Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет79/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

Қасиетті кітап Авеста. «Авеста» жинағының ең ежелгі 
мәтіндері б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтар шамасында пайда болса керек. 
Мәтіннің қай уақытта пайда болғаны туралы нақты айту мүмкін 
емес, өйткені діни уағыздар ұзақ жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа 
ауызша берілген. Осыдан да болар, әлемге танымал ұлы ақын Фир-
доуси (Х-ХІ ғғ.) өзінің «Шахнамасында» жазу өнерін ібілістің, жын-
сайтанның ойлап тапқаны деп атайды. 
«Авестаның» б.з. ІІІ ғасыры шамасында жазылып алынғаны 
жайлы болжамдар жасалады. Мұсылман дінін таратушылардың 
шапқыншылықтары кезінде Заратуштра пайғамбардың іліміне, 
оның ізін қуушыларға жойылу қаупі төнеді. Қудалауға ұшыраудан 
қашып, Батыс Үндістанға барып тұрақтаған парсы зорастрлерінің тек 
аз ғана бөлігі өз заңдары мен тілін сақтап қалған. Түсіндірмелерінің 
қиындығына қарамай, «Авеста» ежелгі ирандықтардың аңыз 
әңгімелері мен дүниетанымы туралы құнды мәліметтер береді. 
ХVІІІ ғасырда Еуропа ғалымдары «Авестаны» зерттеуге үлкен 
қызығушылық танытты. Француз Анкетиль Дюпперон Үнді елінде 
өмір сүретін зороастризм дінін ұстанушылар арасына келіп, ұзақ 
жыл бойы авеста шығармаларын зерттеумен айналысады. Ол 1762 
жылы қолжазбаларды Парижге әкеледі.
Дін қызметшісі, салт-дәстүрлерді жетік білген Заратуштраның 
құдайлар құрметіне әнұрандар айтып, құлшына жалбарынып, 
Суретте: Алтын бұйымдар. Ахеменидтер дәуірі [100]


223
шабыттана дұға оқығаны, нақыл сөздер шығарғаны көрсетіледі. 
Отыз жасқа келгенде әлемдік ақиқатқа көз жеткізген данышпан 
өмір әділетсіздіктерін өзінің әлемдік үндестікке сай келеді деген 
түсінігіне орай түзеуге, адамдар арасында қайырымды қатынас, 
тәртіп орнатуға ынтығады. Оған қасиеттілік көктемгі мейрам кезінде 
киелі сусынға араластыратын су алу үшін өзен ағысының ортасы-
на келгенде дариды. Ағын су тәнін тазартқан, жағаға келе жатқан 
Заратуштра от сияқты жарқыраған Воху-Манды, яғни «Ізгі ниетті» 
көреді. Воху-Ман оны қасында оттай жарқыраған бес жан иесі бар 
Ахура-Мазда құдайға әкеледі. Олардан тараған жарықтың өткірлігі 
сонша, аңызда Заратуштраның жердегі өз көлеңкесін көрмегені ай-
тылады. Осы жерде Ахура-Мазда оған: «Өміріңнің соңғы күніне 
дейін маған қызмет етесің және адамдарға ақиқат – ашаны, демек 
әлемдік әділеттілік пен тәртіп туралы білімді үйретесің», – дейді.
Уәде берген ол адамдарға Ахура-Мазданың жаратылмаған жалғыз 
Құдай болатынын, оның мәңгі өмір сүретінін, бәрінің түпкі себебі, 
бәрін жаратушы, басқа құдайлардың барлығын жаратқан Құдай деп 
атауға болатынын жеткізеді. Заратуштра әлемде Ахура-Маздамен 
(Ормузд) қатар, оның өліспей беріспейтін жауы Анхра-Маньюдың 
Суретте: Патшаның оң жағында Ахура-Мазда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет