Тілтаным языкознание



Pdf көрінісі
бет27/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
ТІЛТАНЫМ-2017-3

Abstract: The article gives an analysis of Chinese proverbs and sayings, a 
structural classification of linguistic units. However, for an adequate understanding 
of the meaning of proverbs and sayings, it is necessary first of all to learn the skills of 
reading hieroglyphs, which are the key to understanding, the perception of a different 
culture, a different mentality.
Keywords: sayings & proverbs, Chinese language, language structure
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


57 
Сан ғасырлардан бері тарихтың талай беттерінде ортақ із қалдырған көршіміз 
Қытай елімен соңғы жиырма жыл көлемінде алыс-берістің, әртүрлі саяси-
экономикалық қарым-қатынастардың арта түсуі біздерді осы елдің тарихын 
тереңдей біліп, тілін жете түсінуге ынталандыруы заңды деп білеміз. «Қытай 
тіліндегі мақал-мәтелдердің құрылымы» деп аталып отырған мақаламыздың басты 
мақсаты қытай тіліндегі мақал-мәтелді құрылымдық жақтан топқа бөліп көрсету.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді күнделікті қолданып, жете түсінгенімізбен, 
қытай тілінде сондай деңгейге жеттік деп мақтана алмайтынымыз ақиқат. Қытай 
тіліндегі мақал-мәтелдерді орнымен қолдана білу үшін, ең алдымен, қытайдың 
жазба мәденитетін, яғни иероглифтерін жетік білу қажет. Иероглифтік мәтінді 
аударудың негізгі қиындықтарының бірі, ең алдымен, аударылатын мәтінді 
дұрыс талдай білуде. Қай халықтың болсын тарихын, дәстүрін, әдебиетін, өнерін, 
салтын және қоршаған әлемді түсіну ерекшеліктерін білу сол халықтың мақал-
мәтелдерінің мәнін, өзегін түсінуге жол ашады[1].
Зерттеуші К.Миньяр – Белоручев «Аудармашы, өзі тілін білуге ұмтылған 
халықтың мәдениетін терең түсініп тани алса, аудармада толыққанды болады» [1].
Қытай тіліндегі мақал-мәтелдер құрылымы жағынан өзіндік ерекшелікке ие, 
біз негізгі ерекшеліктерді мынадай үш топқа жинақтаймыз:
I. Ықшамдық және тепе-теңдік
II. Жалаң және күрделі
III. Тұрақтылық және жандылық
І. Ықшамдылық және тепе-теңдік.
Мақал-мәтел білімі, тәлім-тәрбиені жеткізудің құралы болғандықтан, табиғи 
түрде ықшам болып, адамдардың есіне сақтауына ыңғайлы болуы талап етіледі. 
Сондықтан да құрылым жағынан барынша ықшамдау әдісін қолданады. Ықшамдау 
әдісі мынадай бірнеше топқа бөлінеді:
Екі бөлімнен құралатын мақалды, ортасындағы тыныс белгісін алып тастау 
арқылы ықшамдау, мысалы:
一人做事一人当 –
Yi ren zuo shi yi ren dang деген мақал [3].
一人做事, 一人担当
yi ren zuo shi , yi rend an dang деген мақалынан алынған.
Қысқартуға мүмкіндігі бар сөздерді қысқарту арқылы ықшамдау, мысалы:
一心不足蛇吞象
Yi xin bu zu she tun xiang деген мақал, 
一心不足犹如蛇吞象 
Yi xin bu zu you ru she tun xiang деген мақалдың «犹如» 
деген сөзді қысқартуынан ықшамдалған [10].
Мағыналық мәндес сөздерден ықшамдап жасау.
Мұндай ықшамдау әдістері ауылшаруашылығы, ауа райы салаларында жиі 
кездеседі, мысалы: 水九早三春 Shui jiu zao san chun деген мақал қыстан бастап 
есептегенде, 81 күн күнде жауын-шашын көп болса, соңындағы көктемде 
қуаңшылық болады дегенді білдіреді. Осы сияқты мақалдың ықшамдалу дәрежесі 
өте жоғары болғандықтан, егер ол туралы түсініктері болмаса, ондай мақалды 
түсіну қиынға түседі.
Мақал-мәтелді ықшамдаудан сырт оны еске сақтауға ыңғайлы болу үшін 
мақал-мәтелдің тепе-теңдік құрылымын арттырудың әдісі де бар.
Кейбір мақал-мәтелдің алдыңғы және соңғы бөлімдері тек сана жағынан ғана 
сәйкес болып қалмастан, синтаксистік мағына жағынан да , құрылым жағынын да 
сәйкес болуды талап етеді. Мұндай сәйкестіктің мынадай төрт түрі болады:
1. Алдыңғы және соңғы екі бөлімі тек сана жағынан тепе-тең болуымен бірге, 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


58
сөздік мағына және сөз табы жағынан да тепе-тең болуымен бірге, сөздік мағына 
және сөз табы жағынан да тепе-тең болып келеді.
2. Алдыңғы және соңғы екі бөлімі құрылмдық қатынас жағынан ұқсас болумен 
бірге кейбір сөздер ұқсас болып келеді. Мысалы:
天无而日, 人无二里 
Tian wu er ri, ren wu er li
3. Алдыңғы бөлімнің соңғы мазмұнын соңғы бөлімнің бастапқы мазмұны 
ретінде қолдану, мысалы:
好手不敌拳, 双拳不如四手
Hao shou bu di shuang quan shuang quan bur u si 
shou
4. Сөздердің орнын ауыстырып қолдану, мысалы:
来者不惧, 惧者不来
lai zhe bu ju, ju zhe bu lai[4].
Мазмұны жағынан алып қарағанда , алдыңғы және соңғы бөлімі өзара сәйкес 
болатын мақал-мәтелдер мағыналас сәйкестілігі дегеніміз – өзара сәйкесетін екі 
бөлімнің мағынасы өте жақын (мағыналас) келеді, мысалы:
鱼不可离了水, 虎不可离了冈 
Yu bu ke li le shui., hub u ke li le gang 
Балық судан, жолбарыс таулы судан айырылмас.
Мұнда екі бөлімде де әрқандай нәрсенің өзіндік тұрмыс ортасынан айырыла 
алмайтындығын айтып отыр.
Мұндай мағыналас сәйкес айтпақшы болған идеяны тіпті де айшықтай түседі.
Қарсы мәндес сәйкестік.
Мұндай сәйкестікте алдыңғы және соңғы бөлімнің білдіретін мәні өзара 
қарама-қарсы болады, мысалы:
人往高处镞走, 水往低处流
Ren wang gao chu zou, shui wang di chu liu
Адам жоғары қарай өрлейді, су төмен қарай ағады.
ІІ. Жалаң және күрделі
Алдында айтып өткеніміздей, мақал-мәтел құрылымдық жақтан толық бір ойды 
білдіретін сөйлем болып есептеледі. Мұны мақал-мәтелдің мазмұны белгілейді. 
Осы жақтан қарағанда, мақал-мәтелдің құрылымы жалаң болады. Бірақ сөйлем 
ретінде ішкі құрылымның күрделі болуы жөнінен қарағанда, мақал-мәтел күрделі 
болып келеді.
Құрылымдық жағынан мақал-мәтел жалаң сөйлемді және күрделі сөйлемді 
болып бөлінеді.
Жалаң сөйлемді мақал-мәтелде әдеттегі жалаң сөйлеммен ұқсас кейбіреуі 
бастауыш, баяндауышты сөйлемсіз, кейбіреуі бастауыш, баяндауышты сөйлемді 
болып келеді.
Бастауыш, баяндауышты сөйлемсіз мақал-мәтелдер көбінесе етістік түрде 
келеді, мысалы:
没有过不去的焰山
Mei you guo bu qu de yan shan [4],[5].
Мұнда етістіктің топтаушы құрылымынан жасалған бастауыш-баяндауышсыз 
сөйлем болады.
Зат есімді бастауыш-баяндауышсыз сөйлем құрылымынан жасалатын мақал-
мәтелдер өте аз кездеседі.
Бастауыш-баяндауышты сөйлем құрылымынан туындайтын (тұрғызылатын) 
мақал-мәтеледр мынадай үш түрлі жағдайда жасалады:
1. Баяндауышы етістік болып келеді, мұндай жағдай көп кездеседі, мысалы:
好事多磨
Hao shi duo mo
Бұл мақалдағы баяндауыш етістікті негіз еткен құрмалас сөйлем. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


59 
2. Баяндауышы сан есім немесе зат есім болып келеді, мұндай жағдай біршама 
аз кездеседі, мысалы:
旁观者清
pang guan zhe qing. бұл мақалда 清 сан есімі бастауыш болып келеді.
Күрделі сөйлемді мақал-мәтелдің қалыптасу әдісі әдеттегі күрделі сөйлемнің 
қалыптасу мен жалпы болып келеді. Бұдан тыс, күрделі сөйлемді мақал-мәтелдің 
қалыптасқан формасы болады. Бұл әдеттегі күрделі сөйлемде көп қолданылмайды, 
ал мақал-мәтелде көп кездеседі, мысалы: 只有………..没有 ………формасында 
көп кездеседі. 
只有状元学生, 没有状元先生.
[11]
ІІІ. Мақал-мәтелдің тұрақтылығы мен жандылығы.
Мақал-мәтелдер ұзақ уақыт таралу барысында өзіндік тұрақты құрылым 
(құрам,форма) қалыптастырған, алайда бұл тұрақтылық салыстырмалы түрде 
айтылады. Ұзақ уақыт ауыздан-ауызға таралу барысында құрылымдық жақтан 
белгілі жандылыққа ие болады. Оны мынандай бірнеше түрден көруге болады:
1. Кейбір мақал-мәтелдің сөздерін ауыстырып қолдануға болады.
2. Салалас құрмалас сөйлемнен құрылған мақал-мәтелдің орындарын 
ауыстырып қолдануға болады.
3. Екі жәй сөйлемнен құралған күрделі құрылымдық мақал-мәтелдерді қолдану 
барысында бір жәй сөйлемді қысқартуға болады.
4. Күрделі құрылымдық мақал-мәтелдерді құрайтын екі жәй сөйлемді кей кезде 
бөліп, басқа сөздермен қосып қолдануға болады [12].
Мұндай жағдай мақал-мәтелде аз кездеседі, бірақ бұл мақал-мәтелдерді 
қолдану барысында үлкен икемділікке, жандылыққа ие екендігін аңғартады.
Қорытындылай келгенде, мақал-мәтелдің құрылымдық жағындағы тұрақтылық 
негіз, жандылықты, икемділікті білдіретін мағынасына әсер етпу негізінде қолда-
нуы керек.
Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, 
көптің ықыласына бөлейді. Сондықтан тіл қуатына барлық ғұлама тәлімгер, 
ұстаздар үлкен мән берген.
Әрине, сөйлей білу – үлкен өнер. Ол арымай-талмай, шешендік сырын зерттеуді, 
жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді.
Қазақ және қытай халқының мақал-мәтелдері түпсіз терең дариядай.
Осы мол қазынаны зерттеп талдау, салыстыра аудару тілтанушылар үшін, сон-
дай-ақ аударма ісімен айналысатын мамандар үшін жауапты міндет жүктейді.
ӘДЕБИЕТ
1. Сизов С.Ю. Китайско-русский словарь идиом: более 6000 словосочета-
ний. –М., АСТ:Восток-Запад, 2005. – 317 с.
2. «俗语»- Su yu . 湖北美术出版社.2008 – 25 с.
3. Щичко В.И. Китайский язык. Теория и практика перевода – М., 2005. – 64 с.
4. Акимов Т., Кыраубаев А.Ж. Хитайча – узбекча-русча фразеологик луғат. – 
Тошкент, 2002. – 79 с.
5. Малайсарин Ж. Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2012. 
57 б. 
6. Введенская Л.А. Китайские пословицы, поговорки. – Ростов-на-Дону: 
Ростовское книжное издательство, 1959. – С.120. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


60
7. Булыгина Т.В. Лучшие китайские пословицы и поговорки. Словарь-
справочник. Средний уровень, Восток-Запад, 2007. – 46 с.
8. Исаев Ә.Ү. Қытай тіліндегі идиомалар // Вестник КазНУ. Сер. Восток. №2 
(51) 2010. 49-52 бб.
9. КенжекееваД.М. Астарлы сөздер (Сехоуүй) және оның ерекшеліктері // 
Вестник КазНУ. Сер. Восток. 2010. № 2(51). 52-56 б.
10. Войцехович И.В. Практическая фразеология современного китайского 
языка. – М., АСТ: Восток-Запад, 2007. – 55 с.
11. Мәсімхан Д., Әбиденқызы А. Қытай филологиясына кіріспе: Оқу құралы. 
– Алматы: Қазақ университеті, 2002. 34 б.
12.《歇后语词典》温端政、沈慧云、高增德编北京出版社1984年
Материял редакцияға 26.08.2017 жылы түсті.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет