Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет89/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113
Байланысты:
алас жамалов лемдік ркениет іздері ежелгі шы ЫС

ІV бағана:
1-2. Дарий патша айтады: Менің Вавилонда істегендерім.
2-31. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданың рахымымен патша 
болған бір жыл ішінде мен он екі ұрыс өткіздім. Ахура-Мазданың 
рахымымен мен көтерілісшілерді басып, тоғыз патша тұтқындадым. 
Оның бірі – сиқыршы Гаумата. Ол елді алдап: «Мен – Кирдің ұлы 
Бардиямын», – деді. Персияны бүлікшіл етті. Тағы біреуі эламдық 
Ассина, ол: «Мен Элам патшасымын», – деді. Эламды бүлікшіл етті. 
Тағы бірі – вавилондық Нидинту-Бел, ол: «Мен – Набонидтің ұлы 
Навуходоносормын», – деп алдап, Вавилонды бүлікшіл етті. Тағы 
бірі – парсылық Мартия, ол: «Мен – Имнаиш, Элам патшасымын», –
деп алдап, Эламды бүлікшіл етті. Тағы бірі – мидиялық Фравар-
тиш, ол: «Мен Увахштры әулетінен Хшатритпін», – деп халықты 
алдап, Мидияны бүлікшіл етті. Тағы бірә – сағарттық Чиссатахма, 
ол халықты: «Мен Увахштры әулетінен Сағарты патшасымын», – 
деп алдап, Сағартыда бүлік ұйымдастырды. Тағы бірі – маргиандық 
Фрада, ол: «Мен маргиандық патшамын», – деп алдап, Маргианда 
бүлік ұйымдастырды. Тағы бірі – парсы Вазъяздат, ол: «Мен Кирдің 
ұлы Бардиямын», – деп алдап, Персияда бүлік жасады. Тағы бірі – 
армяндық Араха, ол: «Мен Набонидтің ұлы – Навуходоносормын», – 
деп алдап, Вавилонда бүлік жасады. 
31-32. Дарий патша айтады: Осы тоғыз патшаны мен шайқастарда 
тұтқындадым.
33-36. Дарий патша айтады: Көтеріліс жасау, алдап-арбау елдерді 
бүлікшіл етті. Олар халықты алдады. Кейін Ахура-Мазда оларды 
менің қолыма берді. Мен оларды өз еркімше жазаладым.
36-40. Дарий патша айтады: Егер сен келешекте патша болсаң, 
өтіріктен қатты сақтан. Егер сен «Менің елім бүлінбесін» десең, 
өтірік айтқан адамды қатты жазала.
40-43. Дарий патша айтады: Сен осы жазуды оқыған кезде, менің 
Ахура-Мазданың рахымымен жасағандарымның шындығына сен.
43-45. Дарий патша айтады: Мен бір жылда істеген, жазған- 
дарымның шындық екендігін Ахура-Маздаға айтып отырмын.
45-50. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданың рахымымен мен 
мұнда жазылмаған басқа істерді де істедім. Ол істерді жазбаған 
себебім, менің жасағандарымды оқыған кезде, «істері өте көп, өтірік 
жазылған» деп ойламасын дедім. 


244
50-52. Дарий патша айтады: Бұрын болған патшалар бүкіл 
патшалық құрған кезінде, менің бір жылда істегенімді істеген жоқ.
52-56. Дарий патша айтады: Менің істегендеріме сен және ол 
жайында халыққа айта жүр, Ахура-Мазда саған жолдас болсын, 
сенің әулетің көбейіп, ұзақ ғұмыр кешсін.
57-59. Дарий патша айтады: Егер бұл арнауды жасырып, халыққа 
айтпайтын болсаң, Ахура-Мазда сенің масқараңды шығарсын және 
сенің әулетің жойылсын.
59-61. Дарий патша айтады: Менің бір жыл ішінде істегендерім 
Ахура-Мазданың рахымымен жасалды.
61-67. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданың және т.б. 
құдайлардың маған көмектескен себебі – мен де, менің әулетім де 
өтірікші, зұлым болған жоқпыз. Мен әділетті қимыл жасауға тыры-
стым. Мен әлсіз адамға да, күшті адамға да қиянат жасаған жоқпын. 
Менің үйіме жақсылық жасауға тырысқан адамды мен марапатта-
дым, ал қастандық жасаған адамды қатал жазалап отырдым.
67-69. Дарий патша айтады: Сен келешекте патша болсаң, 
өтірікші, зұлым адам болма, ондайларды қатаң жазала.
69-72. Дарий патша айтады: Сен келешекте осы жазылған жа-
зуларды, бейнеленген суреттерді көретін болсаң, бүлдірмей, шамаң 
келгенше сақтауға тырыс.
72-76. Дарий патша айтады: Егер сен осы жазуларды көріп, оны 
шамаң келгенше сақтауға тырыссаң, Ахура-Мазда саған жолдас бол-
сын, сенің әулетің көбейіп, ұзақ ғұмыр кешсін, Ахура-Мазда сенің 
ісіңді сәтті аяқтасын. 
76-80. Дарий патша айтады: Егер сен осы жазулар мен бейне-
ленген суреттерді көріп, оны бүлдіретін болсаң, Ахура-Мазда сенің 
әулетіңді жойып, істеген істеріңді сәтсіз етсін.
80-86. Дарий патша айтады: ...мына еркектер менің жақтастарым 
болды, олар: парсы Вахияспарының ұлы Виндафарна, парсы 
Тухраның ұлы Отан, парсы Мардонияның ұлы Гаубарува, парсы 
Багабигнаның ұлы Видарна, парсы Багабухшаның ұлы Датавахии, 
парсы Ардумаништің ұлы Вахауки.
86-88. Дарий патша айтады: Сен келешекте патша болсаң, осы 
еркектерді сақта.
88-92. Дарий патша айтады: Бұл жазуды Ахура-Мазданың рахы-
мымен жаздым. Арий тілінен басқа, бұл жазу топырақтан жасалған 


245
тақтайшаларда және теріде жазылды. Бұдан басқа, мен мұны сурет-
те бейнеледім, өз ұрпақтарым жайлы жаздым. Мен мұны жазып, 
барлық елге тараттым. Халық оны оқуға тырысты.
V бағана:
1-14. Дарий патша айтады: Менің патша болғаннан кейін екінші 
және үшінші жылдарда жасағандарым: Элам атты ел көтерілісшіл 
болды. Атамайта, заты – эламдық адам, оларды басқарды. Осыдан 
кейін мен онда әскер жібердім. Менің құлым парсылық Гауваруваны 
мен басшы етіп тағайындадым. Гауварува әскермен Эламға аттанды. 
Көтерілісшілерді басып, оның басшысын маған әкелді. Бұдан кейін 
ел менікі болды.
14-17. Дарий патша айтады: Бұл эламдықтар Ахура-Мазданы 
құрметтемей, бүлікшіл болды. Ахура-Мазданың рахымымен мен өз 
еркім бойынша оларды жазаладым.
18-20. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданы құрметтегендер тірі 
кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де бақытты болсын. 
20-30. Дарий патша айтады: Бұдан кейін мен әскеріммен сақтар 
еліне аттандым. Бас киімді сақтар (Тиграхауд сақтары) маған қарсы 
күресті. Теңізге (Арал теңізі) келген кезде мен барлық әскеріммен 
қарама-қарсы жаққа өтіп алып, сақтардың бір бөлігін талқандадым, 
қалған бөлігін қолға түсіріп, кісендеп маған әкелді. Мен оларға көсем 
ретінде басқа адамды тағайындадым. Кейін ел менікі болды.
30-33. Дарий патша айтады: Бұл сақтар бүлікшіл болып, Аху-
ра-Мазданы құрметтемеді. Мен Ахура-Мазданы құрметтедім. Мен 
оларды өз еркіммен жазаладым.
33-36. Дарий патша айтады: Ахура-Мазданы құрметтегендер 
тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де бақытты болсын [100. 
311-321 б.].


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет