К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет19/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

 
Тапсырмалар:
8.1. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: сарқырама, жидек, 
көгал, қырат, көз тартады, бу, аптап ыстық, жыл маусымы, қардың 
жаууы, боранның соғуы, аяз, қату, едәуір, жылға, бүршік, жер аяғы 
кеңиді. 


23 
8.2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құраңыздар.
8.3. Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер. 
8.4. Мезгіл мағынаны берудегі есімшенің ролін еске түсіріңіздер. Берілген 
тіркестерді есімшенің –ғанда, -генде, -қанда, -кенде формасына 
салыңыздар: қардың жаууы, боранның соғуы, аяздың болуы, ауа 
температурасының төмендеуі, жердің қатуы.  
8.5. Сөйлемдерді толықтырыңыз. Өз нұсқаларыңызды ойлап табыңыз. Үлгі. 
Басқа облыстарға қарағанда Сарыарқаның аязы қатты.
- . . . қарағанда . . . ыстық. 
- . . . қарағанда . . . суық. 
- . . . қарағанда . . . жылы. 
- . . . қарағанда . . . салқын. 
- Африкада температура өте жоғары, соған қарағанда . . .
- . . . . . . . . .
8.6. Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар. Өз өлкелеріңіз туралы пікір 
алмасыңыздар.
8.7. Өзіңізге ұнайтын жыл мезгілі туралы айтыңыз.
8.8. Табиғаттың ерекше, таңқаларлық құбылыстары туралы жазып, әңгімелеп 
келіңіз.
8.9. Тақырып бойынша әңгімелеңіз. 
8.10. Мәтінді оқыңыз. Мәтін негізінде түйіндеме құрастырып, сөздер мен сөз 
тіркестерін есте сақтаңыз. 
Сөйлеу әдебі 
Әр адамның өз сөйлеу мәнері, сөз ерекшелігі болады. Дегенмен
сөйлескенде адам мынадай қарапайым нәрселерді бойда қалыптастырғаны 
дұрыс. 
І.Сөйлеген кезде әр сөздің айтылу заңдылықтарын сақтап, мағынасына орай 
сөйлемде дұрыс қолдануға дағдылану керек. 
ІІ.Сөйлесіп отырғанда, пікіріңді айтқанда қолды сермеуге, қатты күлуге, 
бет-ауызды қатты қимылдатып, жөні жоқ қисаңдата беруге болмайды. 
ІІІ.Өзің туралы көп айта беру, барлық сөзді өзің бастау- ол да әдепсіздікті 
көрсетеді. 
ІҮ.Білмейтінің жөнінде айтпа, өзің түсінбейтін сөздерді қолданба. 
Аса қызынып, тез сөйлеудің көп жағдайда қажеті жоқ. Егер сөйлесіп 
отырған адам қатты сөйлесе, одан да қатты айғайлап сөйлеуге тырыспау 
керек.(М.Балақаев) 
8.11. Өзіңіздің сөйлеу тіліңізде кездесетін он кемшілікті жазыңыз. Көпшілік 
алдында сөйлеуге дайындық қажет пе?Қандай дайындық қажет? 


24 
8.12.Төмендегі тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз. Оларды 
пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.
Айтылған сөз атылған оқ, артына сөз қалдыру, аузының суы құру,аталы сөз, 
жылы сөз, жез таңдай, ас панға көтеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет