Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет76/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

ЕЖЕЛГІ ПАРСЫЛАР
Ежелгі үндіирандықтарға әлеуметтік діни «арья» термині 
ортақ. Осыған байланысты мұны үндіирандық тілдер, яғни «арий-
лер тілі» деп те атайды, олар синонимдер ретінде пайдаланылады. 
Парсылардың ең ежелгі діни мәтіні «Авестада» бірінші рет «арья-
нам вайджа» – «арийлер кеңістігі», «Арьянам», яғни «арийлер елі» 
ұғымы кездеседі. Тарихи әдебиеттерде арийлердің ең ежелгі от-
аны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен Оңтүстік Орал тауларына 
дейінгі аралықта созылып жатқаны жайлы мәліметтер бар. Міне, осы 
Арийлер тайпасының бірі қазіргі Иран мемлекетінің негізін қалаған. 
Ежелгі парсылар тарихы жазба деректерде өте сараң берілген. 
Дегенмен, осы ел туралы алғашқы мәліметтер б.д.д. ІХ ғасырдағы 
Ассирия деректерінде кездеседі. Б.д.д. 834 жылдар шамасында Асси-
рия «осы аймақтың 27 патшасына салық төлеттірген... » 
В. Хинц «Элам мемлекеті» еңбегінде дерек көздерге сүйеніп, 
Элам әскерінің құрамында «Парсуаш» жауынгерлерінің болғанын 
айтады. Осы ел тарихы шеңберінде көп нәрсені аңғартатын Parsuas 
– «парсылар елі» атауымен кездесеміз. Синаххериб деректерінде 
Парсуаш пен Аншан (өз елінің шығыс жағында орналасқан аймақты 
эламдықтар Аншан немесе Ашан деп атаған) қатар еске алынады. 
Демек, бұлар дербес өмір сүрген елді мекендер, елдер болуы мүмкін. 
Зерттеушілер парсылардың осы өңірге келіп қоныстануын б.д.д. 691 
жылдар шамасы деп анықтайды. Бұлардың патшасының Ахеменид-
тер династиясының негізін қалаушы Ахемен болуы мүмкін екендігі 
жорамалданады. Парсылардың Аншанға орналасуынан Эламға 
шығыс жақтан қатер төну қаупі пайда болады [89. 149 б.]. 
Эламның Парсы шығанағы аймағына, парсылардан басқа да 
халықтарға үлкен ықпал, әсері болған. Парсылар кейін үлкен мем-
лекет құрғанда, элам тілін және сына жазуларын кең пайдаланады. 
Ежелгі эламдықтардың астанасы Суз парсы патшасы Ұлы Дарийдің 
резиденциясы ретінде мәлім. Дарий ағашын Ливаннан, алтынын 
Сардтан, лазуритті Согдианадан, зүбәржатты Хорезмнен, күміс пен 
қара ағашты Мысырдан әкелдіріп, осы қалаға сарай салдырғаны ту-
ралы деректер бар. 
Тарихи дәуірде ежелгі парсылар жерінің таулы аймақтарын егін 
және мал шаруашылықтарымен айналысқан тайпалар қоныстанған. 


219
Егін шаруашылығы қалыптасқан жерде ел қоныстанған мекенжай-
лар пайда болады. Кейін болашақ қалалардың іргетасына айналған 
олардың үстінен сауда керуендері өтеді. Археологиялық қазба 
жұмыстары қола дәуірінде парсы жерінің таулы аймақтары Кавказ 
елдерімен шектескенін және Каспий төңірегінде мемлекеттердің 
пайда болғанын көрсетеді. Қазіргі Ауғанстан жерінде ежелгі Бак-
трия мемлекеті пайда болып, б.д.д. І мыңжылдықтың бірінші жарты-
сында мұнда тайпалық болмыстан өркениетке өту үрдісі басталған. 
Орта Азия, яғни бүгінгі Түрікменстан жерінен өзінің көнелігі 
жағынан Қосөзен мәдениетінен кем түспейтін егін шаруашылығы 
мен қала мәдениеттерінің байырғы орындары табылды. Орта 
Азия жерінде халық егін шаруашылығымен қоса, көшпенді мал 
шаруашылығымен де айналысқан. Б.д.д. І мыңжылдық пен б.з. І 
мыңжылдығы аралығында өмір сүрген осы жердің тұрғылықты 
халқын ежелгі грек тарихшылары скифтер (сақтар), массагеттер 
деп атаған. Олар иран (Иран, Ауғанстан, Тәжікстан) және түрік 
(Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан) тілдерінде 
сөйлеген. Үнді-еуропалық тілдер құрамының қомақты бөлігі болып 
есептелетін үнді-ирандық тілдердің 
тарихта алатын орны ерекше. Деген-
мен, олардан жеткен жазба деректер 
өте аз. 
Б.д.д. 558 жылы парсы тайпа-
лары мемлекетінің астанасы Пасар-
гад қаласында І Кир патша билікке 
келеді. Б.д.д. 553 жылы І Кир Мидия 
патшасы Астиагқа қарсы тәуелсіздік 
жолындағы күресін бастап, соғыс 
үш жылдан соң, парсылардың 
толық жеңісімен аяқталады. Мидия 
жеріндегі аласапыранды өз пайдасы-
на шешіп, шекарасын ұлғайтуға тал-
пыныс жасаған парсы патшасы тек 
мидиялықтар үстемдігінен құтылып 
қана қоймай, үлкен аймақты өзіне 
бағындырады. Кейін Мидия патша-
сы болған Крездің әскері де б.д.д. 547 
Суретте: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет