46
мағыналарындағы нәзік байланыс арқылы жалғасқан ортақ ақпараттар сатылай
дами отырып,
қауіп төндіруші мағынасына ұласқан. Бұл жауынгер тайпаға қауіп,
қиындық әкелуші ретінде басқа тайпалардың берген атауы, яғни «алға ұмтылу,
шабуылдау, тап беру» дегеннен шықса керек.
Адай есімінің мағынасын Көне түркі сөздігіне сүйеніп, кей ғалымдар
«балапан» мағынасын береді деген тұжырым жасайды. Сөздің шығу тарихына
тереңірек үңілсек, бастапқы негізі көне түркі тілінде қолданылған аяқ мағынасын
беретін ‛аdaq’, ‛аδаq’, ‛аjaq’, ‛аzaq’ сөздерімен түбірлес,
яғни адым, аттау, аяқ,
алға сөздерімен бір негізден тарайды.
Балапан деген мағынасы «алғашқы қадам
жасаушы», «аяғынан тұрушы» дегеннен шықса,
қауіп-қатер мағынасы «алға
ұмтылу», «шабуыл жасау», «қауіп төндірумен» байланысты қалыптасқан.
Адай есімі көне замандардан бері келе жатқанына қарамастан, кейде сәбиге
бастапқы мағынасында емес, тайпа атауына байланысты – қайсар, ержүрек, батыр
болсын деген ырыммен де қойылады, сөйтіп тайпа атауы кісі атына айналады.
Сондықтан бұл есімнің мағынасы кең – құрамында өмірге жаңа қадам басқан
балапан деген түсінік бар, сондай-ақ ерліктің де белгісі болып табылады.
АЛҒАДАЙ
Түрлі сөз тұлғалардың жасалуына негіз болған «ал» түбірінен тарайтын кісі
есімдерінің шығу уәждерін зерделегенде «алға» және «алу, бағындыру» секілді
екі мағынаны аңғарамыз. Сөз таптары тұрғысынан алғанда,
алға – бағыт мәнді
(барыс тұлғалы зат есім) сөз де,
алу – етістік, алайда бұл қазіргі сипаты. Ал
қисынға салып қарағанда, біріншісінде де қимыл мәнді ақпарат байқалады, демек,
екеуінің арасында мағыналық байланыс бар. Кісі есімдеріне негіз болған, сонымен
қатар «алдыңғы, алғашқы» мағынасындағы үстеу тұлғалы сөздер бар. Үшеуі де
антропоним жасамдық уәж шарттарына сәйкес келеді. Енді осылардың кісі есіміне
айналуына негіз болған мағыналардың көнеден бүгінге дейінгі сипатына тоқталып
көрелік. Бұл орайда кісі есімдерінің құрамынан үстеу мен етістіктің қалыптасу
жолдары көрініс береді.
І. Алғашқы, бірінші. Бұл мағына қарашай-малқар тілінде сақталған: Ал
1) алдыңғы:
ал аякъ алдыңғы аяқ [3]. Қазақ тілінде «алжапқыш, алшалғыш»
сөздерінің құрамында сақталған [4, 19]. 2) Кісі есімдерінің құрамында:
татар
есімдері: 1.
Алғай ‘тұңғыш бала’, 2.
Алгыр 1) ‘алдыңғы қатарлы, алғыр;
2)’шапшаң, ширақ, жылдам’. 3.
Алдан ‘тұңғыш бала’ [5].
Қазақ есімдері: 1.
Алға
‘баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген мағынада берілген есім’.
2.
Алғатай ‘алғашқы, тұңғыш, бақытты бала мәніндегі есім’ [6].
ІІ. Кісі есімдерінің «алғашқы, шабуыл, жауынгерлік» секілді мағыналық аясына
мынандай сөздер топтасады:
көне түркі тіліндеAL – (Ал-) 1. Күштеу, тартып алу:
kišig tut[t]um aldïm küčün jarmaqïm men
адамдарды ауладым (тұтқындадым),
күшпен ақшаларын тартып алдым (
QBAT 387
12
); 2. Басып алу, жаулап алу,
талқандау: tanut bodunïγbuzdïm oγlïn ju[tuz]ïn jïlqïsin barïmïn anta altïm Таңғұт
халқын талқандадым, ұлдары мен қыздарын, малы мен барын (байлығын) сонда
алдым (олжаладым) (БК24). Бұл мағына ХVI – XVII ғасырлардағы жазба мұралар
тілінде де сақталған. Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ-ат тауарих»
еңбегінде
«Ал –
ет. Алды –
алды, өзіне қаратты (бағындырды Б.Ә.)» [7, 20]. Әбілғазы
баһадүр ханның «Түрік шежіресі» еңбегінде: «Ал
ет. Алды –
бағындырды,
өзіне қаратты» [8, 30] мағыналарында қолданылған. Э.Севортян А:л түбірінің
өзі қарастырған еңбектердегі түркі тілдерінің барлығында 1. қулық; 2. өтірік;
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3
47
3. стратегия; 4. тәсіл мағынасында жұмсалатынын айтады [13, 126]. Осылардың
ішінде «стратегияның»
алға сөзімен байланысы назарға алуды талап етеді.
К.Қайыржанның «Сөз – сандық» еңбегінде «
Ал сын, көне. Қорқынышты (албасты
сөзі осы «ал» сөзімен байланысты); өр, даң* алкеуде (өркөкірек, омырау соқты,
даң кеуде) [4, 19].
Алғадай зат. көне белгілі адамның жекпе-жегімен басталатын
ұрыс үрдісі.
Алғай зат. көне Жау, алашы → Жәукен* Алдын тосып алғайдың,
шаңын қосып шалғайдың (
«Жорық жыры») [4, 24]. Кісі есімі ретінде:
Алғыр
‘өжет, ер жүрек, батыл, жүректі’ [6].
Осы талдаулардың барысында ілгеріде аталған есімдердің арасында, антропо-
нимдік уәж тұрғысынан алғанда байланыстың бары айқындала түседі. Түпкі
тегі «а» семасынан бастау алатын
а:дым, а:зақ, а:йақ сөздерін де
ал- түбірімен
байланыстыруға болатын секілді. Әу баста қазіргі тілміздегі «
А дегенде.
Әуелде,
алғашында» деген мағынадан өрбісе керек. Арғы тегі адамның алғашқы эмоция-
сын білдіретін одағай сөздердің қатарына жатады. Осыдан келіп
зат есім, сын
есім, үстеу, етістік секілді үш тарау мағына қалыптасқан. Бірішісі (зат есім) –
адақ (адым, аттау),
азақ, айақ сөздері; екіншісі (үстеу) – «ал» түбірінен тарайтын
алғашқы, алдыңғы, бірінші; үшіншісі (етістік) –
алу, алғыншы (алушы, жаулап
алушы); төртіншісі (сын есім) –
үрейлі, өркөкірек.
Жоғарыдағы мысалдарды салыстырғанда, сөздік қордағы сөздердің мағыналық
дамуымен бірге кісі есімдері де даму сатыларынан өтетіні байқалады. Мысалы,
«алғай» сөзінің ілгеріде келтірілген жалпы есім түріндегі (жау, басқыншы) мағы-
насы мен антропонимдік (тұңғыш бала) мағынасының арасындағы сабақтастық,
сонымен қатар олардың бойындағы дивергендік құбылыстың сырлары мен тарихы
арнайы зерттеп, зерделеулерді талап етеді. Қазіргі анықталған бір мәселе – Алға,
Алғай, Алғыр, Алғатай, Алғадай, Алдан, Алдыоңғар т.б. секілді антропонимдердің
түпкі морфемаларында байланыс бар, олар бір-бірімен нәзік антропонимдік тін
арқылы жалғасып жатқаны анық. Антропонимдердің шығу уәждеріне қойылатын
талаптар тұрғысынан Құттыаяқ, Құттықадам, Байқадам секілді есімдерді де осы
қатарға қоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: