Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет15/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Төртінші наразылық: 
Расында 
о дүние патшалығына кім өтсе, 
Зұлымдық жазасын беретін, 
Тірі құдай болады. 
Расында 
о дүние патшалығына кім өтсе, 
Күн қайығында жүзетін болады.
Ғибадатханаға тән, 
Жарасымдықты білдіріп. 
Расында 
о дүние патшалығына кім өтсе, 
Керемет Рамен дидарласатын 
Даналар қатарында кедергісіз қосылады. [3. 483 б.].
(В. Потапова аудармасынан тәржімаланды). 


48
Марқұм патша Антефа үйінің арфашы әншіге жазып берген 
жоқтауы: 
Көркейсін осы қайырымды әмірші, 
Оның өмірі жақсы бітті. 
Бір ұрпақ өтеді, ал басқалары 
Өмірін жалғастырады. 
Ата-бабалар кезінен солай. 
Құдайлар қашанда болған, 
Өз пирамидаларына қойылды. 
Тектілер мен атақты адамдар, 
Олар да пирамидаларына жерленді. 
Олар тұрғызған үйлердің 
Тұрған орны да қалған жоқ. 
Қара оларға не болғанын. 
Мен Имхотеп пен Джедефор сөзін есіттім, 
Жұрттың бәрінің қайталайтын сөздері: 
«Олардың ғибадатханасына не болды»? 
Қабырғалары құлады, 
Тұрған орны да қалған жоқ, 
Ешқашан ешнәрсе болмаған тәрізді. 
Ол жақтан әлі ешкім келген жоқ, 
Онда қалай екенін айтатындай, 
Оларға не керегін білетіндей, 
Біздің жүрегімізді орнықтыратындай. 
Олардың кеткен жағына, 
Біз әзірге ол жерге бармай тұрғанда, 
Жүрегіңді жұбат,
Жүрегіңнің қалауымен жүр.
Ең жақсы матаға оран (киім ки).
Құдайлар құрбандығынан 
Өз басыңа мирра сеп, 
Жақсы майлармен сылан,
Хош иісті майларды жағын.
Өзіңнің байлығыңды арттыр,
Жүректің әлсіздігіне жол берме.
Тілегіңді орында, өз игілігің үшін.


49
Өз жүрегіңнің қалауымен, 
Жердегі тірлігіңнің қамын жаса.
Сені жоқтайтын күн әлі келген жоқ.
Жүрегі шаршаған естімейді, 
Олардың зарлағаны мен жылағанын.
Зарлы жоқтау ешкімді моладан құтқармайды,
Сондықтан тамаша күнді тойла,
Шамадан тыс еңбектеніп қажыма.
Көрдің бе, ешкім мүлкін өзімен алып кеткен жоқ, 
Көрдің бе, кеткендердің ешбірі қайта оралған жоқ [3. 481 б.].
(А. Ахматова аудармасынан тәржімаланды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет