Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет73/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Элам өнері б.д.д. ІV мыңжыл- 
дықта қайталанбас өзіндік белгіле- 
рімен көзге түседі. Құмыралар, ыдыстар геометриялық өрнектермен, 
адам, құс, жануар суреттерімен безендірілген. 
Б.д.д. ІІ мыңжылдықта Вавилон бейнелеу өнері элам өнеріне 
айтарлықтый әсерін тигізеді. Осы кезде мүсіндер вавилондық дәстүр 
үлгісінде дайындалады. Бұған б.д.д. ХІІІ ғ. жауһары, үздік туындысы 
Напирасу патшайымның үлкен шеберлікпен жасалған, салмағы 1 800 кг 
болатын қола мүсіні дәлел. Кейінірек бұл жерде де Нарамсиннің (б.д.д. 
ХХІІ ғ.) Эламға жасаған жорығы нәтижесінде, Қосөзеннің сына жазула-
ры және т.б. мәдени жетістіктері көрініс тауып, жергілікті құдайлардың 
құрметіне көп сатылы зиккураттар тұрғызыла бастайды.
Элам патшасы І Шутрук-Наххунте Вавилон жеріне жорық жа-
сап, қалаларды тонап, Сузға көп қазына алып кеткен. Осылардың 
ішінде француз археологтары ХХ ғ. басында Суздан тапқан Хамму-
рапи заңдары жазылған тас тақтаның болғаны деректерден белгілі.
Элам сәулет өнерінің ең жарқын үлгісі – Унташ-Напирише пат-
ша кезінде Суздан қашықтығы 30 шақырым жерде, б.д.д. ХІІІ ғасырда 
Суретте: Напирасу 
патшайым мүсіні. 
Суз, б.д.д. ХІІІ ғ. [92]


213
тұрғызылған Дур-Унташ зиккураты. Зиккуратқа кіре берісте арыстан-
дар, бұқалар, жыртқыш құстар, құдайлар мен патшалардың алтынмен 
апталған, күміспен күптелген тас мүсіндері тұрды. Биіктігі 42 мет-
рге жеткен құрылыс төрт қабатты, жеті қақпалы, төменгі қабатының 
ұзындығы 105 м болған. Элам кейін өзінің өмір сүруін тоқтатқанымен, 
оның мәдениет саласындағы жетістіктері ежелгі парсылардың 
материалдық және рухани өміріне үлкен әсерін тигізген. 
Қорған 
зикку-
рат орнында қазба 
жұмыстарын жүргізген 
француз археологтары 
металл, мәрмәр, қыш 
бұйымдарды, ыдыстар-
ды, патшалар жазған 
жүздеген мәтінді тап-
ты. Дур-Унташты б.д.д. 
VІІ ғасырда ассирия 
әскерлерінің қиратып, 
тонап кеткені жайлы 
мәлімет бар. 
Суз қаласы үшін болған соғыста Ашшурбанипал эламдықтарды 
тізе бүктіріп, қаланы тонап, қиратып, өртеп кетеді. Біздің 
заманымызға оның жеңіске жеткенін айтып, масаттанған мәліметі 
жеткен. Шамамен б.д.д. 647 және 646 жылдары жүргізілген соғыс 
жорықтары нәтижесінде Ассирия Эламды жаулап алады. Деректер 
646 жылдың күзінде ешқашан жеңіліс дегеннің не екенін білмеген 
эламиттер астанасы Суздың құлағанынан мәліметтер береді. 
Ашшурбанипалдың соғысқа тікелей басшылық жасағаны туралы сөз 
болмаса да, ол: «Жорықтан (Аншаннан) кері қайтар жолда мен Суз-
ды – қасиетті ұлы қаланы, менің жауларымның құдайлары мекенін 
жаулап алдым. Мен олардың сарайларына кірдім және одан үлкен 
жан ләззатын таптым. Мен бұған дейін ешбір жаулап алушының 
қолынан келмеген, Эламның бұрынғы және қазіргі патшасының 
жинаған байлығы мен қымбат бағалы заттарын, олардың күміс пен 
алтындары үйілген қазыналарын аштым», – дейді [89. 20-б.]. 
Осыдан көп ұзамай Элам мемлекетінің өмір сүруін тоқтатқаны 
тарихи деректерден белгілі...
Суретте: Дур-Унташ зиккураты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет