7
бұлар, азиялық семит тайпасының бір бөлігі болуы мүмкін деген жо-
рамал жасалады. Табиғат тануда, оны игеруде үлкен жетістікке жет-
кен осы адамдар құрғақшылықтан сақтану жолдарын қарастырып,
жасанды суландыру жүйелерін жасайды, жетілдіреді. Тасыған
өзен суын тоқтату жұмыстарымен айналысады, суы мол жерден
егіншілікке қолайлы басқа өңірлерге арықтар тартылады. Жер
өңделіп, су бөгейтін жасанды тоғандар салынады, құрылыстар
тұрғызылады.
Тарихшы Д.И. Иловайский өзінің «Древняя история. Средние
века. Новая история» кітабында осы ел тұрғындарының қолымен, III
Аменемха перғауынның бұйрығымен қазылған ең үлкен су қоймасы
Мери (мысырлық түсінігі көл деген ұғымды білдіреді) деп аталаты-
нын, ал арықтар ортасындағы айтарлықтай үлкен Иосиф каналының
Ортаңғы Мысырды бойлай, Ніл өзеніне паралелль ағатыны туралы
мәліметті береді [2. 4 б.]. Демек, ежелгі заманның өзінде өзеннің мол
суының адам өміріне қауіпсіз болуы, ел игілігіне пайдаланылуы,
ылғалды ұзақ сақтаудың мүмкіндіктері қарастырылды.
Ұжымдасқан еңбек бір орталыққа бағынған күшті билікті,
көптеген адамның ортақ мүддеге жұмылдырылуын қажет етеді.
Материалдық игіліктер мен адам санының жеткілікті болуы ғажайып
үлкен құрылыстар тұрғызуға, мемлекеттің гүлденуі ғана емес,
басқаларға үлгі боларлық ғибратты өмір салтын қалыптастыруға
жағдай жасайды. Уақыт өте, мол өнімнің арқасында халықтың
белгілі бір бөлігі тікелей егін шаруашылығы жұмыстарынан босап,
діни рәсімдерді атқарумен айналысады, қол өнерімен шұғылданады.
Аңыз әңгімелер, діни сенімдер, алғашқы білім негіздерінің пай-
да болуы, таралуы Ніл аңғарының өркениет жолына түскенін
білдіреді.
Ең алғашқылардың бірі болып мәдениет дамуы жолына түскен
ежелгі мысырлық дүниетанымнан әлемнің жаратылуы, күн құдайы
және Осирис туралы аңыздар ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: