189
екіншісі
жуық мәнін, қандай да бір заттың сұлбасын береді. Инь
жазу өнерін чжоулықтардың қабылдағанынан б.д.д. І мыңжылдық
ортасына дейін оның дамуында ешбір үзіліс болмайды. Тек б.д.д.
ІІ-І ғасырларда жергілікті иероглиф түрлерінің бір ізге салғанынан
кейін, жазу белгілерінің жаңа таңбасы шығады. Тарихи дәуірде ие-
роглифтер өзінің алғашқы сұлбаларымен байланысын толық жо-
яды. Осының негізінде Хань дәуірі жазу өнерінің қазіргіден тіпті
айырмашылығы байқалмайды.
Ежелгі қытайлықтар, әдетте, бір-бірімен бау немесе таспамен
жалғастырылған ұзын да жұқа ағаш немесе бамбук тақтайшаларға
тушь пен бояу жаққышты пайдаланып жазды. Ал
қате кетсе,
пышақпен қырып тазаланды, жонылды. Б.д.д. І мыңжылдықтың
ортасынан бастап жазу үшін жібек қолданылады (осындай «жібек»
кітап Хань дәуірі қабірінен табылған).
Біздің жыл санауымыздың басында Қытайда қағаз жасалып,
қолданысқа енеді де, жазу үшін қолданылатын өзге материалдарды
ығыстырады.
Діни рәсімдердің тағы бір маңызды шарты балгерлік жасау
үшін жануарларды құрбандыққа шалу, өлең айту, би билеу, арнайы
ыдыстармен ішімдіктер, тағамдар әкелумен байланысты.
Шан не-
месе чжоулік қола бұйымдардан бал ашу кезінде балгерлердің о
дүниедегілермен байланысқа түсуіне көмектеседі деген жануарлар
суретін көруге болады.
1928 жылы Пекиннен оңтүстік-батысқа қарай 480 шақырым
жердегі Аньян қаласы маңынан соңғы Шан-Инь мемлекетінің аста-
насы табылды. Көп жылға созылған қазба жұмыстары кезінде осы
жерден сарайлар мен ғибадатханалардың орындары, керек-жараққа,
байлыққа толы патша қабірі аршылды. Материалдық мәдениет
бұйымдары ішінде ең маңыздысы – бал ашуға арналған жауырын
сүйектердегі ежелгі Қытай жазу өнерінің үлгілері. Түпнұсқалық
мәліметте Инь мемлекетін чжоу
деп аталатын басқа халықтың
жаулап алғаны, оған билік иелерінің азғындауы себеп болғаны
мәлімденеді.
Ғылыми деректерде бұл халық туралы екі түрлі пікір
қалыптасқан. Біріншісі чжоулар Хуанхэ өзені аңғарына сыртқы
шапқыншылықпен келген, даму деңгейі жергілікті халықтан
айтарлықтай төмен көшпенділер десе,
екіншілері шын мәнінде
190
көшпенділер болса да, чжоулар Инь мемлекетін жаулап алғаннан
көп уақыт бұрын отырықшы өмір салтына көшкен, мәдениеті
иньдіктермен қатар дамыған халық деп көрсетіледі. Қалай болғанда
да, чжоулықтар иньдік мәдениет жетістіктерін мұраға алып, өздерінің
жеке мемлекеттігін қалыптастырған. Сондықтан да осы екі әулеттің
екеуін де Хуанхэ өзені аңғарының неолит дәуірі кешенінен бастау
алатын, бір мәдениет дәстүрінің өкілдері деп қарастыруға болады.
Сыйынатын құдайының аспанда (Тянь) тіршілік ететініне сен-
ген чжоудың У патшасы Шан әулетін құлатқанда, оны өз құдайының
рұқсатымен
істегенін, соның еркін жүзеге асырғанын, әрекетінің
заңдылығын көрсетеді. Алайда, чжоулықтар өздері жаулап алған
Шан елінің діни Шан-ди рәсімін қабылдайды. Чжоу елінде Тяньмен
қатар қолданылған Шан-ди рәсімі патша отбасымен тікелей байла-
нысын жойып, айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Енді құдайлар
аясы (сфера) мен ата-баба әлемі нақты ажыратылады. Осылайша, дэ
сиқырлы күш емес, қандай да бір мінез-құлықтық күшке ие болады.
Оған ие болу Аспан Жолын (Тянь дао) жүзеге асыру үшін қажетті
шарт деп есептелді.
Ғарыштық тәртіп бастауы болған аспан жоғары мән ретінде
билік иесі патша мен қарапайым халық ұғымында өнегелі жол баста-
ушы міндетін атқарады. Аспан ұлы (Тянь цзы) атанған патша елді
басқарды, алайда лайықсыз әрекеті үшін кез келген уақытта аспан
мандатынан айырылып қалуы мүмкін еді. Егер басшы жарамсыздық
танытса және сиқырлы күштен (дэ) айырылса, Аспан риза еместігін
көрсетіп, елге су тасқыны, аштық, жұт түрінде
ескерту белгісін
жібереді. Бұл көмектеспесе, тыңдамаған билік иесін және оның от-
басын билік мандатынан айырып, оны өзінің сиқырлы күшке (дэ),
құдай немесе ата-баба аруағына ие болғанын дәлелдеген басқа рудың
көсеміне береді. Жануарлардың сүйектері және тасбақа сауыты-
мен бал ашу бұрынғы мәнін жоғалтады. Ендігі жерде діни рәсімдер
ережелерінің нақты өткізілуіне, олардың салтанатты болуына үлкен
мән беріле бастайды. Уақыт өте келе, рәсімдік салттар жалпыға
ортақ әлеуметтік мінез-құлық заңына айналады.
Шан әулеті жүргізген биліктің бірінші кезеңі салыстырмалы
бейбіт өмірмен сипатталды, дегенмен кейін жағдай өзгеріп, бұрынғы
бейбіт өмір сағымға айналады. Жауласушы патшалар дәуірінде
патшаның әлеуметтік тыныштықты орната алмауы Аспан шапағатына
191
деген сенімге күмән туғызып, Аспан
мандатына сенім бірте-бірте
жойылады. Аспан еркін ұғынуға және болжап білуге болмайтыны
белгілі болады. Осы уақытта әртүрлі философиялық мектептер өмірге
келеді. Олардың бәрі саяси, иделогиялық бассыздықтарға қарсы тұру
мақсатын ұстанып, оған қоғамды біріктіретін рухани құндылықтарды
қарсы қоюға ұмтылады. Жаңа діни сананың қалыптасуына Конфу-
ций және Дао ілімдері шешуші әсерін тигізді.
Ұлттық философиялық ойдың қалыптасуы оның Конфуций, Дао
ілімдерімен қоса, дербес философиялық бағыттар мен мектептер-
ге бөлінуінен қоғамның рухани өмірі аясында өте қарқынды және
жаңашылдық сипаттағы үдерістер басталады. Кітаптың пайда бо-
луына алып
келген ұлттық жазу мәдениеті, алғашқы поэтикалық
жазба ескерткіштері мен көркем прозалық шығармалар қалыптасты.
Демек, Қытай мәдениеті өз дамуы тарихындағы нағыз шешуші,
маңызды сатысына көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: