57
ұйымдармен арақатынасы, т.б күнделiктi
ақпарат алмасуы БАҚ-тың
коммуникативтiк қызметi арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңда БАҚ-тың жаңа жағдайда қалыптасуы мен жұмыс iстеуiне
саяси-экономикалық, мәдени, әлеуметтiк, құқықтық негiздер ықпал етуде,
оның бәрі үлкен ғылыми iзденiстердi қажет етедi. Қазақстан халқының
алдында
жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды қалыптастыру, оларды қоғам
өмiрiне енгiзу мiндетi тұр.
БАҚ таратқан ақпарат сенімді, дәл болуы міндетті. Өйткені,
халық ең
алдымен ақпарат құралдары таратқан хабарларға сенеді. Сондықтан, мәлімет
алынған дерек көздері нақты көрсетіліп, сілтемелер жасалуы тиіс. Сілтеменің
ресми, құзырлы орынға немесе қозғалып отырған мәселе бойынша жауапты,
жан-жақты мағлұматы бар тұлғаға жасалғаны абзал. Жалған ақпарат тарату
Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңына
сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: