173
айтулары да мүмкін:
ған+соң мен
-ғасын форматтары не
өлең өлшеміне, не ұйқасқа келгенде бірдей түседі,
олардың
қайсысын келтіріп жырласа да, өзгеріс болмайды.
XVIII ғасырдың әдеби үлгілері тілінде
-лық - тан басқа
-
лы, -
сыз, -шы, -қ/-ақ/-ек, -
шылық/- шілік, -
тай/тей, -кер/-гер,
- еген, -
улы, -шік, -
шіл, -
дас/- дес, -ша жұрнақты сөздер бар.
Бірақ олардың қолданылу аялары тарлау. Мысалы,
-шылық
жұрнағымен келген сөз бірер ғана:
кемшілік. Бұл кезде әлі де
тіршілік, адамгершілік, жоқшылық сөздері
қолданылмайды,
олардың мағынасын
тірлік, кісілік, кедейлік сөздері береді.
-улы жұрнақты
сөздер де аз (жортулы, ерттеулі, жазу-
лы, көмулі). Парсы тілінің сөз жасаушы элементтерінен
-кер,
-гер (жұмыскер, азаткер, жауынгер), -зада (арамзада), -зат
(адамзат) тұлғалары кездесе бастайды.
Бірақ Шал ақынның
қазіргі кезде жарияланып жатқан мұраларында:
Жалшы жа-
уынгер болар деп басылып жүрген өлең жолдарындағы
жау-
ынгер сөзі дұрыс оқылмаған (араб жазуынан)
жәреуке деген
сөз болу керек, өйткені контекске қарағанда, бұл жерде «жа-
лынышты, жалтаң көз» деген мағынадағы
жәреуке сөзі дұрыс
келеді. Бұл сирек жұмсалатын сөз өзге үлгілерде де бар.
Алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, көзге түсетін бір
ерекшелік – есім тудыруда
-у жұрнағының активтене бастауы:
Алланың жазуы, дүниенің өлшеуі т.б.
Грамматикалық
тұлғалардың актив-пассивтігіне, өнімді-
өнімсіздігіне назар аударсақ, әлі де алдыңғы кезеңдердегідей
шаққа бейтарап қимыл-әрекетті білдіруде
-ар жұрнақты есім-
ше тұлғасының қолданылуы актив. Бұл әсіресе жыраулар тіліне
тән. Сонымен бірге осы қызметте
-а+ды тұлғасы да едеуір
орын ала бастайды. Бұл көбінесе 11 буынды өлеңдер тілінде
көзге түседі. Мысалы, Шал ақында: «Жақсы туған жолдасына
болысады, Жаман туған ұрысына
болысады»
. Бұл тармақтарды
-ар жұрнақты тұлғамен де беруге болар еді: соңғы сөз бәрібір
болысат түрінде үш буын болып айтылуға тиіс.
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрін білдіретін
-ман
жұрнақты етістіктің қолданылуы әлі де өте актив, оның
Достарыңызбен бөлісу: