Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет63/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

б.д.д. 3000 жж. [80]


185
жылы Чжэнчжоуға жақын жерден патша сарайына тиесілі деген жо-
рамал жасалатын үлкен екі фан дин табылды. Оның сыртқы түрінен 
құю үдерісінің, құрамдас бөліктерін – сәндеудің барлық сатысын 
анықтауға болады. Қолөнершілер алғашында саз қалыптардың ішкі 
беттеріне қарапайым және күрделі ою-өрнектер салса, безендіру ісі 
кең таралған б.д.д. VІ ғасырдан бастап бұйым құйылып, формасы 
жасалған соң ғана сәнделген. 
У Дин патшаның көп әйелінің бірі Фу Хаоның моласы үш мың 
жыл бойы тоналмай, аман сақталған. Содан табылған заттар ішінде 
466 қола ыдыс, 195 рәсімдік ыдыс, 271 әртүрлі бұйым (қару-жарақ, 
қоңыраулар, нәзік өрнектелген айна, әртүрлі еңбек құрал-жабдығы) 
болды. Басым бөлігі шарап ішуге арналған ыдыстар, арасында 
биіктігі 80 см, салмағы 120 кг болатын екі фан дин бар.
Шан дәуіріндегі ыдыстар көлемді, айбынды және өздеріне тән 
сәндік ерекшелігі болды. Табылған ыдыстар ішіндегі ең үлкені – 
салмағы 875 кг, биіктігі 133 см фан дин. 
Тан дәуірінің қола өнімдерінен орындалу шеберліктің жоғарылығы 
байқалады. Ыдыстардың қабырғасы қалыңдап, сыртқы пішіні 
жетілдірілген, сәнделуі де күрделеніп, нәзіктігімен ерекшеленеді. 
Бұйым өрнектерінде геометриялық үшбұрыштар, шиыршық түрлері, 
жапырақ өрнектері мен гүлдер кең көлемді қолданыс тапқан. Аң-
жануарлар – жолбарыс, бұқа, жылан, балық, құстар мен қиял-ғажайып 
құбыжықтар, айдаһар мен феникс бейнелері түрлендіріле берілген. Сол 
тарихи дәуірдің қола бұйымынан үлкен бір көзі бар ұзын айдаһарды 
көруге болады. Алайда, адам бет-жүзінің суреті өте сирек кездеседі.
Зерттеушілердің бірі олардың айбатты, жантүршігерлік түрімен 
өздеріне қараған адам көңіліне қорқыныш ұялатқанын, ал екіншілері 
өнер, дін және саясаттың бір-бірімен тығыз байланыста болғанын, 
бұл бейнелердің аралық қызмет атқарғанына меңзейді. Құдаймен, 
патшалардың о дүниедегі ата-бабасы аруағымен сұхбаттасқанда, 
өмірде бар немесе аңыздық жануарлар абызға берік одақтас бола-
ды деген сенім болған. Аспан әлемімен байланыс күрделі ырымдар 
жасау, абыздың барабан, қола қоңыраулар дыбысымен билеп, өлең 
айтуы, жануарды құрбандыққа шалып, ас пен сусын ішіп, бақсы 
ойнағына түсуі арқылы жүзеге асады. Абыздардың адамзат әлемі 
мен о дүние арасындағы тосқауылдан өтуіне ыдыста бейнеленген 
жануардың көмектесетініне үміт артылған. 


186
1986 жылы б.д.д. ХІІІ-ХІ ғасырларға жататын оңтүстік аймақ 
зиратынан табылған, жақсы сақталған көптеген қола бұйым жоғары 
дамыған мәдениеттен хабардар етеді. Онда, атап айтқанда, 450 
қола (50 ыдыс, 4 қоңырау, әртүрлі қару мен еңбек құралдары), 356 
керамикалық және 150 нефриттен жасалған бұйым болды. Сонымен 
қоса, б.д.д. ХІІ ғасырға жататын екі зираттан алтын, қола, нефрит, тас 
пен керамикадан жасалған, бірақ кішкене бөліктерге сындырылып, 
жерлеу рәсімінің алдында өртелген 900-ден астам бұйым табыл-
ды. Бұлар жазба деректерде кездеспейтін, сондықтан біз білмейтін 
өркендеген мәдениет туралы мәліметтер береді. Осы рәсімдік ыды-
стармен бірге Хунань провинциясы өнеріне тән ағаштан жасалған 
(олардың біреуінің биіктігі 4 м) өте үлкен бірнеше қола мүсін және 
көздері дүңкиіп шығып кеткен, мұрындары оғаш иілген жиырма 
бетперде (маска) табылды.
Жауласқан патшалар дәуірінің екінші кезеңінде әртүрлі темір 
және шойын еңбек құралдары тұрмысқа енген. Қола ыдыстар тек 
ақсүйектер отбасында, олардың қоғамдағы орнының көрсеткіші 
ретінде пайдаланылған. Металл балқыту, оюлау, шекіме жасау және 
тек мыспен ғана емес, енді алтын, күміспен де безендіру техникасы 
жетілдіріледі. 
Б.д.д. VІ-V ғғ. шамасында темір өндіріліп, темір құралдары 
кең қолданыла бастайды. Темір өндірісінің өмірге енуі қолөнерді 
және әшекейлік-бейнелеу өнерін сапалық өзгерістерге ұшыратты. 
Рационалдық білім саласында да маңызды жаңалықтар ашыл-
ды: б.д.д. ІV ғасыр шамасында қытайлықтар шойын, одан аз уақыт 
өткесін болат балқытудың амал-әдістерін игереді. Осы уақытта 
олардың мұнай өнімдері мен табиғи газды алып, пайдалана білгендері 
белгілі болды. Метаны бар құбырларға технологиялық құрылымы 
өте күрделі, арнайы ағаштан жасалған камералар тұрғызылды. 
Олардың көмегімен бамбуктан жасалған құбырларға газ беріліп, қала 
көшелерін жарықтандыруға, үйлерді жылытуға пайдаланылғаны ар-
найы әдебиетте айтылады. 
Б.д.д. 221 жылы Чжоу әулеті өмір сүруін тоқтатып, оның орнына 
Цинь Шихуанди бастаған императорлар дәуірі келеді. Хань әулетінің 
билігіндегі кез күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыстар, шам, 
айна және т.б. сәндік бұйымдар өндірісімен есте қалды. Қоладан жа-
салатын бұйымдарға деген сұраныс азайып, оның орнына беріктігі 


187
мықты темір семсерлер, қанжарлар жасалады. Осымен Қытайдағы 
қола ғасыры аяқталады. 
Бейнелеу өнерінің Қытайда палеолит және неолит дәуірлерінде 
діни наным-сенімдерге байланысты пайда болғаны деректерде 
көрсетіледі. Саз бұйымдарға салынған ежелгі суреттер адам мен 
жануарлардың бейнелерінен тұрды. Б.д.д. І мыңжылдыққа жата-
тын өнер туындылары туралы мәліметтер аз, дегенмен Шығыс 
Чжоу және Батыс Хань әулеттеріне жататын зираттардан табылған 
бұйымдардағы суреттер мен оюлар өздерінің әсемдіктерімен көзге 
түседі. Оған б.д.д. 433 жылы қайтыс болған Цзэн басқарушысы 
И-дің ағаш табытындағы әртүрлі бояумен салынған аңдар және 
қиял-ғажайып тіршілік иелерінің мөлдір, жылтыр сырмен әрленген 
суреттері мысал болады. 
Мавандунда жібекке салынған түрлі суреттер табылды. Олар- 
дың ішіндегі танымалы – Дай басқарушысы әйелінің бейітінен 
табылған тудағы өлген адамның о дүниеге сапарының түгелдей 
дерлік суреттермен бейнеленуі. Археологтар тапқан сәулет өнері 
қалдықтарынан Шығыс Чжоу әулетінен бастап, қоғамдық мәні бар 
ғимараттар қабырғаларының фрескалармен өрнектеле бастағанын 
көруге болады. Әдеби туындыларда құдайлар, конфуцийлік сюжет-
термен өрнектелген, бай безендірілген сарайлар туралы мәліметтер 
беріледі. 
Қабырғалары фрескалармен (сылақ кеппей тұрғанда салына-
тын сурет) безендірілген зираттар б.д.д. ІІ ғасырға жататын Ішкі 
Моңғолиядан табылған. Әсіресе, Тан әулеті императорлары зи-
раттарында аңшылық, поло ойыны, патша шеруі әсем бейнелен-
ген. Дін, наным-сенімдер неолит дәуірінде туыстық жүйе, ру-
қауым басылары бірлігінің кепілі болды. Абыздық саяси билік пен 
діни бедел дағдысын біріктірді. Бұл адамның мінез-құлқының о 
дүниеден, көптеген құдай мен ата-баба аруағынан келетін нұсқаулық 
мәліметтерге бағынатынын білдірді. Тек о дүниемен байланысы 
барлар ғана билікке ие болды, патша мен оның министрлері және 
т.б. абыздар арасынан шықты. Діни сенім сарай төңірегіндегілердің 
өмірін белгілеуші қызметін атқарады. Сол байырғы замандарда 
пайда болған әрбір діни рәсім патша мен абыздардың сиқырлық 
күшке (дэ) ие болуын керек етті. Абыздар о дүниелік күштермен 
(табиғат күштерін білдіретін Хуанхэ өзені, тау, жауын, жел, күн 
және т.б.; құдай, аруақтар, екінші сатыда тұрған құдайлар мен ба-


188
тырлар) байланыс жасауға сенім білдірілген адамдар еді. Ата-баба 
аруақтары Аспан әміршісімен (Шан Ди) арадағы делдал деген түсінік 
қалыптасты. 
Бал ашудың да 
маңызды орны бол-
ды, абыздар оның 
көмегімен о дүниемен 
байланысып, маңызды 
істерде қандай ше- 
шімдер қабылдау ке- 
ректігін сұрайды. Ел 
болашағына арналған, 
билікке байланысты 
маңызды мәселелер
соғыс жорықтарының 
сәттілігі, сол жылғы егін өнімі жайлы құдайларға қойылатын 
сұрақтар, бал ашу үдерісінде пайда болған мәтіндер үй жануарла-
ры жауырынына немесе тасбақаның сауытына бейнеленді. Салта-
натты жағдайларда металмен (қола) ойып жазылып, отпен қатты 
қыздырылған сүйекте пайда болған жарықшақтарға қарап, білікті 
адамдар (балгерлер – си және бу) жоғарғы күш иелерінің жауабын 
білдірген, берілген жауаптарды жазып алған. Сарайда жұмыс істеген 
көшірмешілер бұл жазбаларды мұрағатқа тіркеп сақтағандықтан, 
олардың көбі біздің дәуірімізге жеткен. Деректер соңғы Инь 
мемлекетінің басшысы мен ақсүйектері қатысқан бал ашу рәсімінің 
маңызды ресми тәжірибенің бірі болғанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет