Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет81/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Ғаламның жаратылуы. Геродот парсылардың аспанға, 
күнге, айға, жерге, отқа, суға және желге тау басында құрбандық 
бергенін жеткізеді. Ғаламды жаратушы, бар игілікті беруші құдай 
Ахура-Мазданың алтын тағы Қасиетті тау төбесіне орнатылған; 
оның нұр сәулелі киіміне жұлдыздар шашырай орналасқан; ол 
өзінің қасиетті «... әрі тез әрекет жасайтын сөзімен (Honover) және 
данышпандығымен» әлемді жаратты; сөз – оның құдай ретінде 
ғибадат жасауға шақырған, әрқашан түсіндіретін шығармашылық 
әрекеті және барды тұрақтандыратын, нығайтатын құралы.
Ахура-Мазда – құдіретті құдай, ол туралы: «Кім күн мен 
жұлдыздар жолын жасады? Кім айдың үлкеюі мен кішіреюін 
қадағалайды? Кім жер мен оның үстіндегі бұлттарды ұстап тұр 
және шабындық пен ағаштарға су береді? Кім жел мен өзен су-
ына жылдамдық береді? Кім игілікті жарық көздері мен күннің 
тұтылуын, таңғы шапақты, кеш пен түнді жаратты? О, Ахура-Маз-
да, сен болмасаң, кететін әке орнына ұлды кім қалдырады? Сен – 
бәрінен жоғары мадақталатын тазалықсың. О, бәрін қамтитын рух, 
кез келген өмір бастауы!»
Аңызда жаратушы құдайдың әлемді алты кезеңге бөліп 
жаратқаны көрсетіледі. Біріншіде – жұлдызды аспан; екіншіде – су; 
үшіншіде – жер; төртіншіде – өсімдіктер; бесіншіде – жануарлар; ал-
тыншыда адамдар өмірге келеді. Осыған ежелгі парсылардың жыл-
ды алты мезгілге бөлгені орайласқан. Парсылар өмірінен үлкен орын 
алған жылдың алты үлкен мерекесі (gahanbar) болған. 
Ахура-Мазда парсы халқының басты табыну нышаны болған 
жеңімпаз күн құдайы Митраны өзі тәрізді етіп жаратады. Ми-
тра өзінің төрт жүйрік ақ ат жегілген жарқыраған күймесімен 
шығыс тауы арқылы аспанға көтеріледі, керемет қыраттар төбесі 
күн сәулесіне бөленеді, қараңғы түнек, қысқы аяз жоғалады, егіс 
алқабына астық шығады, жан-жануарлар азық табады. 


228
Митра өзінің сәулелерімен барлық жерге енеді, бәрін көреді және 
біледі, осыдан ақиқат құдайы да болады. Парсылар шыншылдықты 
жоғары бағалады, жалғандықты Митраға қарсы жасалған күнә, күннің 
таза сәулесінің күңгірттенуі деп есептеді. Митра – түнекке, суыққа 
және жалғандыққа қарсы «мәңгілік гүрзісін» алып жүретін жеңімпаз, 
күрескер. Ол – патша құдай, оның атын айтып, жердегі иелігін 
басқаратын, билікке қол жеткізгендер ант береді. Әскер алдында оған 
арналған алты ақ ат жегілген күйме жүреді; жеңімпаз құдай отырып, 
халқын жеңіске бастайды деген сеніммен ол бос қойылады...
Геродот алапеспен ауырғандардың Митраға қарсы күнәға 
батқандар деп есептелгенін жеткізеді. Осымен қатар, парсылар 
тазалық құдайлары деп ай, жұлдыздарға да тау басында құрбандық 
шалып, дұға қылған. Ай мен жұлдыздар жауын әкеледі, сондықтан 
олардың жолы – «кеңістіктегі суы мол жол», демек құнарлылық 
құдайлары. «Авеста» су мен жер адамға азық болатын бидай мен 
жеміс ағаштарын, сиыр мен жылқыға азық болатын жайылым 
шөптерін өсіретін жанды нәрсе ретінде қарастырылады. Өсімдікке 
өмір беретін жауын, бой сергітетін, мейір қандыратын бұлақ, қасиетті 
өзен суы пайдалы, сондықтан қоқыспен арамдаудан қорғалады. 
Бұлақтар мен өзен суы тек ішуге, егіс алқабын суаруға пайдаланы-
лады; шомылуға, суды кіші дәретпен арамдауға, суға түкіруге тиым 
салынады. Су өткелінен кешіп өтерде ағын суды арамдамау үшін, 
парсылар оған алдын ала көпірлер салған. 
Аспанды тазартатын ауа мен жел де құдайдай қасиетті, жер 
де қастерлі. Жер адамға «астық, игілікке жаралған сиыр үшін шөп 
береді», оның үстінде жапырақтары жайқалған көлеңкелі ағаштар 
өскен қасиетті тау тұр.
От өте қастерлі. Парсылар жерді Ахура-Мазданың қызы деп 
атаса, қайратты от осы бас құдайдың ұлындай болып көрінеді. 
«Қасиетті мәңгілік өмір сүретіндерден жылдам» от – жауыз рухтар-
дан шынайы қорғайтын құдай. Кімде-кім қолын жуып, таза ағаш, 
отын әкелетін болса, от соған батасын береді, риза болады. Отқа 
құрғақ ағаш салуға, май құюға болады. Оны үрлеп жағу мен үрлеп 
сөндіру, оған қандай да бір таза емес нәрсені, өлімтікті тастау – 
күнә. Оған су құйып сөндіруге де болмайды, мағынасыз пайдала-
ну, үй шаруасына да қалыптан тыс көп қолдану оны арамдау деп
есептелген. 


229


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет