби тілі 
деген мәселе принципті түрде қойылып отыр, өйткені бірқа- 
тар ғалымдар бұл дәуірлерде қазақтың әдеби тілі болды дегенді 
мақұлдамайды, себебі әдеби тілді танытатын әдебиеттің
басын XVIII ғасырдан, Бұхар жыраудан бастайды. Демек, бұл 
концепция бойынша XVIII ғасырға дейінгі көркемсөз үлгі- 
лері ауыз әдебиеті мұрасына жатқызылады да олардың тілі 
«әдеби тіл» категориясынан тыс қалдырылады. Бұл тұжы- 
рымды әсіресе кейбір әдебиетшілер қолдайды. Мысалы, қазақ 
әдебиетінің ғылыми курсын жазғандар XV-XVII ғасырлар 
қазақ мәдениетінің жыраулар танылған тұсы екендігін, қазақ 


69
жырауларының жалпы түркі тайпаларының ауыз әдебиетінен 
бөлініп, дараланып шыққан кезі екендігін айтады. Сөйте тұра, 
олар бұл кезеңдердегі қазақ жырауларының әрқайсысының 
өздері қалаған жанрлары, тақырыптары қандай болғанын
өзіндік қолтаңбаларын айырып тану материалдың аздығынан 
өте қиын, оның үстіне ондай ерекшеліктер жоққа тән, бар ма-
териалдар фольклордағы дидактикалық-тұрмыстық жырлар 
мен арнау, қоштасу, өсиет сияқты ертеден келе жатқан ауыз 
әдебиетімен кіндіктес жанрдың туындылары деп табады
74
.
Ал біздің XV-ХVII ғасырларда қазақтың ауызша дамыған 
төл әдеби тілі болды деген тұжырымға келуімізге материалдық 
негіз бар. Ең алдымен, соңғы 30-40 жылдың ішінде ілгергі 
ғасырлардағы қазақ поэзиясы туралы ғылыми зерттеулер 
жүргізіліп, лингвистикалық нұсқа болатын материалдар 
(мәтіндер) жиналды
75
. Бүл мәтіндер «XVIII-ХIX ғасырлардағы 
қазақ ақындарының шығармалары» (1965), «Ертедегі әде- 
биет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «XV-ХVIII ғасыр- 
лардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Ақберен» (1972), «Ел аузы-
нан» (1985), «Боздағым» (1990), «Бес ғасыр жырлайды» (1984-
1985) атты кітаптарда басылып, көпшілік назарына ұыныл- 
ды. Сонымен қатар кейінгі жылдарда мерзімді баспасөз 
беттерінде де ертеде өткен қазақтың ақын-жыраулары туралы 
пікірлер мен жаңа деректер, олардың кейін табылған мәтіндері 
үздіксіз жарияланып келеді. Осылардың барлығы – бұдан төрт-
бес ғасыр бұрын болған қазақ көркем әдебиеті үлгілерінің 
өзіне назар аударта түскенін және ол нұсқалардың әр тұрғыдан 
зерттеле бастағанын көрсететін фактілер.
Соңғы жылдардағы (сілтемеде көрсетілген) зерттеулерде 
әдебиеттанушылар XV-ХVII ғасырларда жасап өткен қазақ сөз 
шеберлерінің есімдерін тауып, шығармаларын талдаса, тіл ма-
74
История казахской литературы. В 3-х томах. - Алма-Ата, 1979. - Т. ІІ. - С. 29.
75
Мағауин М. Әдебиетіміздің тарихы әріде жатыр // Жұлдыз. - 1966. - № 1;
Қадим заман куәгері //Алдаспан. - Алматы, 1971; Қобыз сарыны. - Алматы, 1968; 
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері. - Алматы, 1968; Өмірәлиев Қ. 
XV-XIX ғғ. қазақ поэзиясы. - Алматы, 1976; Дербісалин Ә. XV-XVIII ғасырлардағы 
қазақ поэзиясы. - Алматы, 1982; Сыздықова Р. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби 
тілінің тарихы. - Алматы, 1984; Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы, 1991; 
Жолдасбеков М. Асыл арналар. - Алматы, 1990; Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы 
мен даму жолдары. Алматы, 1981 т.б.


70
мандары сол үлгілердің жанрлық-стильдік сипаттарын, лекси-
касы мен фразеологиясын, өлең құрылысын сөз етеді
76
.
Бұлар – сөз жоқ, алғашқы қадамдар, тұңғыш ізденістер
кей тұстарда тіпті топшылаулар деуге болады. Бұл ізденістер 
сонымен қатар нақты талдаулар, материалдың өзін сөйлету 
әрекеттері болып та келеді. Сондықтан бұл зерттеулер өздерінің 
сонылығымен, нақтылығымен және теориялық негіздерімен 
ұтымды. Әрине, ілгергі дәуірлерден ауызша жеткен қазақ 
көркем туындыларын әрі қарай іздестіре беру, жиналғандарына 
текстологиялық жұмыстар жүргізу, стильдік-тілдік жағынан 
жан-жақты талдаулар жасау – қазақ филологтері мен тіл 
мамандарының міндеттері.
Ал жазба тіл үлгілеріне келсек, бұл салада да азды-көпті 
зерттеулер мен айтылған пікірлер бар. Орта ғасырлардағы 
түркі әдеби тілінің қазақ халқын құраған ру-тайпалар тіліне де 
ортақ екенін, «шағатай тілі» деп аталған жазба дәстүрді қазақ 
қауымы да өз қажетіне жарата білгенін тіл мамандарының 
көпшілігі-ақ айтып келеді
77
. Жоғарыда аталған Қадырғали 
Жалайыридың тарихи шығармасын танып-талдау үстінде 
қазақ туындысы пайдаланған жазба тіл мөселесі көтерілді 
(Ә.Марғұлан, Қ.Жүнісбаев, Е.Масанов, Т.Қордабаев, Р.Сыз- 
дықова т.б.)
78
. XVI-XIX ғасырлардағы қазақтың хан, сұлтан, 
тархан, старшиналарының Ресей үкіметіне немесе бір-біріне 
жазысқан ресми қағаздары мен хаттарының және әкімшілік 
орындарының үкім-жарлықтарының мәтіндері де әр тұста сөз 
болып, олардың тілдері жөнінде айтылған пікірлерде қазақтар 
қолданған жазба тіл мәселесі күн тәртібінде тұрды
79
.
76
Өмірәлив Қ. Көрсетілген кітабы және Сыздықова Р. XV- XVII ғасырлардағы қазақ 
көркем әдебиеті тілінің лексикасы жайында//Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен 
даму жолдары. - Алматы, 1981. - 60-86-б.
77
Мусабаев Г. Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1959. - С. 107-117; 
Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка//Советский 
Казахстан. - 1955. - №9. - С. 127; Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. - Алматы, 
1965. - 8-16-б.
78 
Қордабаев Т., Томанов М.. Тарихи грамматика мәселелері. - Алматы, 1975. - 3-48-
б; Сыздықова Р. Г. Язык «Жами‘ ат-тауарих» Жалаири. - Алма-Ата, 1989.
79
Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері..; Сыздықова Р. ХVІІІ ғасырдың 
II жартысындағы эпистолярлық документтердің тілі // Қазақ әдеби тілінің тарихы. - 
Алматы, 1968. 28-35-б.; Әбілқасымов Б. ХІХ ғ. II жартысындағы қазақ әдеби тілі. - 
Алматы, 1982. 97-115-б., Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және 
оның жылнамалар жинағы. - Алматы, 1991.


71
Сөйтіп, әдеби тіл статусын тарих көшінің барлық кезегінде 
тек жазуға байланыстыра анықтауға болмайды. Сол тілді та-
нытатын үлгілердің әлеуметтік жүгі, барлық нұсқаларға 
біршама ортақтығы, тілдік-көркемдік нормаларының болуы 
(«қырланған, өңделген, сұрыпталған сипатының» болуы) – 
осылардың баршасы қоғамға белгілі бір дәуірде қызмет еткен 
тілдің категориясын айқындайды, даму сатысын көрсетеді. 
Осы тұрғыдан келгенде, бізде ауызша сақталып, там-тұмдап 
жеткен ескерткіштердің тілін әдеби тіл болды деп табамыз. Со-
нымен қатар XV-ХVII ғасырларда қазақта жазба тіл дәстүрі де 
орын алды деген тұжырымды ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет