Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет67/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Цинь империясы. Б.д.д. ІІІ ғасырда Қытайдың соңғы Чжоу 
дәуірінің басты жеті патшаларының – Цинь патшалығы құрамына 
бірігуі негізінде, осы ел тарихындағы тұңғыш орасан зор мемле-
кет – Цинь империясы (б.д.д. 221-207 жж.) пайда болады. Қытай 
қоғамының империялық билік жүйесіне өтуі Цинь империясының 
негізін қалаушы, б.д.д. 246-210 жж. билік құрған Цинь-ши-хуан-
дидің жаңа монархтық мәртебені қабылдауынан басталады. Патша 
атына тіркелген хуан және ди сөзі бұрын тек құдайлық қасиетке тән 
дәреже болды, ол сөзбе-сөз «құдайшыл әмірші» дегенді білдіреді.
Цинь империясының негізін қалаушы ретінде Қытай тарихы-
на енген патша атағының толық атауы – «Цинь дәуірінің бастау-
ында тұрған құдайшыл әмірші» деп түсініледі. 
Цинь-ши-хуан-ди төңірегіндегілер жете зерттелген бірнеше 
шаруашылық-экономикалық және саяси реформаны өмірге енгізеді. 
Нәтижесінде жоғарғы империялық билік қызметінің заңдық негізі 
жасалып, басқару құрылымдары күрделенеді. 
Императордың ең бір маңызды реформаторлық қызметінің сана-
тына салмақ, ұзындық өлшемдерін, жазу өнерін және ақша жүйесін 
бір ізге салып, жалпы ұзындығы 8 000 шақырым болатын бірегей 
қазына жолын салдыруын қосуға болады. Мұның бәрі тауар-ақша 
қатынасын дамытты және оны мемлекеттің толықтай қадағалауына 
жағдай жасады. 
Рационалдық білім мен өндірістік қызметке байланысты Қытай 
өркениетінің көптеген табысы Цинь дәуірімен байланысты. Атап 
айтқанда, сол заманда ежелгі Қытайдың инженерлік-техникалық 
жетістігі – Ұлы Қытай қорғаны тұрғызылды және екі өзен арасын 
қосқан Ұлы Қытай арнасы қазылды. Қорған – осы заманға дейін 
сақталған нағыз сәулет өнері құрылысы, сол ерте замандағы қала 
тұрғызу және инженерлік өнердің даму деңгейі жайлы түсінік 
береді. Түпнұсқалық деректердің көрсетуінше, оның құрылысына 
200 000 соғыс тұтқыны мен 100 000 әскери күш тартылып, 10 жыл 
бойына тұрғызылған. Сәулет өнеріндегі салыстырмалы көзқарас 
бойынша, ол құрылымдық жағынан қарапайым, негізінен саздан, 
тастан бой көтерген. Ең ежелгі фортификациялық сол құрылыс 


195
б.д.д. V-ІV ғасырларда Янь және Чжао патшалықтарының солтүстік 
және солтүстік-шығыс шекараларын қоныстанған көрші көшпенді 
халықтардан қорғану үшін тұрғызылып, кейін күйдірілген қыш 
кесекпен қоршалған. Цинь дәуірінде қорғанның тек ұзындығы 750 
шақырымдық бір бөлігі бой көтерді. Кейін қорған құрылысын қайта-
қайта жаңарту ХІV-ХV ғасырларға дейін созылып, оның ұзындығы 
3 100 шақырымға жеткен.
Ұлы Қытай қорғанының өлшемдері әртүрлі бөліктерінде 
биіктігі 5-7 метрге, ені 6-10 метрге дейін жетеді. Әрбір 100 метр 
сайын қабырғадан қорғаныс мұнаралары бой көтерген және белгілі 
қашықтық сайын 3-4 метрлік қақпалар салынған. Қытайдың 
солтүстік және солтүстік-шығыс шекарасын бойлай тұрғызылған 
қорған, негізінен, таулы аймақтар арқылы өтіп, теңіз деңгейінен
1 800 метр биіктікке көтерілген.
Ұлы Қытай арнасы – әлемдік мәдениет дамуында өзіне теңдесі 
жоқ гидротехникалық құрылыс. Қолдан қазылған, ұзындығы 32 км 
арнаның теңдессіз ерекшелігі бір-біріне қарама-қарсы бағытта 
ағатын екі өзенді қосуында. Ежелгі қытай инженерлері осы күнге 
дейін жұмыс істеп тұрған, тәулік бойы пайдалануға мүмкіндік 
беретін, ұзындығы 2 000 км ішкі үлкен су жолын жасады. 
Арнайы әдебиеттерде жүргізілген құрылыс жұмыстарының ба-
сты себептерінің бірі ретінде Цинь-ши-хуан-дидің жеке басының 
қасиеттері мен жүргізген реформалары, саяси-әлеуметтік іс-
әрекеттерінің қаталдығы өз ролін атқарғаны жайында жазылған. 
Ол ақсүйек ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдерінің басым бөлігін 
ауыр да азапты каторгалық жұмыстарға жеккенімен қоса, құртып 
та жіберген. Ұлы Қытай қорғаны мен Ұлы Қытай арнасының 
құрылыстары мыңдаған адамның 
өмірін қиды. Дегенмен, бар-жоғы 
бірнеше ондаған жылға созылған 
Цинь империясы Қытай өркениеті та-
рихында айтарлықтай із қалдырды. 
Б.д.д. 207 жылдан б.д. 220 жылы-
на дейін өмір сүрген Хань империя-
сы өзінен бұрынғы патшалықтармен 
салыстырғанда, әлдеқайда өміршең 
болды. Ол ішкі қайшылықтары бола 
Суретте: Цинь-ши-хуан-ди 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет