Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет71/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

ЕЖЕЛГІ ИРАН.
ЭЛАМ. МИДИЯ. АХЕМЕНИДТЕР ИМПЕРИЯСЫ
Арнайы әдебиеттерде ежелгі Иран мәдениетінің даму сатылары 
былай ерекшеленеді: 
* Элам мәдениетінің пайда болуы мен өркендеу дәуірлері (б.д.д. 
ІV мыңжылдық соңы мен б.д.д. VІІ ғ. соңына дейін);
* Мидия мәдениеті (б.д.д. VIII ғ. – б.д.д. VI ғ. ортасына дейінгі 
уақыт;);
* Ахеменидтер дәуірі (б.д.д. VI ғ. ортасынан б.д.д. 330 ж. дейін);
* Парфяндық уақыт (б.д.д. III ғ. ортасынан б.д. 224 ж. дейінгі 
кезең).
ЕЖЕЛГІ ЭЛАМ
Ежелгі дәуірде б.д.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтар шамасында Иранның 
оңтүстік-батыс бөлігінде, шумерлер елінің оңтүстік-шығысында, 
Парсы шығанағына құятын Карун және Керха өзендерінің сағасы 
аңғарында тілдік құрамы жағынан Қосөзен халықтарына ұқсамайтын 
Элам мемлекеті пайда болып, үлкен мәдени жетістіктерімен көзге 
түседі. 
Қосөзен елдерінің тарихы, мәдениеті туралы салыстырмалы бол-
са да, мәліметтер, деректер, әдебиеттер жеткілікті. Оқырман қауым 
онымен таныс болғанымен, өзіндік ерекшелігімен 
қалыптасқан мәдениеті, екі мың жылдан астам та-
рихы бар Элам құпия сырға толы ел боп қалуда. 
Мәліметтердің аздығы, осы уақытқа дейін 
ғылымға белгілі тілдерге ұқсастығының жоқтығы, сыры ашылмаған 
тілі де бұған әсерін тигізіп, өзінің зерттеушілері үшін үлкен 
қиындықтар туғызуда. Элам халқының сол тарихи дәуірде өмір 
сүрген басқа халықтармен туыстық белгісі де анықталмаған. Де-
мек, этнографиялық тұрғыда өзіндік қайталанбайтын ерекшелігімен 
қалыптасқан. Арнайы әдебиеттерде эламиттердің осы күнге дейін 
шығу тарихы белгісіз, түйіні шешілмеген халық болып отырғаны 
айтылады. 
Зерттеушілер Элам атауын алғаш рет Інжілден кездестіреді. 
«...Ол Ескі Нанымда он екі рет, Жаңа Нанымда бір рет еске алына-


207
ды. Мысалы, христиан дінінің уағыздаушылары (2, 9), иудейлер 30 
жылғы оқиға куәгерлерінің арасында, Иерусалимдегі Троица мей-
рамы күні Эламнан да бірнешеу қатысты...», – дейді. «Кітаптың 
(Інжілдің) келесі жерінде (Моисей 1, 14, 1) Элам патшасы Кедор-Ла-
омер еске алынады...» [89. 6-б.]
Суз қаласы орнына жүргізілген, ұзақ жылдарға созылған қазба 
жұмыстары негізінде одан бірнеше мәдени қабат ажыратылады. 
Мұның ең ескі, өмір сүрген уақыты анықталмаған, ең төменгі қабаты 
I Суз аталады. Мұнда елдімекен орындарымен қатар, о дүние туралы 
діни ғұрыптардың болғанын білдіретін қорым орындары сақталған.
I Суз қабатынан табылған заттар энеолит дәуіріне жатады. 
Тыңғылықты өңделіп, мұқият тегістелген тас құралдармен қатар, си-
рек те болса, мыс құралдар кездеседі. Материалдық игіліктер, құрал-
жабдықтар осы мәдениетті өмірге әкелген адамдардың аңшылық 
және егіншілікпен айналысқанынан мәлімет береді. Олар арпа, астық 
тұқымдастар, сонымен қоса, зығыр еккен. Саздан жасалған мүсіндер 
ортасында құнарлылық құдайының бейнесі кездеседі. Жерлеу культі 
үшін арнайы жасалған ыдыстар саздан құмыра жасаушының ұршық-
шеңберінің (гончарный круг) көмегінсіз, қолмен істелген. Оларда 
геометриялық өрнек, адам, құс жабайы және үй жануарлары және 
еңбек құралдары бейнеленіп, қара бояумен әшекейленген [88]. 
Қазба жұмыстарын жүргізген археологтар І Суз елдімекендерінің 
жойылуы өрт салдарынан болған деп қорытынды шығарады. Ма-
мандар пікірінде мұның көрші тайпалардың басқыншылық іс-
әрекеттерінен болуы мүмкіндігіне сілтемелер жасалады.
I Суз қабатына қарағанда, IІ Суз қабатының мәдениеті Оңтүстік-
Батыс Иранның көптеген жеріне тараған. Оның пайда болған уақыты 
б.д.д. ІІІ мыңжылдық соңы деп белгіленеді. Ежелгі Элам өзінің ба-
тыс жағында орналасқан елдермен, соның ішінде Шумерлермен 
қарым-қатынаста болған. Бұл туралы мәліметтерді Шумерлердің – 
Эриду, Ур, Киш және басқа да қалалары орнына жүргізілген қазба 
жұмыстарының нәтижелері мәлімдейді. 
IІ Суз қабатының мәдениеті елде мыс құрал-жабдықтар мен 
қарулардың болғанын көрсетеді. Осы қабаттан алтын мен қола да 
табылған. Металл өндірумен қатар қыш құмыралар өндірісі де жолға 
қойылған. Расында арнайы әдебиеттер, Суз ІІ қабаты құмыраларының 
өте тыңғылықты жасалғанын, көптүрлі табиғат көріністері, жануар-


208
лар мен адамдардың бейнеленгенін білдіреді. Шамамен осы уақытта 
Эламда иероглифтік жазу өнерінің пайда болғаны айтылады. 
Б.д.д. ІІІ мыңжылдық басында болашақ Элам мемлекетінің 
құрамына кіретін тайпалар алғашқы мемлекеттік құрылымдарға 
бірігеді. Осындай бірлестіктердің бірінің астанасы – Қосөзен, 
Солтүстік және Шығыс Иранмен қатынасатын жол торабында 
орналасқан Суз қаласы. 
Мемлекет астанасы Суз қаласы болғанына орай, антика дәуірі 
деректерінде бұл ел Сузиана деп те көрсетіледі. Сузиана Карун мен 
Керхе өзендері ортасында орналасқан. Керхе өзені суының тазалығы, 
ерекше дәмімен танымал болған. Осыған орай, Геродот ІІ Ұлы Кирдің 
(559-530 жж.) жорыққа шыққанда төрт дөңгелекті арбаларға тиеп, 
күміс құмыраларға құйылған Керхе суын алып жүргенін мәлімдейді. 
Шумерлер elam атауын жоғарыда дегенді білдіретін NIM 
сөзімен жазған. Демек, Қосөзен халықтары үшін Элам Сузиана-
да емес, таулы аймақта, «жоғарыда болған», яғни эламдықтар тау-
лы жерде орналасқан. Өлке тұрғындарының негізгі жұмысы мал 
шаруашылығымен байланысты. Дегенмен, Парсы шығанағына 
құятын өзендер суландырған жазық аймақта егіншілік, отырықшы 
өмір салты да қалыптасқан. 
Маңызды керуен жолында орналасқан Сузиананың астық, 
жемістер егуге қолайлы құнарлы топырағымен аты шыққан. 
Егіншілікке байланысты, сасанидтер патшалары кезінде де 
су жеткізу, бөгет, тоғандармен суармалы егіншілік жүйелері 
ұлғайтылып отырған. Орта ғасыр мәліметіне сүйенсек, Х ғ. араб 
географтарының бірі Сузианада өсірілетін қант құрағы сапасының 
жоғары болғаны туралы мәлімет береді... [89. 16, 17 б.].
Мамандар таулы аймақтары (бүгінгі Лурестан мен Бахтиар та-
улары) болмаса, Элам осыншама мәдениет жетістіктеріне жетпеген 
болар еді деген пікір білдіреді. Демек, Элам тарихы мен мәдениетінің 
жетілуіне жазық және таулы аймақтардың болуы шешуші әсерін 
тигізген. Мәдениет дамуының таулы аймақ байлықтарына тәуелділігі 
оның Қосөзен елдерімен салыстырғандағы басты артықшылығы 
екенін айғақтайды. 
Шумерлер мен вавилондықтар сауда-саттық немесе соғыс 
жорықтары арқылы осы елден әртүрлі жер асты қазба байлықтары 
(мыс, күміс, қалайы және т.б.), құрылысқа қажетті тастарды (жанар 


209
тау жынысы – базальт, мәрмәр, ақ гипс түрі, алебастр және т.б.), жар-
тылай асыл тастар (көк тас лазурит, карнеол, гематит) алған. 
Арнайы әдебиеттерде Элам мен Қосөзен мәдениеті тарихының 
тығыз байланыстылығына назар аударылады. Екі жақ бірімен-бірі 
жиі қақтығысып, бірде бейбіт бітім шартын жасасып, сауда, мәдениет 
қатынастарын үзбейді. 
Сол тарихи дәуірден жеткен болымсыз мәліметтердің өзінен-ақ 
халық өміріне діннің үстемдігін көруге болады. Діннің Қосөзенмен 
байланысты ортақ белгілерінің бар екенін айта отырып, оның өзіндік 
қайталанбас өзіндік ерекшелігі де мойындалады. Осы эламдық 
ерекшелікке өзіндік ежелгі магиялық дәстүр – жыланға табынатын 
бастау мен әйелдік мәңгілік негізге көрсетілетін құрмет пен оны 
ардақтау жатады.
«Жылан Элам мәдениетінің негізгі желісі. Б.д.д. ІV-ІІІ мың- 
жылдыққа жататын керамика, қыш бұйымдардан қаптаған жы-
лан бейнесін көруге болады. Жылан бейнесі құмыра және басқа да 
ыдыс қақпақтарына салынған. 
Жауыздықтан қорғану ретінде 
қабылданады. Жыландар қақпа 
жанында айбат шеккен сақ- 
шы, әміршілер жанындағы қор- 
ғаушы ретінде де көрінеді. Әр- 
түрлі рәсімдік бұйымдардың 
тұтқасы ретінде де бейнелен-
ген. Оратылған жылан Құдай 
қызметін де атқарады. Эламдық 
молшылық рәмізі болған, бір-
біріне оралған екі жылан бей- 
несі ежелгі Мысырға да ен-
ген. Жоғарғы сенім нысаны-
на айналған адам басты жылан 
Қосөзен елдерінің ешқайсысында 
кездеспейді» [89. 37-б.]. 
Элам тайпалары мен шу-
мер жауынгерлерінің соқтығысы 
туралы мәліметтер өте ерте за-
мандардан басталады. Б.д.д. 
Суретте: Убайд дәуірінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет