Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет75/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

патшасы Киаксар [94]


215
Вавилон патшасы Набопаласар Киаксардан көмек сұрауға мәжбүр 
болады. Б.д.д. 609 жылы Мидия әскерлері Харранды алғанда 
шешуші роль атқарады. Бұл туралы Вавилон дерегі: «Жоғарыдан 
және төменнен, оңнан және солдан дауыл сияқты ол (Мидия пат-
шасы) келді... Ешбір үрейсіз олардың (харрандықтардың) Аккадпен 
(вавилондықтармен) шекаралас ордалары мен қалаларын қирата 
жеңді... ғибадатханаларына да аяушылық білдірген жоқ. Көп ұзамай 
Ассирия қарсылық білдіруін тоқтатты...» [95. 294 б.] 
Тарихи дәуірде Кіші Азияның батыс бөлігінде күшті Лидийя 
патшалығы қалыптасады. Б.д.д. VІІ-VІ ғғ. шамасында Мидия мен 
Лидийя патшалықтары арасында жерге байланысты қақтығыс ту-
ындайды. Геродот осы екі патшалық әскерлерінің шешуші шайқасқа 
шыққанын және табан астынан күн тұтылып, екі жақтың да мұны 
құдай жіберген жаман ырым, алдын-ала берілген белгі ретінде 
қабылдап соғыспағанын, патшалардың бейбіт келісім-шартқа қол 
қойып тарасқанын айтады. Астрономиялық есеп бойынша, бұл б.д.д. 
590 жылғы күннің тұтылуы болар деген болжам жасалады.
Б.д.д. VІІ ғасыр мен VІ ғасырдың бірінші жартысында Мидия 
материалдық және рухани мәдениеттері өркендеген үлкен мемлекет-
ке, мәдени орталыққа айналады. 
Мидиялықтар Қосөзен аймағында пайда болған ғимараттардан 
түпкілікті айырмашылығы бар сәулет өнерінің негізін қалайды. 
Алғашқыда дөрекі жонылған ағаш бағаналардан тіреу қойылған 
бөрене немесе тақтайдан жаппа лашықтар жасалса, уақыт өте, үлкен 
көлемді қоғамдық құрылыстар, ішінде жеке демалыс орындары, 
әртүрлі деңгейдегі қабылдаулар мен отырыстарға арналған салта-
натты бөлмелері бар патша сарайлары тұрғызылады. Арнайы зерт-
теу жұмыстары осындай құрылыстың Экбатан сарайы болғанын 
көрсетеді. 
Ежелгі грек мәліметінде, қазіргі Эльвенд тауының етегінде 
орналасқан Мидия патшаларының осы сарай құрылысы Киаксар 
уақытында кеңейтілген, жетілдірілген. Ол бағалы балқарағайдан 
тұрғызылса да, ағаш ешқашан көрінбеген, себебі ғимарат бағаналары 
мен ұстындары ғана емес, қарсысы мен қабырғалары да алтын 
және күміс қаңылтырлармен қапталып, төбесі күміс плиталармен 
жабылған. Геродот сарай дуалы туралы дөңгелене жоғары, бірінің 
үстіне бірі тура кішігірім бағана биіктігіндей бой көтерген жеті 


216
қабырғадан тұратынын таңдана жазады. «Бұған, – дейді ол, – бір 
жағынан жердің жеңіл көлбеулігі қолайлы жағдай жасағанымен, ба-
сты әсерді өнер шеберлігі қалдырады. Ішкі жетінші шеңбер орта-
сында патша сарайы мен қазына үйі орналасқан... Бірінші сыртқы 
қабырға үстінде орналасқан бағаналар ақ бояумен, екіншісі қарамен, 
үшіншісі ашық қызылмен, төртіншісі көкпен, бесіншісі қызғылт 
сары түспен боялған, соңғы екі қабырға бағаналары күміс және ал-
тынмен қапталған».
Расында, бірталай жерден қарағанда сатылана орналасқан түрлі-
түсті дуалдар мен сарай салтанаты таңқаларлық болған. Тарихшы Дун-
кер осы Мидия патшасы сарайының әсемдігі туралы: «Ахура-Мазда 
Хукайрияның алтын шыңында, таза сәуле аймағында, өзінің алтын 
тағында қалай отырса, жердегі билік иесіне де, Экбатандағы алтын 
дуалмен қоршалған, салтанатты алтын сарайында сондай болуы ке-
рек. «Авеста» бізге қардай ақ аттардың алдыңғы тұяқтары алтынмен 
апталған, артқысы күміспен күптелген, алтын дөңгелекті күймедегі ал-
тын дуылғалы Митраны көрсетеді. Осылай патша сарайының төбе жа-
быны және қабырғалары алтын, күміспен сәуле шашуы керек», – дейді.
Бұл жерде сенімсіздік тудыратын дәнеңе жоқ. Өйткені, Ассирия 
әскерін тізе бүктіріп, Ниневияны тонаған мидиялықтар қазынасы 
адам айтқысыз көп болды. Азияны жаулап алған А. Македонский де 
сарай қабырғалары мен төбелерінен алтын-күмісті сыдырып алған.
Судың тапшылығынан Эльвент тауының екінші жағында ағып 
жатқан өзен арнасы бұрғызылып, кеңдігі он бес фут болатын туннель 
арқылы қалаға кіргізілген. Ежелгі Мидия аңызында осы инженерлік 
жұмысты патшайым Семирамиданың жүргізгені айтылса, арнайы зерт-
теу жұмыстары бойынша, оны Киаксар жүзеге асырған деп болжанады. 
Геродот Экбатан қаласының басқа қалалар тәрізді қорған дуалмен 
қоршалған-қоршалмағаны туралы мәлімет бермейді. Зерттеушілер 
мұны қаланың тарихшы келгенге дейін жаулап алынғанымен, қорған 
қабырғаларының қиратылуымен байланыстырады. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында ежелгі Мидия жерінде 
археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде, б.д.д. 1300-600 
жылдар аралығына жататын көптеген жәдігер табылған. Олардың 
ішінен «луристан қоласынан» жасалған тұрмыстық ыдыстар
қарулар, ат әбзелдері, тірлікте бар, шынайы өмір сүретін жануарлар 
мен қиял-ғажайып жан иелерінің бейнелері ерекшеленеді.


217
Суретте: қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдар [96]
1947 жылы Саққыз қаласының шығыс жағында (42 км шама-
сы) орналасқан төбе маңынан үлкен қазына табылған. Олардың 
ішінде патша қолданған деп болжанатын омырауға тағатын әшекей, 
семсердің алтын қынабының үлкен бөлігі, алтын, күмістен жасалған 
ат әбзелдері және қыш ыдыстар табылған. Зиккурат қабырғалары 
бұғы, жыртқыш құстар, қоян және қой суреттерімен безендірілген.
Мидия мемлекеті өте үлкен жерді – Каспий теңізінен Парсы 
шығанағына дейінгі аралықты алып жатқан. Олардың сақтармен 
қарым-қатынасы болған. Осының арқасында Ежелгі Шығыс 
елдерінде атты әскерлердің пайда болғаны жайлы тарихи деректер 
кездеседі. 
Мемлекет құрамына парсылар да кірді, мидиялықтар мен 
парсылардың бір-біріне жақын болғандары сонша, оларды ежелгі 
грек авторлары ажырата алмай, араластырып жіберген. Геродоттың 
грек-парсы соғыстарын мидиялықтармен соғыс деп атауы осыған 
дәлел болады. 
Б.д.д. 585 ж. қайтыс болған Киаксардың үлкен империясы, барлық 
мұрасы ұлы Астиакқа (585-550 жж.) қалады. Осы тарихи дәуірде Ми-
дия мен Вавилон арасындағы қатынас шиеленісіп, екеуі де соғысқа 
дайындала бастайды. Бірақ, күтпеген жерден пайда болған жау б.д.д. 
550 жылы Мидияны жаулап алады. Арнайы әдебиеттер бұл жаудың 
парсылар екенін көрсетеді. 


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет