Ай көне түркі тілінде «AJ IV (ej?) қызғылт сары түсті жібек мата (МК 32
10
)
атауы, яғни мұнда да сұлулық, нәзіктік мағынасы бар. Сұлулық, әсемдік бұйым
мағынасында да кісі есіміне айналуы мүмкін, сондықтан бұл фактілер де назарға
алынуы тиіс.
Түркі халықтарының ұғымындағы айдың осындай және т.б. сипаттары бұл
сөзден тарайтын көптеген есімдердің жасалуына негіз болған, сондықтан Ай
компонентімен келетін барлық есімдердің мағынасында жоғарыда берілгендермен
қатар, көне түркі тілінде мынандай бірнеше ауыс мағынада қолданылған: «сұлу,
көркем, әдемі, бағалы; қасиетті, киелі; таза, жарық, нұрлы; ақылды, құрметті,
қымбат бағалы; бақытты, кемел» т.б. Осындай ұғым-түсініктер мен ат қоюға
қатысты арман-тілектердің негізінде кісі есімі ретінде тұрақты сақталып келеді.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
49
БАЙ
Көне түркі жазба ескерткіштерінің материалында «бай» сөзі кісі есімінің ком-
поненті ретінде мынандай есімдердің құрамында кездеседі: «BAJ III: baj араи.
собств. (Е 39
6
); baj buγaи. собств. (USp 14
2
, 17
2
, 38
7
); baj temürи. собств. (USp
2
2)9
, 25
S
); bört baj см. bört; tüz baj см. tüz II» [КТС,79]. Жалпы есім ретіндегі көне
түркілік мағынасы: BAJ I 1. богатый: baj er qojï бай ердің қойы (ThS H40); baj
meŋilig qïlγaj biz біз [оларды] бай әрі көңілді етеміз (Suv 34117); 2. ауыс. бай,
жомарт: tili čïn bütün häm közi köŋli baj тілі – бүтіндей шындық, көзі мен көңілі –
бай (жомарт) (QBN 417) [КТС 79].
Қазіргі қазақ тілінде де осы мағынасы сақталған: Бай: байлықтың иесі; аса
дәулетті, ықпалды адам, мырза. Бай компоненті кісі есімінің құрамында келген-
де 1. материалдық әрі рухани байлықтың иесі; билеуші, беделі жоғары, ықпалды
адам; жомарт, пейілі кең, жұрттың қамқоры. 2. Ұл бала, перзент. 3. Өзі жалғанған
сөздердің кісі есімі екенін білдіреді (антропокомпонент). «Бай» түбірі бүгінгі
тілімізде де тұрақты компонент ретінде қызмет етіп келеді. Бай сөзімен тіркесіп,
түркі тілдерінде Байгелді, Байгерей, Байғали, Байғозы, Байдолла, Байкүшік,
Байқара, Байқожа, Байқошқар, Байқуат, Байқұш, Байқұшат, Байқылыш, Байлық,
Баймақ, Баймолда, Баймұрат, Баймұхамет, Баймырза, Байназар, Байсары, Байсәлім,
Байсейіт, Байслан, Байсұлтан, Байсұңқар, Байсүйер, Байтазар, Байтемір, Байтөре,
Байтуған, Байтулақ, Байшат, Байшора т.б. секілді көптеген есімдер қалыптасқан.
Мағынасы айқын әрі бұл жөнінде даулы мәселе жоқ. Алайда осы түбірден
тарайтын кейбір антропонимдер жөнінде түсінік беру үшін, көне түбірдің бастап-
қы кезеңінде қалыптасқан тағы бір сөздің тегіне үңілуге тура келеді. Бұл бай,
бар сөздерінің бір негізден таралатындығына байланысты. Көне түркі тілінде
қолданылған мынандай мысалға тоқталамыз: «baj bar тіркес. бай: baj bar ẹrtim
бай бар едім (C5); baj barïmlïγ парн. байлық, барлық: baj barïmlïγ tïnlïγlar az бай,
дәулетті тірі жан аз(ТТ VI024). Көне түркілік «бар» мен «байдың» синонимдік
мағынасы кейінгі зерттеушілердің еңбектерінде де талдауларға негіз болады.
Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінде Э.Севортян бай сөзінің варианттарын
салыстыра отырып, А.Н.Самоилович пікіріне тоқталады. Мысалы, ба:й и т.д.
этимологический родственным с І ба:р~бар~вар и т.д. Сонымен қатар, моңғол
және манжұр тілдеріндегі «баян» сөзіне тоқталып, байлық, байю т.б. мағыналары
да қолданылатынын анықтайды [11, 28-б.]. Көне түркі жазбаларында сонымен
қатар bar bajagut тіркесі бар, дәулетті мағынасында қолданылған [КТС, 83 б.].
Ал түсіндірме сөздікте «Бар, молдық, молшылық, баршылық. Барлықты қай әйел
жек көреді» (Т.Ахтанов, Қаһарлы күндер) [12, 105-б.]. Бұл мысал А.Н.Самойлович
пікірінің орынды екенін көрсетеді, яғни «бар» мен «бай» сөздері ортақ негізден
тарайды. Тілімізде Барлық, Баржақсы, Барманбек, Барманқұл, т.б. Баян, Баянбек,
Баянжан, Баянқұл т.б. Бай, Байжан, Байбек, Байбосын т.б. антропонимдер арғы
мағынасы ортақ үш түрлі тұлғада (бай, бар, баян) қолданылып жүр.
Кісі есімдері қоғамның түрлі даму сатыларын басынан кешіре отырып,
ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан көне жәдігерлік. Мағыналарын тарихи
тұрғыдан талдағанда олардың аясында көптеген ақпараттардың сақталғанына куә
боламыз. Солардың бірі сырт көзге көріне бермейтін, тек антрпонимжасамдық
мағына арқылы ғана анықталатын көне лексика-семантикалық және лексика-
грамматикалық байланыстар. Бұл байланыстар қазақ антропонимдерінің біртұтас
болмысы мен есімжасамдағы ортақ принциптерді де айқындай түседі.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
50
ӘДЕБИЕТ
1. Жанұзақов Т. Есіміңіз кім? Ваше имя? – Алматы: Қазақстан, 1989. – 192 б.
2. Нұрмагамбетов А. О казахских этнонимах адай и шеркес // В сб. Тюркская
ономастика. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 248 с.
3. Карачаево-балкарско-русский словарь: около 30 000 слов. Карачаево-
Черкесский н. -и. ин-т ист., филол. – М.: Рус. яз., 1989. – 832 с.
4. Қайыржан К. Сөз – сандық: Қазақтың көне сөздері. – Алматы: Өнер, 2013. –
480 б.
5. Мусульманские имена. Словарь-справочник. – СПб.: ДИЛЯ, 2009. – 448 с.
7. Жанұзақ Т. Есімдер сыры (Тайны имен) // Парасат. 2004. 208 б.
8. Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ-ат тауарихының» тезаурус сөздігі. –
Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – 392 б.
9. Мамырбекова Г., Сейтбекова А. Әбілғазы баһадүр ханның «Түрік шежіресінің»
тезаурус сөздігі. – Алматы: «Фирма Орнак», 2013. – 480 бет.
10. Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. – Алматы: Арыс,
2006. – 168 б.
11. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. – Алматы: Қазақстан, 1997. 98 б.
12. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – М.: Наука,
1978. – 352 с.
13. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2 т. – Алматы, 1974. – 623 б.
14. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – М.: Наука,
1974. – 778 с.
Материял редакцияға 22.08.2017 жылы түсті.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
51
МРНТИ 16.01.45
Т.К ТОЛЕГЕНОВ
1
1
Кандидат филологических наук, доцент университета «Туран»
Достарыңызбен бөлісу: |