есептелетін аспаптар [82]
193
жүргізілетін ойын арнайы алаңда өткізілді. Доп ауыр және жерге
соғылғанда оңай ыршымаған. Алаңның 12 қақпасының әрқайсысында
бір-бір қақпашыдан тұрады. Бұл ойын арнайы әскери жаттығу және
көңіл көтеру үшін, Тан әулеті дәуірінің соңына дейін жалғасты.
Кейін нағыз көңіл көтеруге арналған футболды өңделген тері доппен
ойнаған. Жаңа ережелер енгізіліп, бір ғана қақпа алаңның ортасы-
на орналасқан. Алаң ортасында керілген тордың жоғарғы жағында
орналасқан арнайы тесікке допты түсіру арқылы ұпай жиналған.
Тан әулеті кезінде Қытайға поло ойыны әкелінген. Оның кең
таралғаны қабырғадағы суреттер мен молалардан табылған көптеген
мүсіннен белгілі. Ақсүйектер атпен серуендеген. Сарайдағы қызық
ойынның бірі арнайы жаттықтырылған, сәндік бұйымдармен, жібек
маталармен безендірілген, көрермендер алдында әртүрлі жаттығулар
жасайтын аттар биі болды.
Ақсүйектер игеруге тиісті алты өнердің бірі – садақ ату, қалған
бесеуі – музыка, діни рәсімдер, көркем жазу, күймені басқару және
математикамен байланысты. Ежелгі қытайлар садақ ату жарыста-
рына қатысқан, ұтылған адамға жаза ретінде ерекше ішімдік бер-
ген. Олар бәс тігіп, әтеш төбелестіруді, ит жарыстыруды, бәйгеге ат
қосуды ұнатқан [76. 128-131 б.].
Б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырларда елдің ішкі әкімшілік-аймақтық
бытыраңқылыққа ұшырағанына қарамай, Қытайдың жеке бөліктеріне
ортақ, қарқынды жаңашылдық сипаттағы әлеуметтік-экономикалық
және мәдени үдерістер орын алды. Жер иелігі жүйесіндегі жедел
өзгерістер: темірден жасалған еңбек құралдарының пайда болуы, ірі
қараны пайдаланып жер жырту, суармалы егіншілік жерге және т.б.
жеке меншікті ынталандыруға бағытталды, сондай-ақ атадан балаға
мирас болатын артықшылықтарға шек қойылды.
Б.д.д. V-ІІІ ғасырларда халық арасында мүлік теңсіздігі өсе
түседі, біртіндеп бұрынғы мұраға берілетін иеліктер жекеменшікке
өтіп, қалыптасқан әкімшілдік-бюрократтық аппарат бай адамдармен
және ақсүйектер қауымына қандас туыстық жақындығы жоқ адам-
дармен толықтырылады.
Әлеуметтік-экономикалық реформалар және қолөнердің одан
ары дамуы тауар-ақша қатынастары мен қалалардың өсіп ұлғаюына
алып келді. Б.д.д. VІІ-ІІІ ғасырлар аралығында Қытайда бұрынғы
Инь және ерте Чжоу дәуірлеріне жататын 163 қаланың қатарын
194
565 жаңа қала толықтырды. Халықтың жалпы саны 20 миллион
адамға жетті. Б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырлардан бастап, Қытайдың барлық
аймағында арнайы ақша белгілері тұрақты қолданысқа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |