36
мәдениет саласындағы жетістіктеріне тек өздерінің қол жеткізгенін,
олардың басқа халықтарға мәдениет дамуының барлық сала-
сы, соның ішінде көркем шығармашылық бойынша да оқытушы
болғанын дәріптейді [3. 464 б.]. Қоғам дамуында әдебиет өмірмен,
идеологиямен тікелей байланысты, сондықтан:
а) 1900 ж. Флиндерс Петри тапқан Палермо тасы бұған мысал
болады. (Италияның Палермо қаласының мұражайында сақтаулы
тұрғандықтан, осылай аталған). Палермо
тасында жазылған рес-
ми деректер б.д.д. 3000 жылға жатады. Көлемі 43 × 25 см таста
аңыздық кейіпкерлерге айналған Геб, Осирис, Сет, Гор, Тот және
т.б мысырлық құдайлардың аттары аталады. Сонымен қатар, сая-
си оқиғалар, табиғат құбылыстары, соның ішінде Ніл өзеніндегі су
көлемінің де көрсетілуіне көңіл аударуға болады. Мысырдың ресми
тарихының б.д.д. 3000 жылдан, Менес перғауынның елді біріктірген
уақытынан басталатыны көрсетілсе де,
оның тамырының одан да
тереңде жатқаны туралы мәліметтер бар;
ә) ресми ақпараттармен қатар, жеке адам өмірі де көркем
бейнеленді. Мысалы, Уашптаха ежелгі патшалықтың V династия пат-
шасы Ноферикар кезінде бас сәулетші және қазы қызметін атқарады.
Сәулетшінің жүргізген құрылыс жұмыстарын көріп, мақтаған патша,
оның мадақ сөзді есітпей тұрғанын
байқайды. Мұны сезген тақ мұрагері
мен сарай төңірегіндегілердің де
«жүрегіне үлкен қорқыныш кіреді».
Абыздар
мен дәрігерлер аяқтарынан
тік тұрады, бірақ жасалған емнің
бәрі зая кетеді, адал қызметші ке-
неттен қайтыс болады. «Ұлы
мәртебелі жүрегі мұңға толады, ол
Ра құдайға арнап құлшылық жасау
үшін өзінің бөлмесіне кетеді...» Пат-
ша
Уашптахты жерлеу жұмыстарын
ұйымдастыруды оның үлкен ұлына
тапсырады. Бұл мәліметті осы заманға
оның кенеттен қайтыс болғанын, әке
қабірін барельефпен көркем бейнеле-
ген баласы жеткізді деп айтуға бола-
Суретте: Палермо тасы [19]
37
ды. Зерттеушілер қабір мәтіндерінің іштей мазмұнды, көркем, діни
жылы сезімге толы болатынын көрсетеді. Осы тарихи дәуір мастаба-
лары қабырғаларында арфашылар мен әншілер де бейнеленген. Бұл
лирикалық әндердің шырқалғаны туралы мәлімет береді;
б) көшірмешілер мадақталды. Мысалы, «Қашан да, қайда болса
да, Жедефхорға ұқсас бола ма? Кім болса да, Имхотеп сияқты бар ма?
Біздің ортамызда Нефри тәрізді ешкім жоқ. Бәрінен де бірінші – Хет-
ти. Птахемжхути және Хахеперра-Сенеба, сенің атың менің есімде.
Птахотеп немесе Карес тәрізді біреу бар ма? Болашақты болжайтын
данышпандар – олар қалай айтса, солай болып шығатын. Бұл олардың
кітаптарында жазылған. Олардың мұрагерлері – әртүрлі адам бала-
сы. Олардың бәрі өздері туған балалар тәрізді. Олар өздерінің тыл-
сым қасиеттерін адамдардан жасырды. Олар кетті, олардың аттары
да өздерімен бірге жоғалды. Бірақ, қалдырған жазулары оларды еске
түсіруге мәжбүр етеді» [3. 471 б.];
в) үгіт, нұсқау. Оның ең ежелгі түрі ұлы сәулетші, данышпан
Имхотеп атымен байланыстырылып, пайда болуы б.д.д. 2800 жыл-
дар шамасы деп белгіленеді.
Ежелгі патшалықтан біздің уақытымызға
толық нұсқасы жет-
кен «Птахотеп нұсқаулары» тарихи дәуірде қалыптасқан әдеби
түрдің болғанын көрсетеді. Шығарма V династия перғауыны Исе-
си билігі кезінде жазылған. Кіріспеде Птахотеп Исесиден жаңа уәзір
тағайындауын сұрайды. Қаусаған, сырқат меңдеген қарт, жоғарғы
шенеунік міндетін бұрынғыдай тыңғылықты атқара алмайтынын
бейнелі жеткізеді: қарттық жақындады, әлсіздік пайда болды, қол-
аяғы икемге келмейді, әлсіздік жеңді, күш кетті, үні шықпайды, көзі
көрмейді, құлағы естімейді, жүрегі тоқтайтын шамаға жетті, ақылы
кеміді, жады жоғалды... Ол перғауынға адал қызмет көрсететін, өзінің
орнын басатын баласына білімі мен тәжірибесін беруін қалайды.
Исесидің келісімін алған Птахотеп
білімсізге сөз өнерін
үйрететін тәлімгерлігін бастайды, өйткені «бұны кім ұғып алса,
пайдалы, егер кім керісінше жасаса, зиянды». Уәзір тарихи дәуір
моралін «өзіңнің басшыларың алдында иіл... сонда сенің үйіңе бере-
ке кіреді» деп көрсетеді. Птахотеп «өз ойыңды жасыруға және тілді
тартып сөйлеуге» кеңес береді.
«Жоғарыдағылардың қабылдауын күткенде, оның қызмет-
шілеріне жағын, алдыңғы орынды
алдын-ала құдай анықтайды,
38
өлермендікпен ешнәрсеге жете алмайсың». Бір сөзбен айтқанда:
жетістікке жеткің келсе, бәрінен бұрын басшының көңілін тап,
өйткені жетістігің тек соған тәуелді. Қашан да орнатылған тәртіпті
ұстан, құдай адамдар арасында қалыптасқан қатынасты аттаған
адамға ешқашан көмегін көрсетпейді.
Өсиетте практикалық ережелермен қатар, өмірлік даналықтар да
кездеседі:
Білімпаздықпен босқа дандайсыма!
Бәрін мен өзім білемін деп есептеме!
Тек данышпаннан ғана емес,
Өмір көріп, ысылмағаннан да кеңес сұра.
Өнердің шегі жоқ.
Суретші шеберлік шыңына рас шыға ма?
Парасатты сөз меруерт тәрізді (елеусіз жерге жасырынған),
Оны диірмен тартатын күңнен де табасың.
Птахотеп кеңестері, оны күрделі
жан толғанысын жете білген
нәзік психолог ретінде көрсетеді: «Егер сен құрметті қонақ немесе
бауыр ретінде достықты қадір тұтсаң, барған үйіңдегі әйелге көз
салма, алыс жүр». Немесе:
«Егер сен жақсылыққа жақын болсаң, өзіңе үй тұрғыз.
Сол үйдегі бәйбішені жақсы көр.
Оның қарнын тоқ қыл, киіндір,
Денесіне хош иісті бальзам жақ,
Тірі кезіңде оның жүрегінің мейірін қандыр.
Ол өз мырзасы үшін – өнімі мол егістік» [3. 472-473 б.]
Достарыңызбен бөлісу: