Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


САФА ТӨБЕСІНЕН АЙТЫЛҒАН ҮНДЕУ



Pdf көрінісі
бет69/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

САФА ТӨБЕСІНЕН АЙТЫЛҒАН ҮНДЕУ 
Исламды уағыздау кең өріс ала түсті. Ашықтан-ашық ақиқатқа үндеу 
иманды рухтарға қуаныш сыйласа, мүшріктердің қаупін үдете түсті. 
"Саған бұйырылғанды оларға жеткіз." (Хижр сүресі, 94-аят) деген 
Аллаһтың пәрменін алған соң әлемдердің мақтаны - Мұхаммед (с.а.у.) 
саябыр таппады. Алып-ұшқан көңілі жерлестеріне материалдық-рухани 
бақыттың жолын тезірек көрсетуге асықты... 
Аллаһ Расулы меккеліктерге Исламият пен пайғамбарлық жайын қалай 
түсіндірерін ойланып жүрген. Көп толғанып ақыры Сафа төбесіне шығып 
жар салғанды жөн көрді. Биіктен халыққа үндеу тастаса, естігендер не екенін 
білу үшін болса да келері хақ. 
Өйткені арабтардың әдеті бойынша біреу сырттан әлдеқалай қауіп 
сезсе, не болмаса маңызды хабар жариялау керек болса, биік төбеге шығып 
"Айтарым бар" деп, халықты жинайтын болған. 
Хазіреті Мұхаммед те (с.а.у.) осы үрдісті жөн көріп, меккеліктердің 
алдында жарияға жар салып, өзінің Аллаһтың соңғы пайғамбары екендігін, 
Исламның хақ дін екенін айтып, қолдауға шақырды: 
"Ей, құрайыштар, келіңдер, айтқандарыма құлақ қойыңдар, сендерге 
арналған маңызды хабарым бар", - деп жұрттың назарын аударды. 
Ел-жұрт "Бұл кім болды екен? Не айтпағы бар? Жоқ, әлде, дұшпанның 
қаупі төнді ме?" деген оймен апыр-топыр, лезде жиналып қалды. 
Сафа төбесінің маңына асығып жеткендер үндеушіні бірден таныды. 
Ол жеті жасар баладан жетпістегі қарияға дейін жақсы таныс Мұхаммедул-
Әмин еді... 
Не тілегі болды екен?! 
"Ей, Мұхаммед (с.а.у.) айтарыңды тезірек айтпасаң, тағатымыз 
таусылар түрі бар", - деп, көпшілік арасынан шыдамсыздық танытқандар да 
табылды. 
Барша халық жиналып, асқан ықыласпен ден қойып, жанарлар өзіне 
қадалып, айналаны тыныштық билеген сәтте Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) сөз 
бастады: 
"Ей, құрайыш қауымы, туған-туыстар! Мен ешқайсыңызға да бөтен 
емеспін, білесіздер. Не айтсам да сіздердің қамдарыңызды ойлап айтам. 
Дұшпан әскерінің келе жатқанын көрген шын жанашыр кісі сол қауіптен 
қорғану үшін жақын-жуығына хабар беруге асығатыны сияқты, мен де аса 
маңызды мәселені, қайырға бастар бағытты көрсету үшін сіздерді жинадым. 
Ей, құрайыштар! 
Сендерге қазір сонау таудың арғы бетінде жау әскері келіп қалды, 
біраздан соң тарпа бас салмақшы десем, менің сөзіме сенесіңдер ме?" 
Бұған дейін жалған айтпақ түгіл, өтіріктің атынан жиренетінін 
білгендіктен халық бірауыздан Мұхаммедул Әмин атанған пайғамбарға: 
"Әрине, сен айтсаң, сенеміз. Сенің турашылдығың әрқашан бізге өнеге. 
Жалған атаулыдан бойыңды аулақ салатының баршаға аян. Неге сенбеске?" - 
деп жауап берді. 


111
"Олай болса", - деп Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) құрайыш тайпасының 
әрбір руын жеке-жеке атап шықты да: 
"Мен - сендерге Аллаһтың әмірін жеткізушімін. Құдіреті күшті Аллаһ 
Тағала маған ең алдымен жақын туыстарыңа ақырет азабын ескерт!" - деп 
бұйырды. Сендерді "Аллаһ жалғыз, одан басқа тәңір жоқ" деп иманға келуге 
шақырамын. 
Мен де - оның құлымын әрі елшісімін. 
Егер айтқандарымды қабылдасаңдар жұмақтың есігі сендерге айқара 
ашылады. Тағы да қайталап айтамын, Лә иләһә иллаллаһ (Аллаһтан басқа 
тәңір жоқ) деп мойындамасаңдар менің дүниеде де, ақыретте де пайдам 
тимейді. 
Аллаһтың Елшісінің сөздеріне онсыз да делқұлы Әбу Ләһабтың 
зығырданы қайнады. Жерден тас алып: 
"Тұқымың өспегір, бізді жинағандағы айтпағың осы ма еді?" - деп, 
қолындағысын Пайғамбарымызға қарай лақтырып кеп қалды. 
Одан басқа тыңдаушылар арасынан ешкім ләм-мим деместен, тек өзара 
күбірлесіп тарасты... 
Осы әрекетімен-ақ Әбу Ләһаб Аллаһтың қарғысына ұшырады. 
Расулаллаһқа деген наразылығы, өштестігінің сазайын тартты. Аллаһ 
тарапынан аян болған "Тәббат" сүресінде Әбу Ләһабтың азапты ақыры 
туралы айтылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет