Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет23/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Фарос маягі. 
А. Тиршаның қалпына келтіргені [33]


69
ЕЖЕЛГІ ҚОСӨЗЕН
Зерттеушілердің еңбектерінен Қосөзен аңғары табиғатына деген 
екі түрлі көзқарасты кездестіреміз. Бірі – осы өзен суынан нәр алған, 
жасыл желекке оранған жердің адам өміріне, егін шаруашылығына 
қолайлы болғаны жайлы дерек берсе, екіншісі ыстықтан тілім-тілім 
жарылып жатқан қуаң далада суармалы егіншіліктің пайда болуы 
мен оның бай өнімдер бере бастағанын көрсетеді. Демек, шумер-
лер мәдениетінің өркендеп, шарықтау шыңына жетуі арық қазу, су-
ландыру жүйесінсіз мүмкін емес суармалы егіншілікпен байланы-
сты. Қосөзен қоғамының кез келген өмір саласында қауымдық рух 
жоғары болды. Діни рәсімдер өткізілетін орын – ғибадатханалардың, 
«Құдайлар үйі» деп аталған үлкен ғимараттардың тұрғызылуы 
барлық қоғам мүшелерінің – ерлер, әйелдер, балалардың бірлескен 
еңбегін керек етті. Тарихи дәуір үшін өте үлкен, құдіретті, айбын-
ды ғибадатханалардың құрылысы тек қажырлы еңбек нәтижесінде 
тұрғызылғаны түсінікті. 
Қосөзен бойын мекендеген халықтардың тағдыры мен тарихы 
әртүрлі өркениеттер өрімі боп көрінеді. Б.д.д. төрт мың жыл бойы 
ежелгі мемлекеттер пайда болып, гүлденуімен қатар, тарих сахна-
сынан кетіп, бір-бірін ауыстырып жатқан. Әрбір ел мәдениетінің 
өзіндік ерекшелігі болса да, жеңімпаздар әрқашан өзінен бұрын өмір 
сүрген мемлекеттің қол жеткізген табыстарын, жетістіктерін бой-
ына сіңіріп жетіледі, шыңдалады. Мысалы, Ассирия мәдениетінің 
көптеген жетістігі, олардың б.д.д. ХІV ғасырында бағындырған 
ежелгі Вавилон мәдениетінен сіңгенін, пайда болғанын арнайы 
әдебиеттер көрсетеді. Өз тарапынан б.д.д. ХХ-ХVІІ ғғ. өркендеген 
ежелгі Вавилон жетістіктерінің де, ежелгі шумерлердің қала-
мемлекеттері – Лагаш, Ур, Урук мәдениеттерінің жалғасы болғанын 
көрсетеді. 
Бүгінгі өркениет жетістіктерінің негізін қалаушы – Қосөзен 
аралығында өмір сүріп, соңына өшпес із қалдырған ежелгі 
мәдениет ошақтарының алғашқы археологиялық қазба жұмыстары 
мәліметтерін әлемге паш еткен Францияның Мосулдағы консулы, 
оқымысты Поль Эмиль Ботта еді. 


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет