Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет4/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

Мұқанов С. Абай – халық ақыны //Әдебиет майданы. - 1957. - № 4. - 78-б. 
18
Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімі проблемалары. – Алматы, 1982. - 71-б.
19
Сонда, 71-б.


12
барша саласына түгел қызмет етуі – занды шарттар. Ал бұл 
шарттарға қазақ топырағында қызмет еткен әдеби тілдер 
әрдайым барлық дәуірлерде бірдей жауап бере алмаған. Және 
әдеби болуы үшін бұл белгілердің түгел болуы міндетті де 
емес, мүмкін де емес.
Әдеби тілді зерттеу үшін сол халықтың рухани-мәдени 
дүниесінің тарихымен жақсы танысу қажет. Көптеген халық- 
тардың тарихында оның әдеби тілінің қалыптасып, дамуы 
көркем әдебиетінің, оның ішінде поэзиясының бары мен бары-
сына тікелей қатысты болып келетінін бүгінгі тілтану теория- 
сы мақұлдайды. Демек, белгілі бір кезендердегі көркем әде- 
биетті қалай танимыз, соған орай оның тілін де анықтауға 
тиіспіз. Осы жағынан келгенде, кейбір әдебиет зерттеушілері- 
мен келіспейтін жерлеріміз бар. Қазақ әдебиеті тарихының I 
томын жазушылар Абайға дейінгі қазақ поэзиясын әдебиетке 
(«литература»дегенге) қоспайды, оларды «халық өлендері» 
(«народные песни») деп табады да ақын-жырауларды «өлең- 
шілер» («песенники») деп атайды
20
. Бұл жерде «әдебиет» де-
генге тек жазба әдебиетті жатқызу принципі тұрғанын байқау 
қиын емес. Ол – әрине, әдебиетшілердің өз ісі, қай терминді 
қалайша саралап қолданады, ол – өз ықтиярлары. Бірақ мұның 
ғылымның өзге салаларын шатастыратын бір жағы бар: егер 
XIX ғасырдың II жартысына дейін бірнеше ғасыр бойы жасап 
келген қазақтың көлемі жағынан мол, сипаты жағынан ерекше 
(өзге түркі халықтарымен салыстырғанда), көркемдігі жағы- 
нан күшті әдеби дүниесі – ақын-жыраулар шығармашылығы 
шын мәнінде әдебиет санатына қосылмаса, оның тілі де әдеби 
тілге жатпауға тиіс. Егер олар «халық өлендері» ғана бол-
са, тілі де халық мұрасы – ауыз әдебиеті тілімен бір болуға 
керек. Логикалық байлам осыған саяды, бірақ бұл байламға 
келіспеуге тура келеді.
Ең алдымен, қазақ дүниесіне келгенде, оның бірнеше 
ғасырлық ақын-жыраулар поэзиясын әдебиет деп тану керек, 
яғни «әдебиет» терминін Еуропа мен орыс филологиясы қалай 
таныса, біздің де солай тануымыз – шарт емес. Ал бұларша 
бұлжытпай тануымыз «ұлттық әдеби тілдің қалыптасуындағы 
20
История казахской литературы. - Т. I. - Алма-Ата, 1968.


13
көркем әдебиеттің рөлі және оған қатысты тіл дәстүрі жайын- 
дағы мәселелер өте күрделі, оның үстіне барлық тілге ортақ жал-
пы бағыт-бағдардың болуына қарамастан, жеке әдеби тілдердің 
тарихында олардың өздеріне ғана тән даму ерекшеліктері 
орын алады»
21
деген дұрыс пікірлерді ескермеушілік болар еді. 
«Әдебиет» («литература») деген сөздің түп-төркінінде «лите-
ра» («әріп»), демек, «жазу» мағынасы болғанымен, бұл сөздің 
терминдік мәні Еуропа мен орыс мәдениетінің өзінде сан 
рет құбылып қолданылып келгенін білеміз. Сондықтан қазір 
«литература» сөзі о бастағы мағынасын қайткенде де сақтап 
қолданылуы шарт болмаса керек. Егер біз «әдебиет» сөзіне 
тек жазба түрде емес, өзгеше жолмен де өмір сүріп келген, 
біздің дәуірімізге дейін түбегейлі өзгермей, жоғалмай жеткен 
көркемсөз деген ұғым беретін болсақ және оны ауыз әдебиеті 
мұрасынан бөліп қарайтын болсақ, оның тілін де фольклор 
тілінен бөлек сапада деп тануға тиіспіз. Бұлайша бөліп тануға 
негіз болатын мынадай белгілер бар.
1. Халық ауыз әдебиеті авторсыз дүние екені мәлім, ал 
ақын-жыраулар шығармашылығы – иелері бар мұралар және
ең маңыздысы, әр автордың шығармалары өзінің құрылым 
бітімі (композициясы), мазмұны (тақырыбы), идеясы, көркем- 
деу тәсілдері жағынан бір-бірінен ажыратылып тұрады, демек, 
ақын-жырауларда даралық шығармашылық сипаты бар, ал бұл 
сипат – әдебиетке тән басты белгінің бірі.
2. Халық ауыз әдебиеті тіліне, әсіресе оның эпос сияқты
кесек шығармаларына көптеген дәстүрлі образдар, бір шығар- 
мадан екіншілеріне көшіп отыратын дайын қалыптар (кли-
ше дегендер), жеке сөздер мен фразеологизмдер ортақ болып 
келеді, олар біріне-бірі ауысып та жүреді. Ал ақын-жыраулар 
тілінде мұндай ортақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу 
кездеседі, бірақ олар мұнда да бар. Бар болу себебі мынада: 
біріншіден, ақын-жыраулар тілінің негізгі көзі – ауыз әдебиеті 
тілі, соның лексикалық-көркемдік қазынасы. Екіншіден, ав-
торлы әдебиеттің ауызша таралып, ауызша сақталуының 
нәтижесінде әр алуан қоспалардың болуы әбден ықтимал. 
Бірақ айырмашылығы да бар: фольклор тілінде стереотип фор-
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет