сол жағында – Митра. Ангро-Манью [101]
224
(Ахриман) бар екеніне көз жеткізеді. Бұл да мәңгі өмір сүреді, бірақ
Ахура-Маздадан айырмасы – барлық жақсылық пен жасампаздыққа
қатысында нағыз зұлымдық, жалғандық, жауыздық бастауы болып
көрінеді. Ахура-Мазда жарық патшалығында, аспанда өмір сүрсе,
Анхра-Манью мәңгі түнек, тамұқ (тозақ) патшалығында тұрады. Осы
өзара жауласқан патшалықтар арасын ауа кеңістігі бөледі.
Ежелгі парсы әнұраны Ахура-Мазда патшалығын: «Осы таң
қаларлық патшалықта, жарық патшалығында әртүрлі елдер көп,
олар құм түйіршігіндей көрінеді! Кемеліне келген, жетілген, айбын-
ды және киелі әулиелер бар. Қасиеттілер арам ой, ашу-ызаға орын
қалмаған құдайға сиынатын салтанатты орындарда өмір сүреді.
Жарық патшалығы елдері өлімді, қирау, жойылуды білмейді. Мұнда
жаулар, шекара қорғау үшін ұсталатын әскерлер мен қазанаттар да
жоқ! Ашкөз тілекпен жауыздар осы елдерге тиіскісі келгенімен,
оларға жақындай алмайды!
...Мұнда өмір сүретін адамдар қайғы, азап шегу, жүдеу,
азғындауды білмейді. Мұнда қаншама көз тартар сарай, үй,
ғибадатхана, шырын тәрізді дәмі сүйкімді қаншама тағам бар...
Бұл жерде қасірет әкелетін су тасқыны деген болмайды, ал осы
елдерде өсетін жеміс ағаштары жыл бойы өнім береді. Ақиқатында,
аспан жарығының салтанатты сарайлары керемет! Мұнда зиян шегу,
аз да болса жоқшылық атаулы жоқ, ал адамдар құстар тәрізді еркін!» –
деп суреттейді.
Ормузд және Ахриман табиғаты туралы Заратуштра: «Өздерінің
қарама-қарсылығымен даңқы шыққан алғашқы екі рух – егіздер бар...
Ойларында, сөз саптауларында және әрекеттерінде олар мейірімді
және мейірімсіз, жауыз ретінде ажыратылады. Осы екі рух алғаш
рет ұстасқанда болмыс пен бейболмыс жасалды және жалғандық жо-
лын ұстанған адамды жамандық күтсе, қайырымды, ізгілік жолына
түскенді жақсылық күтеді», – дейді.
Осымен қатар, Заратуштра үш мың жылға созылған алғашқы
дәуірде жарық және қараңғылық патшалықтарының бейбіт қатар
өмір сүргенін, осы уақыт ішінде Ахура-Мазданың алты Амеша-
Спентаны «Мәңгі өлмейтін Қасиетті» дегенді білдіретін құдайды
өмірге келтіргенін көрсетеді.
Ең алдымен, Воху-Ман – «Ізгі ниетті», содан кейін Аша-Вахши-
та – «Ең әділетті» жаратылады. Осы екі құдайдан кейін не әділ, не
225
әділетсіз екенін үйрететін Спэнта-Армаити – «Қасиетті сиынушы»
өмірге келеді. Хшатра-Вайрия – «Күткен Билік» өмірде әділеттілікке
қалай жетуге болатынын білдіретін құдай.
Хаурватат – «Бүтіндік» және Амэрэтат – «Мәңгілік» барлық
тірі әлемді нығайтып, тірлікте тура, әділ болғандарға мәңгілік өмір
сыйлауға міндетті. Ахура-Мазда осы құдайлармен бірге, арасында
Митра бар, басқа игілікті құдайларды жаратады.
«Күткен Билік» құдайы жерді өзінің тас күмбезімен қорғайтын
аспан иесі болды. Төменде орналасқан жер «Қасиетті сиынушыға»;
су – «Бүтінге», ал өсімдіктер «Мәңгілікке» тиесілі болды. «Ізгі ниет»
қолдағы сиырға, «Ең әділетті» отқа жанашыр болса, дүниеге келген
адам Ахура-Мазданың өзіне тиесілі.
Ахриман тас аспан аймағын көктей өтіп, жарық патшалығының
бар нәрсесін бүлдіруге кіріседі. Ол судың көп бөлігін тұзды қылып,
көптеген жерді шөл далаға айналдырады; өсімдіктерді қуратып,
алғашқы адам мен жуас сиырды өлтіреді; отқа шабуыл жасап, оны
түтінмен қорлайды, ластайды.
Ахура-Мазда жаратқан әлемді құтқару үшін, өсімдіктер әміршісі
болған «Мәңгілік» ұнтақталған өсімдік тозаңын бұлттың көмегімен
бар әлемге жаяды да, өсімдіктер бұрынғыдан қалың өседі. Жануар-
лар мен адамнан да тұқымдар алынып, таратылады. Осылайша, Ах-
риман жауыздығының салдары бұрынғыдан да нығая түскен әлем
пайдасына шешіледі.
Суретте: парсылар құдайы Ахура-Мазда [102]
226
Жарық патшалығымен күресу үшін Ахриман өзіне көмекшілерді
жасайды, соның бірі – қорқынышты айдаһар. Мұнымен күресуге
шыққан Ахура-Мазда баласы Атар отты мәңгілік сақтайтын адамның
көмегіне сүйенеді.
Ежелгі әнұранның бірінде Атар адамға: «Үй иесі, көмекке кел!
Төсегіңнен тұр, киіміңді ки, қолыңды жу, сенің таза қолыңмен
дайындалған отынмен қайта жануым үшін тезірек отын алып кел!» –
дейді.
Аңыз Ахриманның жын-шайтандарды, жүзі ер адам тәрізді бірақ
денесін түк басқан алып бойлы, қол-аяғының тырнақтары қисық
көріксіз, көптеген жауызды оттың күйелі, лас түтінінен жаратқанын
мәлімдейді. Оларға тұрақ болған апандар тауда, жердің терең
қабатында немесе көл ұлтандарына орналасады. Жер қыртыстарының
алтын, күміс және қымбат тастарын күзетіп, қолөнершілер ретінде
керемет әшекейлер жасап, адамдардың жанын арбайды... Жер асты
шеберханасында жұмыс істеген кезінде, адам соғылған балға дау-
сын және жер сілкінісін сезінеді. Әзәзілдер адам етімен қоректенген,
сондықтан апанда әрқашан адам жеткілікті болған. Осыдан қаһарман
патшалар мен батырлар бұл қанқұмарларды ашық күресте жеңіп,
көптеген ерлік жасайды.
Ахриман әзәзілдерді де жаратады. Аңыз олардың арасын-
да жартылай ер, жартылай әйел адамның да болғанын жеткізеді.
Осындай жан иесі әр жерде мысық, ит, сиыр және адам бейнесінде
қаңғырған ашушаң аджина деп көрсетіледі. Оның сүйікті орны
пештен шығарылған күлдік делінеді. Ахриман жаратқан сиқыршы
перілердің көз қарықтыратындай сұлу болатындары соншама, көрген
адам есінен танған.
Ежелгі парсы аңыздары алғашқы адамның пайда болғанынан
да хабар береді. Алғашқы адам Каюмос үш мың жыл бойы, Ахри-
ман бейнесіндегі жауыздық келгенге дейін жұмақта бақытты өмір
сүреді. Ахриман адамды өлтіргенімен, оның ұрығы қалады. Күн
осы ұрықты әртүрлі жамандықтан, жауыздықтан тазартады. Одан
екі бұтақ өсіп, үлкейген сайын адам пішініне ене береді. Көп ұзамай
бұтақтар өсіп, ер адам Матра және әйел Матройана өмірге келеді.
Бір-біріне жақындаспай елу жыл өмір сүрген оларға Ахриман күнәға
батуды үйретеді. Нәтижесінде жеті егіз бала дүниеге келіп, жерде
адамзат тегі пайда болады.
227
Адамның пайда болуы туралы тағы бір аңызда Ахриман Каю-
мосты өлтірген кезде, алғашқы адам қабырғасынан жерге екі тамшы
қан тамып, одан екі бұта өсіп шығады. Тоғыз айдан кейін бұталарда
екі бүршік пайда болып, ер және әйел адамдарға айналады, олар
қарт кісі түріне енген Ахриман келгенше қатар өмір сүреді. Ахриман
адамдарға шырынды жемістен дәм татуды ұсынады. Осыдан соң не-
кемен қосылған олардың балалары дүниеге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |