199
тығын сақтаған. Ақынның «Қылығың қылжақ туысқан»
өлеңі де 9 шоғырдан тұрады, бұл туындының тақырыптық-
композициялық құрылысы тіпті қызық: алғашқы шоғыр –
кіріспе: онда, негізгі идея айтылады, ол – өзін қоршаған «бәрі
тегін жертезек» сияқты қылығы «қылжақ туысқан,
қырт пен
мылжың ағайынның» қайсысын таңдап алайын деген күңі-
реніс, келесі шоғырлардың әрқайсысы солардың топ-топ-
тары: «шаруа десе – жиреңдеп, қымыз аңдып қыдырған» ұл,
«аңдығаны мал болған» бай, «шешесін тыңдамай кеткен қыз»,
содан соң осылар құраған заман сипаты – «қайран талай жыл»,
«шарғы соққан із», «ұлғайып пәле қау басып, зая кеткен дәм
мен тұз», «ер шөгіп, есер ер жеткен қайран заман». Бұл –
нағыз профессионалдық сауатты, мәдениетті поэзия үдесінен
шыққан құрылым. Дулаттың көп өлеңі осылайша жазба поэзия
үлгісінде туған.
Көркемсөз дүниесіндегі жаңалықтардың бірі – образдар
саласында. Образ тіл элементтері арқылы жасалады. Соны
образ тілдік тұлғалар мен тәсілдерде өзгерістер мен жаңа-
лықтар әкеледі. Дулат бұл орайда да екі қырынан көрінеді:
бірі – бұрынғы қазақ поэзиясы қолданып, қазақ әдеби тілінде
нормаға айналған материалды еркін және орынды (шебер)
пайдаланған тұста, екіншісі – тың, жаңа сападағы образдарды
ұсынған сәттерінде.
Бірінші орайда Дулат қара қылды қақ жару, арғымақ аттай
аңқылдау,
қыран құстай саңқылдау, көл қорыған қызғыштай,
еңбегі еш, тұзы сор, бел шешпей жорту,
айдын ала ту алып
жауға тию немесе ту ұстап тұлпар жарату, азуын айға білеу
сияқты кәнігі образдарды пайдаланады.
Тіпті кей тармақтарда:
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын
құстай толғанып,
немесе:
Түйені жұтсаң – түгімен
Бәлені жұтсаң – бүгімен...
Алты малта ас қылып,
Сары садақ асынып,
200
Егескен жауды қашырып...
Белін шешіп жатпастан...
Аққудайын таранған,
Өкшесіне қарайған... –
деп, халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі
дайын клишелерді
келтіреді.
Тек поэтикалық образдарды ұсынуда емес, жалпы тұрақты
тіркестер мен дәстүрлі эпитетпен келген тіркестерді пай-
далануда да Дулат, ең алдымен,
өзіне дейінгі қазақ әдеби
тілінің бай қазынасына иек артады. Оның өлеңдерінде орны-
мен жұмсалған:
тұғырдан түсу, шепті бұзу, олжаны ортаға
Достарыңызбен бөлісу: