25
Адамның барлығы дүниеге сәби, пәк күйінде келеді. Туылған
нәрестелердің барлығы періште.
Жылдар өтеді, отбасы, мектеп, ересектер
өмірі, қартаю. Бірақ қарт адамның барлығы бір емес. Барлығы бірдей дана,
елге сыйлы адам емес. Неге? Қателік қай жерден кетті?
Кей сұрақтардың шешімін табу қиын. Кей қайғыны көтеру мүмкін емес.
Қасыңдағы адамдар кей қиындықты жеңуге
көмектесе алмайтын кездер
болады. Осындай сәттердегі жалғыз емші – уақыт. Я, уақыт-емші. Бұл
уақыттың тағы бір қасиеті.
Мысал әңгіме
Ертеде бір патша өз өнерінің хас шебері, атақты суретшіні шақыртып,
тапсырма беріпті. «Жер бетіндегі адамдардың ішінен ең таза, ең пәк, күнәсіз
адамның суретін салып әкел» деп. Суретші көп ойланыпты. Ақыры, дүние
есігін ашқанына көп болмаған, періште сәбидің суретін салып әкеліпті. Патша
риза болыпты. Бірақ екінші тапсырмасы алдыңғысынан қиын еді. «Адамзат
баласының ішіндегі ең нашар, ең жауыз, ең сұмпайы адамның
суретін салып
әкел» депті бұл жолы патша. Суретші күн ойланады, түн ойланады,
айлар
өтеді, бірнеше ондаған жыл өтеді. Соншалықты жаман адамды табу қиынға
соғады. Ақыры шынымен де нашар,
шынымен де адам болмайды деген,
ұсқынсыз, күнәһарды табады. Сол байғұстың суретін салып отырғанда, әлгі
нашар адам суретшіге қарап отырып еңіреп жылайды дейді. «Сен неге
жылайсың?» деген сұраққа ол «сенің осыдан қаншама жыл бұрын салған
періште, пәк сәбиің мен едім ғой. Қазіргі салып отырған ең жаман адамың да
мен болғаныма күйінемін» депті.
Бұл мысалдан шығатын қорытынды: уақыт адамды басқарады. Сен
қандай адам болып өмірден өтесің? Белгілі бір
деңгейде ол сенің өзіңе де
байланысты. Өзіңдегіні бағалай білмесең, уақыт сені қандай қылатынын
ескер.
Достарыңызбен бөлісу: