54
Амарндық жазба деректердің
таралу аймағы өте кең, ол Вави-
лон мен Ассирияны, Митан және Хеттер патшалығын,
Кипр ара-
лын және Сирия-Палестина князьдықтарын қамтиды. Деректер
патшалықтар арасындағы әулеттік некелер, әскери-дипломатиялық
одақтар жөніндегі келіссөздер, халықаралық саудамен байланысты
құқық сұрақтарының шешімі жайлы сыр шертеді (мысалы, Мысыр-
да қайтыс болған кипрлік саудагердің артында қалған дүниесі кімге
тиесілі деген сынды).
Мұрағатта Шығыс Жерорта теңізі аймағы князьдарының са-
яси тұрақсыздық жайлы жазған арыздары,
сыртқы қатер мен
қастандықтар жөнінде ескертуге толы хаттары да жетерлік.
Археологиялық қазба жұмыстары Мысырдың басқа елдермен
кең көлемді байланысқанын көрсетеді. Жаңа патшалық дәуірін-
дегі қабірлерге салынған суреттерде Эгей теңізі аралдарынан сый
әкелген, қолдарына көтерген құмыралары бар елшілер де бейнелен-
ген. Сол дәуірде Мысырдың экономикалық дамуына үлкен
әсерін
тигізген мыс – жақын Синай кен орыны мен Кипр аралынан, күміс –
Кіші Азиядан, қола – Шығыс Жерорта теңізі аймағынан әкелінеді.
Тарихи кезеңнің рухани өмір салаларына көп құдайға сенім
де өз әсерін тигізді. Олардың «біздікі» және «бөтен», «шын» және
«жалған» болып бөлінуі, біріншіден, белгілі бір халыққа көмектеседі
деген ұғымнан туындайды. Ал оған жақсы қызмет етіп, құрметтеген
жағдайда, өзгенің де оның қамқорлығына бөленетіні мойындал-
ды. Осыған орай, Амарн мұрағатынан Митания патшасының Мы-
сыр перғауынына жазған хатын келтіруге болады. Патша «маған
бауырымның ауыр науқастанып қалғаны туралы мәлімет жетті»
деп, Мысырда ғажайып емдік қасиеті бар Иштар құдайдың бейнесін
жібереді. Деректер мұндай сыйлардың ол заманда қалыпты жағдай
болғанын көрсетеді. Осындай байланыстар мәдени қатынастарға да
әсерін тигізеді.
1822 жылы француз Жан-Франсуа Шампольон (1790-1832 жж.)
Мысырдың Птоломейлер әулеті уақытына
жататын Розетт тасы-
на ойылып салынған иероглиф жазуларының құпиясын ашты. Ол
иероглифтердің бір бөлігінің ұғымдық емес, фонетикалық мәні
барын, яғни, мәнін түсіндірмей қарапайым оқылуы керек екенін
көрсетті. Сына жазуын зерттеушілер антика дәуірі тарихшыларының
еңбектерінен ежелгі парсы патшаларының аттарын жақсы білді.
55
Сына жазуларында сол патшалардың аттары жазылған болуы керек
деген болжам, парсы сына жазуының, ең қарапайым буындық сына
жазуының сырын ашуға, оны оқудың кілтін табуға мүмкіндік берді.
Мысыр әлемде бірінші болып тас сәулет өнерін, реалистік шы-
найы мүсіндік портретті, жоғары шеберлікпен
жасалған қол өнері
бұйымдарын берді. Сәулетшілер мен мүсіншілер тас өңдеуді асқан
шеберлікпен меңгерді. Бұған әртүрлі қатты және жұмсақ тастар, тау
жынысы минералдарынан жасалған өнер туындылары, тұрғызылған
пирамидалар, үлкен ғибадатханалардың ұстын залдары, салмағы
жүздеген тонна болатын монолитті үлкен тас мүсіндер куә. Ұзақ
ізденістер, шеберлік дағдылары арқылы ағаш пен сүйекке ою-өрнек
салу, металл өңдеу, алтын, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар,
түрлі-түсті шынылар жасау, жұқа маталар
тоқу жоғары дәрежеге
көтерілді.
Мысыр қыш бұйымдарының екі түрі – саз және фаянс болды. Не-
олит дәуірінің басында пайда болған саз ыдыстар ежелгі патшалық
кезінен арнайы пештерде отқа күйдіріліп, түрлі-түсті бедерлер са-
лынатын. Зерттеушілер ыдыс түрлерінің жануарлар (мүйізтұмсық,
құс, кірпі және т.б.) мен әйелдер бейнесінде де кездесетінін көрсетеді.
Фаянс бұйымдары – моншақтар, ойын ойнайтын шағын дөңгелек
үстелдер пайда болады. Көк фаянс
ішкі бөлме қабырғаларын
қаптауда кең пайдаланылды, одан алқа, каноптар, кішігірім мүсіндер
де жасалды.
Деректер ежелгі патшалық тұрғындары кезінен шыны өнімі
өндіріле бастағанын, олардың алғашқы шыны бұйымдарын
(моншақ) жасағандарын айғақтайды. Жаңа патшалық уақытында ол
күрделене, гүлдене түседі. Сол кездерден осы заманға көк шыныдан
жасалған, қанық көк және сары өрнектері бар тостаған, әсем шыны
сауыт, бойтұмарлар, жүзіктер,
ойын тастары, алқа жетті.
Достарыңызбен бөлісу: