К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


Билл Гейтстің басты 10 құпиясы



Pdf көрінісі
бет60/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

Билл Гейтстің басты 10 құпиясы 
 
Бірінші құпия. Керекті уақытта және керекті жерде болу. Microsoft 
жетістіктерін сирек кездесетін бақ деп санауға болмайды. Гейтс IBM мен 
келіссөздер жасаудың маңызды екенін түсінді. Ол персоналды компьютердің 
тарихын өзгерте алатынын ұқты және алты ай бойы «жолы болғыш» атану 
үшін тынбай еңбек етті.
Екінші құпия. Техникаға ғашық болу. Microsoft компаниясының негізгі, 
басты жетістігі Гейтстің техникалық білімі еді. Ол осы салаға байланысты 
маңызды шешімдерді өзі қабылдады. Көп жағдайда ол бәсекелестеріне 
қарағанда технологияның даму бағытының болашағын көре білді. Сондықтан 
да оны дарынды басшы дейтін болар, бәлкім.\ 
Үшінші құпия. Тұтқындарды алмау. Гейтс – өте қатал бәсекелес. Үнемі
тек жеңіске жетуді мақсат етеді. Оған дәлел, мысалы, келіссөздер жүргізу 
кезінде өте мейірімсіз болады екен. Бәсекелес компанияда жұмыс істеген 
адамдарды жұмысқа алмайды.
Төртінші құпия. Жұмысқа тек ақылдыларды алу. Бастапқы кезден-ақ 
Гейтс компания ең ақылдыларды, дарындыларды қызықтыру керек деген 
болатын. Бұл сөз кей топтарға ұнамады, алайда қолдаған топтар да болды. 
Мысалы, колледжді бітірген дарынды студенттер өз мамандығы бойынша 
жұмысқа тұра алатын.
Бесінші құпия. Үнемі дайындықта болу. Microsoft-та Гейтс тынымсыз, 
өз бетімен үйрететін мәшине жасап шығарды. Оның ойынша, қателік жасауды 
болдырмайтын жалғыз – осы жол. Оның бәсекелестері осындай қарапайым 
нәрселерді ойламайды.6 
Алтыншы құпия. Алғысты күтпеу. Гейтс бай адам болғың келсе, көп 
еңбектену керек, бұл жолда бәсекелестер өте көп болады дейді. Қысқасы, 
жауларың көп болмай, бай адам бола алмайсың. 
Жетінші құпия. Алдын ала болжай білу. Билл Гейтс бизнес-
көшбасшысының жаңа бейнесі. Көп жылдар бойы ол өзін компьютерлік 
индустриядағы болжағыш екенін дәлелдеп келді.
Сегізінші құпия. Жан-жақты болу. Microsoft жетістігінің негізі - көп 
көлемді жобаларды бір уақытта басқара білу қабілеті. Гейтсті «жан-жақты 
адам» деп атайды, ол бір уақытта әртүрлі техникалық тақырыптарға бірнеше 
әңгіме жүргізе алады екен. Бұның өзі компания басшысының керемет 
қабілетті екенін көрсететін болар, сірә...
Тоғызыншы құпия. Байт өлшемі бойынша бизнес жасау. Microsoft 
салыстырмалы түрде үлкен компания емес. Басқарушы топқа қолайлы жағдай 
жасау үшін оны ұсақ компанияларға бөлінеді. Гейтстің ойынша, компания 
қарапайым құрылымды болса, оны толық бақылауда ұстау жеңіл болады.


76 
Оныншы құпия. Доптан көзді алмау. Гейтс жиырма жыл бойы биікте 
тұр. Осы уақыт аралығында әлемнің ең бай және атақты адамына айналды. 
Байлығы мен жетістігіне қарамастан, Гейтс тоқтап қалған емес. Оның сөздері 
бойынша, ол «үлкен істі» өткізіп алғысы келмейді. Ол басқа IBM, Apple 
сияқты компьютерлік компаниялардың қателіктерін қайталағысы келмейді.
15.7. Мәтінді қайта оқыңыз. Сіз қалай ойлайсыз? Топтасыңызбен сөйлесіңіз. 
1. «жолы болғыш» атану үшін тынбай еңбек етті. Сіздің «жолыңыз болғыш» 
па? Өміріңізде қашан жолым болды деп айтатын жағдай болды?
2. Сіз өз жұмысыңызды жақсы көресіз бе? Әңгіме кейіпкері сияқты өз 
жұмысыңызға ғашық бола аласыз ба? Иә/ Жоқ. Неге?
3. Егер сіз басшы болсаңыз, қандай басшы боласыз? Қатал ма? Мейірімді ме?
4. Қысқасы, жауларың көп болмай, бай адам бола алмайсың. Ал сіздің 
жауларыңыз бар ма? Сіз осы тұжырыммен келісесіз бе?
5. Сіз жан-жақты адамсыз ба? Егер иә десеңіз, қалай дәлелдейсіз?


77 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет