Әдебиеттер тізімі:
1. Байтұрсынов А. Шығармалары. Ӛлеңдер, аудар-
малар, зерттеулер. Құраст: Ә.Шәріпов, С.Дәуітов. – Алматы:
«Жазушы», 1989 ж. – 320 б.
2. 2015-2016 оқу жылында ҚР-ның жалпы орта білім
беретін
ұйымдарында
ғылым
негіздерін
оқытудың
ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығы
Нҧрдәулет Ақыш,
М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және ӛнер институтының
бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д.
ОҚУЛЫҚ ДАЙЫНДАУДАҒЫ
ЖЕТІЛДІРУ ТЕТІКТЕРІ
Жаңартылған мазмұнындағы бағдарлама бойынша
орта мектептерге арналған қазақ әдебиеті оқулықтарындағы
негізгі ӛзгерістер кӛзге бірден байқалады. Бұрынғыдай емес,
енді қазақ әдебиетінің бастау кӛзі сонау түркі кезеңінде,
яғни, ежелгі дәуірде жатқандығы жекелеген материалдар
40
арқылы нақтыланған. Әр сыныпта осындай ретпен айналып
келіп, бүгінгі кезең әдебиетінің туындылары қамтылады
екен. Былайша алғанда, осы 5-8 сыныптардағы оқу
материалдарын кезеңдік тұрғыдан ұсыну тәсілі спираль
жүйесімен жүзеге асырылған. Оқушы әр оқулықтың басында
ежелгі әдебиет нұсқалары мен ауыз әдебиетінің үлгілерімен
таныса отырып, кезең-кезеңімен әр оқу жылының соңында
бүгінгі заман әдебиеті нұсқаларыннан да хабардар бола
алады.
Қалың жанашыр қауым «Қазақ әдебиеті» оқулығын
жасау барысында, ең алдымен, «Кӛркем мәтін материалдары
қандай принциппен іріктеліп алынады?» деген мәселеге
кеңірек назар аударғаны жӛн. Одан кейінгі орында кӛңілді
алаңдататыны – оқулықтардың әдіснамалық аппараттары,
яғни, сұрақтар мен тапсырмалар, оқушымен бірге жасалатын
басқалай
креативті
жұмыстар
қалай
жүзеге
асырылатындығы.
Сонымен қатар «Әдіснамалық аппараттың ішінде
берілетін теориялық тұжырымдар қандай? Бірізділігі
сақталған ба? Бастапқы қалпы қалай жүзеге асқан?
Сыныптан сыныпқа ӛскен сайын қарапайымнан күрделіге
қарай принципі қалай орындалған?» деген сұрақтардың да
кӛңілді аладататыны сӛзсіз. Бұл ерекше назар аударуды
талап ететін мәселе. Бұл жерде «Қарапайымнан күрделіге
қарай деген принцип қалай жүзеге асырылды?» - деген
әңгіме де маңызды.
Сонымен бірге ӛзекті мәселе – оқулықтардың жазылу
стилі. Бұл бәріне де: жеке берілген кӛркем материалға да,
әдіснамалық аппараттарға да, теориялық тұжырымдарға да
тікелей қатысты. Яғни, мұндайда кӛкейге оралатын
сұрақтардың «Жатық па? Түсінікті ме? Тілі карапайым ба?
Шәкірттің жас шамасына лайықты ма?» болып келуі табиғи.
Оқулық материалдарында, әдіснамалық аппараттарда
кездесетін деректердің нақты фактілер мен тарихи шындыққа
қаншалықты сәйкес келетіндігіне үнемі кӛңіл бӛле
41
бермейміз. Соның салдарынан жарық кӛрген жаңартылған
мазмұндағы оқулықтарда қателіктерге жол берілген.
Оқулықтардың безендірілу жағдайы неге назардан тыс
қалуы тиіс? Ондағы түрлі суреттер, ӛрнектер, жекелеген
штрих-детальдар, графикалық талаптарға және ӛмір
шындығына, берілген кӛркем шығарманың мазмұнына
қаншалықты сай келетіні ескерлуі керек. Шығармалардың
безендірілуі жайында да қысқаша айтып ӛтейік. Ішінара уақыт
шындығына, тарихи кезеңдерге және материалдардағы
деректерге сай келмейтін суреттер кездеседі. Мысал үшін,
Доспамбет жыраудың немесе соғыс кезін бейнелейтін
суреттердегі штрихтарға назар аударыңыз. Негізінде, қай
халықтың әдебиет оқулығы болсын шәкірттерге сол ұлттың
әдебиетінде із қалдырған, тарихында белгілі бір орынға ие, ірі
кӛркемсӛз
шеберлерінің
шығармаларымен,
әдебиет
тарихындағы озық үлгілермен таныстыруды мақсат етеді. Қай
халықтың әдебиеті болса да, ең алдымен ӛздерінің ірі
тұлғалары, кӛрнекті тұлғалары және олардың ең атақты
шығармалары беріліп отырады. Бұл арада тек қазақ әдебиетінің
ғана емес, орыс әдебиетінің жаңартылған мазмұнындағы
шығармаларын және кӛршілес елдердегі жекелеген әдебиетінің
ұлттарына назар салуға артық болмас еді.
Мәселен, орыстарда сонау Жуковский, Пушкин, Толстой,
Достоевский,
Чехов
және
т.б.
ірі
тұлғалардың
шығармаларымен таныстырса, достастық мемлекеттеріндегі
кӛпшілік оқу құралдарындағы материалдардың да іріктелу
қағидалары осы ұстанымды негізге алады екен.
Сонымен
жаңартылған
мазмұндағы
әдебиет
оқулықтарында жоғарыда айтылған оқулық құрастырудың
кейбір қағидалары қаншалықты сақталған? Ғалымдардың,
әдебиеттанушылардың,
ұстаздардың,
жалпы
оқырман
қауымның осы жаңа мазмұндағы оқулықтар туралы
пікірлерінің ішінде кездесетін наразылықтардың бір себебі
осында. Айқын аңғарылатыны, оқулыққа бағыт-бағдар
беретін тиісті құжаттарды жасаушылар халқымыздың асыл
42
қазынасының, жазба әдебиетінің алдыңғы қатарлы үлгілерін,
классиктердің туындыларын енгізуді негізгі мәселе етіп
алмаған. Оқулықтарға кӛркемдігі орташа немесе тіпті тӛмен
дүмбілез шығармалардың екшелместен еніп кетуі осы
сӛзімізге дәлел.
Кӛркем әдебиетке қойылатын тиісті міндеттердің
бағдарламаны жасаушылар және оқулық авторлары, ең
алдымен, тәрбиелік функциясына басымдық берген. Мысалы,
5-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы тарауларының атаулары
«Таза, мінсіз асыл сӛз», «Тәрбиенің қайнар бұлағы»,
«Адамгершілік – асыл қасиет» және «Отбасы құндылықтары»,
ал 6-сыныпта «Туған жерім – аялы алтын бесігім», «Мен –
балаң, жарық күнде сәуле болған кӛрнекті», «Тәуелсіздік –
қасиет тұнған ұлы ұғым» деген атаулардан тек бірыңғай
тәрбиелік мақсатты кӛздегені байқалады. Басқа сыныптардағы
қазақ
әдебиеті
оқулықтары
осындай
қағидамен
құрастырылғаны аңғарылады.
Осы келтірілген тақырыптардан шығатын қорытынды
– оқулық жасаушылар үшін алдыңғы қатарда тұрған
әдебиеттің эстетикалық кӛркемдік табиғаты емес, оның
тәрбиелік, кей жерлерде танымдық функциялары негізге
алынуы тиіс.
Жаңартылған мазмұндағы әдебиет оқулықтарына ескі
әдебиет нұсқаларын енгізу жұмысы аса мұқият іріктеуді кажет
ететінінімәлім. Мысалы, 6-сыныпта «Туған жерім – аялы
алтын бесігім» деп аталатын тарауға Тұран батыры әрі
патшасы «Алып Ер Тұңғаны жоқтау» деген ӛлеңі енгізілген
және бұл қаhарманға сипаттама берілген. Енді осы арада бір
ескертетін нәрсе, осы оқулықтардың
бағдарламасын
жасаушылардың сонау түркі дәуіріндегі, яғни, біздің
эрамыздың жетінші ғасырынан бері кезеңдегі әдебиет
үлгілерін қамтуды мақсат еткені орынды да шығар. Кӛне
дәуірге
сапар
шегу,
сол
замандардағы
жекелеген
шығармаларды ұсыну әдебиетіміздің тарихы тереңде жатыр
дегенді білдіру мақсатынан туындағаны айқын.
43
Бірақ баршамызға мәлім, кӛне дәуірге сапар шегу үшін
оқитын шәкірттің белгілі бір тарихи-танымдық дайындығы
болуы керек. Әлі орта мектепте жүрген оқушының мұндай
дайындығы жоққа тән. Ежелгі түркі дәуірі мен одан бергі
хандық дәуірі арасындағы әдебиетті түсіндіру үшін
мұғалімдердің ӛздері қиналып қалады. Мысалы, 8-сыныпта
әдебиеттің белді ӛкілі болып табылмайтын Қорқыт ата туралы
материалдар беріліп, «Қорқыт ата кітабынан» үзінділер
ұсынылған. А. Ясауидің шығармаларын меңгеру үшін де
әзірілігі жоқ шәкіртке қиын тиетіні анық.
Ежелгі кезеңдерге қатысты тарихи материалдарды,
историзм, архаизм сӛздерді меңгергеннен кейін барып қана
сол дәуірдің әдебиетін ұғуға мүмкіндік туады. Халық
тарихының жекелеген кезеңдерін, историзмге қатысты
ұғымдарды игеріп алмай тұрып, оның әдебиетін қалайша
тереңдетіп оқытуға болады. Жас шәкірт үшін тіптен қиын.
Демек, ешқандай әзірліксіз қазақ халқы әлі қалыптаса
қоймаған түркі дәуір әдебиетін оқыту жауапкершілікті қажет
етпек.
Оның үстіне бұл кезеңде қазақ тілінің әлі толық
қалыптаспағаны, әдеби тілдің белгілері хандық дәуір
кезеңінен бастап қана айқындала бастағаны мәлім. Демек,
мың жылға жуық кезең ішіндегі тілдің даму динамикасын,
ауызекі сӛйлеу нормалары мен әдеби норманың қалыптасу
кезеңін
ескеруге
тура
келеді.
Жалпы
жоғарыда
айтқанымыздай, оқулықтарға, ең бірінші кезекте мейілінше
кӛркемдік талаптарға жауап бере алатын, идеялық түйіні,
айтар ойы, мығым авторлар кӛркем туындылар енгізілуі тиіс.
Осы тұста еске сала кету керек, жаңа мазмұн оқулықтар
жӛнінде пікір білдіріп жатқан кейбір авторлар қазақ әдебиетін
тереңдетіп оқыту керек деген ойларын ортаға салады. Орта
мектеп болғандықтан, менің ойымша, тереңдетіп оқыту шарт
емес. Ӛйткені бұл шәкірттердің барлығы болашақта әдебиет
немесе қазақ тілінің маманы болмауы мүмкін.
44
Жаңартылған мазмұндағы оқулықтардың әдіснамалық
аппаратына келетін болсақ, жекелеген кемшіліктерін
елемесек, ол жағы бірсыпыра дұрыс орындалған деуге
болады. Енді негізінен бұл бағыттағы ескертпелер – сұрақтар
мен тапсырмалардың кейде тым ұзақ боп кетуіне, кейбір
тапсырмалардың оқушы үшін ауыр тиетіндігіне, ішінара
кӛркемдік деңгейі аса мықты емес немесе тілі күрделі
ӛлеңдерді жаттап алуға ұсынуға байланысты. Осы арада
ерекше қаперде болатын нәрсе – жаттауға кез келген ӛлеңнің
жарамайтындығы. Поэзияның шарттарына толық келетін,тілі
түсінікті, кӛркемдігі жоғары, ойы, идеясы айқын ӛлеңдерді
ғана жаттауға ұсыну керек. Кез келген ӛлең оқушының
жаттауына лайық бола бермейді. Ал, айтар ойы екіұшты әрі
буалдыр болып келетін немесе аударма ӛлеңдерді жаттауға
ұсынудың қажеті жоқ.
Жалпы, ортағасырдағы ӛлеңдердің ішінде, жоғарыда
айтқанымыздай, архаизмдер мен историзм сӛздер кӛп
кездеседі. Оның бірсыпырасы қазіргі замандағы шәкірттер
үшін түсініксіз. Сондықтан мұндай ұғымға ауыр тиетін
ӛлеңдерді жаттату не үшін керек?
Оқулықтардағы тӛртінші бір назар аударуды қажет ететін
фактор –мәтіндердің барлық түріндегі сӛйлемдердің дұрыс
құралуы, бірауыз сӛзбен айтқанда, стиль мәселесі. Егер
авторлар ойларын жеткізу барысында күрделі немесе
орашолақ сӛйлемдерді қолданып жатса, онда оқулық
талаптары үшін ауадай қажет айқындылық, нақтылық мақсаты
ӛз деңгейінде орындалмайды.
Сонымен бірге оқулықтардың әр тұсында кездесетін
орфографиялық және пунктуациялық қателерге кӛз жұмып
қарауға болмайды. Бұл бір жағынан ұсақ-түйек кӛрінгенімен,
оқушының сауаттылығын дамыту үшін ӛте қажетті
атрибуттар болып табылатыны сӛзсіз.
Осы
жаңартылған
мазмұндағы
оқулықтардың
материалдары сағат санына сыймайды деген ескертулер
айтылуда. Бұны реттеудің жолы аса қиын да емес, ӛйткені
45
кейбір жӛнсіз ұзақ берілген туындылар мен олардың
әдістемелік аппараттарын, әсіресе кӛне дәуір әдебиетіне
қатысты материалдарды қысқартып тастаса болғаны.
Классикалық
әдебиеттің
ӛкілдері
және
олардың
шығармалары аталмағандықтан, оқулықтарда қазақ әдебиеті,
яғни тӛл әдебиетіміз тиісінше кӛрініс таба алмайды. Жас
шәкірт ең алдымен қазақ әдебиетінің классикалық
туындыларын оқып, үйреніп, сол арқылы эстетикалық сезімін
қалыптастырып ӛсуі тиіс. Ал, ортақол, қалай болса солай
жазыла салған туындылар кӛркемдік-эстетикалық талғамды,
обьективті қабылдау психологиясын бұзады, әдебиет туралы
дұрыс
түсінікті
қалыптастыра
алмайды.
Бағдарлама
жасаушылар осы жағдайын ескеруі қажет деп ойлаймын.
Сӛз соңында, оқулық бағдарламаларын, басқа да тиісті
құжаттарын және сол оқулықтың ӛзін жасау аса жауапты
жұмыс екендігін тағы да еске сала келіп, мемлекеттік маңызы
бар бұндай іске кез келген адамды араластыра беруге
болмайтынын қадап айтқымыз келеді. Оған тек дайындығы
бар, ісіне әбден берілген лайықты мамандарды ғана тартқан
дұрыс болар еді. Сондықтан да республикамызда қазақ тілінің
барлық салаларын және қазақ әдебиетінің арғы-бергі
кезеңдерін арнайы зерттеп отырған екі іргелі мекеме Ахмет
Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Мұхтар
Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институын тікелей
араластыру қажет. Тіпті қажет қана емес, осы мекемелердің
ғалымдарының мазмұны жаңартылған оқулықтарға орай
жұмыс жасауын міндеттеген жӛн.
Бұлар – бӛтен емес, Қазақстан Республикасының Білім
және
ғылым
министрлігінің
тікелей
қарамағандағы
мекемелер. Әр оқулыққа үш автордан: әдебиетанушы ғалым,
әдіскер маман және практик мұғалім болу тәжірибесі ӛзін ӛзі
ақтауы тиіс.
Оқулық конкурстық негізде мейілінше жасырын атпен
ұсынылып, шын мәніндегі әділқазылардың сараптауына түссе,
сонда ғана әділ шешім шығарылар еді. Конференция
46
қорытындысында осындай қаулы немесе қарар қабылдап,
қалайда министрліктің құзіретті қызметкерлерінің назарына
жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |