бар түрі, мысал, хикаятәпсананың кей түрі). Бұлар –
көркемделген проза. Екіншісі – эстетикалықтан басқа қызмет
ат қаратын прозалық жанрлар (аңыз, әңгіме, хикая, миф). Ал
айтылғандар – көркемдігі қарапайым проза. Әдетте, айтушы
мен тыңдаушылардың өздері де бұларды көркем шығарма
деп қабылдамайды. Айтылмыш жанрлардың басты мақса
ты – тыңдаушыларға тарихи, саяси, діни, т.б. практикалық
мә лімет, хабар беру. Сол себепті оларда шығарма мазмұнын
көркемдей, әсірелей баяндау мақсат тұтылмайды. Керісінше,
олар нақтылы және қарапайым сипатта баяндалады және
сонысымен кәдімгі жай сұхбатәңгімеге жақындайды.
Жалпы, фольклор жанрларының өмірге қатынасына бай
ланысты атқаратын қызметін сөз қылғанда, өте маңызды
нәрсе – фольклордың көркемдігі. Көркем өнерге айналмаған
фольклордың басты мақсаты – танымдық. Бұған халық про
засының ертегіге жатпайтын тобы кіреді, атап айтқанда:
ауы зекі әңгіме, хикая, аңыз, шежіре, миф, әпсана, хикаят.
Бұлардың міндеті – жас ұрпаққа белгілі дәрежеде маңайдағы
табиғат, елдің өткенкеткен өмірі жайлы «білім» беру, тың
[
32
]
даушыларды ел тарихынан хабардар ету. Сол себепті бұл
жанрларда асыра көркемдеу, әсірелей суреттеу өте аз болады.
Сөз өнеріне, көркем дүниеге айналған фольклор жанр
ларының басты функциясы – эстетикалық, тәрбиелік болып
келеді. Ол жанрлар шығармаларында өмірді бейнелеу тікелей
танымдық мақсат көздемейді, керісінше, адамды иландыру,
сол арқылы тыңдаушыға үлкен әсер ету мақсатын көздейді,
оны ләззатқа бөлеуге тырысады. Қазақ халық прозасының ер
тегі жанрлары түгелдей осындай қызмет атқарады. Көркем
фольклор ретінде ертегі өмірді, болмысты таныпбілу ниетімен
айтылмайды.
Фольклорды зерттегенде, оның танымдық түрін де, көркем
түрін де жанжақты қарастыру қажет. Өйтпеген күнде жанр
лар теориясын жасау мүмкін емес, көркем түрлердің даму
заңдылықтарын да ашу қиын. Мысалы, көркемдігінен гөрі
танымдық қызметі басым прозалық жанрлардың осы күнге
дейін қазақ фольклортануында зерттелмей келуі – жоғарыда
айтқан принципті сақтамаудың салдары. Соның нәтижесінде
бізде әлі күнге дейін қазақ халық прозасы жанрлық тұрғыдан
зерттелмей келді, жанрлар ғылыми саралауға түскен жоқ,
олардың ішкі даму заңдылықтары мен тұрақты белгілері
айқындалған жоқ. Ал белгілі бір жанрдың табиғатын, ерек
шелігі мен зандарын білмейінше ол жанрға жататын шығар
маны объективті түрде және дұрыс бағалау қиынға соғады.
Себебі қашан болса да бір нәрсенің ерекшелігі, жалқылық
қасиеті тек жалпымен, ортақтықпен байланыста ғана анық
талады.
Фольклорда, тегінде, жеке адамның характері көрсетіл
мейді. Онда жеке адамның тағдыры баяндалады. Бұл тұрғыдан
келгенде, әсіресе, прозалық фольклор өте мәнді материал
береді. Мәселен, ертегіде бас кейіпкер өз ортасынан дара
алынып көрсетіледі: ол қалыңдығын іздеп, таутасты кезеді,
демек, ертегі кейіпкері өзін қоршаған дүниемен ерекше қа
тынаста бейнеленеді, тіпті ол бүкіл маңайындағы тылсым
күштерге, бейтаныс қауымға қарсы қойылады. Бірақ соның
өзінде де оның мінезқұлқы ашылмайды, тек басынан кешкен
оқиғалары әңгімеленеді. Шығарманың барлық назары кейіп
кердің ісәрекетіне аударылғандықтан бір мезетте оның ауы
[
33
]
лындағы, елжұртындағы оқиғалар баяндалмайды. Бұл жерде
«фольклорлық уақыт» заңы билік етеді.
Фольклордың әдебиеттен айыратын бір өзгешелігі – шы
ғармада уақыттың бейнелену түрі. Егер әдебиетте уақыт өткен
және осы шақ ретінде көрініп, өзінің нақты мағынасында
бейнеленсе, фольклорда уақыт ең алдымен өткен шақ, ерте
заманда өткен дәуір ретінде түсіндіріледі де, ол сығымдалып
бейнеленеді. Сонымен бірге фольклорлық шығармада баяғыда
болған кейіпкердің ісәрекеті осы шақ түрінде баяндалады, яғни
осы қазір болып жатқандай сезіледі. Кейде грамматикалық
формасы өткен шақ болса да, оқиға мен қимыл, ісәрекет осы
шақ мағынасында түсініледі.
Міне, фольклор жанрларын ғылыми саралағанда, оның тео
риясын жасағанда, бұл да ескерілетін мәселе.
Осыған қоса айтатын нәрсе – фольклорлық шығарманың
баяндау барысындағы уақыт. Фольклорлық шығармада уақыт
ешқашан кері шегінбейді. Басқаша айтқанда, жыршы немесе
ертегіші әдебиеттегі сияқты бір кезде болып жатқан екіүш
оқиғаны қатар көрсетпейді. Мысалы, әдебиетте кейіпкердің
өз басынан кешкен оқиғалар баяндалып отырып, автор кейін
шегініп, осы кезде оның үйінде не болып жатқанын, оның
маңайындағы адамдар қандай әрекет істеп жүргенін, олардың
тағдырларын суреттей береді. Ал фольклорлық шығармада олай
емес. Айтушы, жыршы қаһарманның тағдырын баяндау кезінде
дәл осы уақытта оның елінде не болып жатқанын суреттемейді.
Батыр жоқта елін жау шауып кеткені жайлы ол кейіпкер еліне
қайтып келген кезде ғана баяндайды, яғни батырдың жорықта
жүрген кезіндегі сәтпен қатар баяндамайды.
Фольклорлық шығармада уақыт ылғи да өткен дәуір болып
көрінеді. Бірақ осы өткен дәуір айтушы мен тыңдаушыға өз
заманымен тығыз байланысты болып сезіледі, баяндалып отыр
ған оқиғалар осы әңгімеленіп отырған кезде болып жатқандай
қабылданады. Бұл қасиетті, әсіресе, батырлар мен тарихи
жырдан және аңыздан, шежіреден байқауға болады. Демек,
фольклорлық шығармадағы қазіргі шақ пен бұрынғы шақтың
жігі айтушы мен тыңдаушылар үшін баяндалған оқиғаның ерте
заманда болғанында емес, сол оқиғаның қаншалықты маңызды
екенінде. Олай болса, фольклорлық жанрларда уақыт әр түрлі
3278
[
34
]
мағынада қабылданады. Кейбір жанрларда (ғашықтық жырда,
батырлық, қиялғажайып ертегілер мен хикаяттарда) өткен
дәуір маңызды бола тұрса да, тұйықталып («закрытое в себе»
деп Гегель айтқандай), тарих дүниесі болып қабылданады.
Ал енді бір топ жанрда (батырлар жырында, тарихи жыр да,
шежіре мен аңызда) өткен дәуір айтушы мен тыңдау шылар
заманымен сабақтасып, тіпті әлі жалғасып жатқандай сезіледі.
Бұдан шығатын қорытынды: фольклорлық шығармада та
рих пен қазіргі заман (айтушы мен тыңдаушының дәуірі)
уақыт өлшемімен жіктелмейді. Ол екеуінің арақатынасы, жігі
елдің, айтушы мен тыңдаушылардың санасы мен ой елегінен
өтіп белгіленеді, баяндалып отырған оқиғаның ел үшін ма
ңыздылығымен, сол дәуірге үндестігімен, жалғастығымен өл
шенеді.
Фольклорлық жанрлар теориясын зерттеу үстінде ескеруді
қажет ететін фактордың бірі – шығарманың орындалу мәне
рі, яғни айтушы оқиғаға өзін қатысты қылып айта ала ма,
әл де керісінше, шығармадағы оқиғаны өзіне еш қатысы жоқ
қылып баяндай ма? Міне, бұл да фольклор жанр ларын ерек
шелендіретін жайт. Әдетте, әдебиет теориясында мұны «мен»
және «ол» формасында жазу дейді. Бірақ бұл жерде мәселе
басқаша. Әдеби шығармада «мен» деген автордың нақ өзі
болмауы мүмкін және романдағы оқиғалардың «мен» атынан
баяндалғанымен авторға еш қатысы болмауы тағы ықтимал.
Ал фольклорда, оның ішінде жай әңгіме мен хикаяда айтушы
оқиғаны тура өз басынан өткен қылып айтады. Мұндағы
«мен» – айтушының өзі. Бұдан шығатын қорытынды – көркем
фольклорға айналып үлгермеген шығармада айтушы сюжетті
өзіне қатысты қылып құрады да, өзінше баяндайды. Сол арқылы
ол шындықтың фактілерін өз дүниетанымы тұрғысынан тү
сініп, оларды (фактілерді) өз мүддесі үшін пайдаланады. Шы
ғарманы бұлай баяндау әдісін трансформативті, яғни өзгерте
баяндау дейді. Мұнда айтушы өмірде болған фактіні өзінің
қалыптасқан түсінікпайымын дәлелдеуге пайдаланады. Со
ның салдарынан айтылып отырған меморат пен хикаяда
болмыс тікелей көрінбейді, ол айтушы санасы мен сезімінің
көрігінен өтіп бейнеленеді. Бірақ мұнда айтушының көркем
даралығы жоқ, себебі ол баяндау үстінде көркемдеуді мақсат
[
35
]
тұтпайды. Айтушы үшін оқиғаны өте нанымды етіп баяндау –
басты міндет. Яғни, тыңдаушыларды айтқанына сендіру және
арқылы өз ойы мен түсінікпайымын заңдандырып бекіту –
айтушы үшін аса маңызды. Ол әңгімесіне көркемделген қиял
ғажайып элементтер енгізе алмайды. Ондағы қиялғажайып
элементтер (айталық, жез тырнақты сұлу әйел, жалғыз көзді
дәу, т.т.) – елдің бәрі сенетін нәрселер. Сондықтан тың дау шы
лар оларды өтірік деп есептемейді.
Жалпы, халық прозасының ертегіге жатпайтын шығар
малары баяндалып отырған оқиғаны неғұрлым шындыққа
жақын, өмірде болған етіп көрсетуге тырысады. Бұл ретте
жоғарыда атап кеткен меморат пен хикая жанрларынан басқа
аңыз бен шежірені атауға болады. Олар көркем сөз бола тұрса
да ел үшін ең алдымен тарихи және праволық қызмет атқарды.
Шешендік сөз бен шежіренің эстетикалық қызметінен идеоло
гиялық қызметі басым болғандықтан ол жанрларда ешқандай
қиялғажайып қоспа болған жоқ. Сол себепті бұл жанрлардың
шы ғармалары айтушының оқиғаға тікелей қатысуын ке рек
қылмаса да өмірде шын болған жағдайды баяндайды деп есеп
телген. Ондағы оқиғалар ешбір күдік туғызбаған, тың даушы
оған күмәнданбаған.
Рас, бұл шығармалардың айтылу мәнері меморат пен хикая
дан өзгеше. Мұнда, фольклордың көркем жанрлары айтушы
оқиғаны сырт баяндайды, шығармадағы ісәрекеттер өзінен
өзі болып жатқан секілді қылып көрсетеді. Мұндай баяндауды
презентативті, яғни нұсқай, көрсете баяндау дейді.
Баяндаудың бұл түрі көркем фольклорға, атап айтқанда,
ертегіге, жырдың барлық жанрына тән. Мұндағы сюжет эпи
калық болып келеді. Оған экстенсивтік сипат тән. Басқаша
айтқанда, бұл сюжет – бірінен кейін бірі баяндалып отыратын
оқиғалар тізбегі, ал оқиғаларды біріктіретін, тудыратын нәр
селер – кейіпкерлердің ұзақ сапары, сол саяхат кезінде басы нан
кешетін қиындықтары, әр түрлі жаулармен, мақұлықтар мен
қақтығысы, т.т. Демек, сюжетті жыршы мен тыңдаушының
қалауынша созуға да, қысқартуға да болады. Кейіпкерлер
дің (батыр мен жаудың) арасындағы әрбір қақтығысы жаңа
эпизод туғызады, келесі оқиғаның бастамасы (завязка) не
месе түсіндірмесі (мотивировка) бо
лады. Сюжеттің дамуы
[
36
]
шығарманың ішкі қайшылығынан шықпайды, керісінше ол
жалғамалы сипат қабылдайды, сондықтан оны кез келген
жерде үзуге болады немесе тағы соза беруге болады. Бұл,
әсіресе, биографиялық және генеалогиялық циклизацияға
түскен, одан өткен шығармаларда өте айқын көрінеді. Мысалы,
батырлар жырында эпикалық сюжеттің бұл ерекшелігі барын
ша анық сезіледі. Мұны ғашықтық жырдан да, тарихи жырдан
да байқауға болады.
Ал проза жанрына келсек, сюжеттің бұл типі ертегіде
кездеседі. Батырлық, қиялғажайып және хикаялық ерте
гілерде шығармалар көбінекөп «экстенсивтік» сюжет ке негіз
делген.
Көркем фольклор шығармаларының тағы бір орындалу
мә нері бар. Ол – экспозитивті, яғни түсіндіре баяндау. Бұн
дай мәнер өте шебер жыршылар мен ертекшілер өнерінде
кез деседі. Олар жай жырлап, болмаса ертегіні құр баяндап
қоймайды. Оқиғаға араласпай отыра, олар кейде тікелей,
кейде жанай баяндалып отырған оқиғаға деген өз қатынасын,
яғни көзқарасын білдіріп отырады, текстің арасына түсіндірме
енгізіп отырады, я болмаса өмір туралы, не өзі жайында толғап
кетеді, т.т. Сөйтіп, қалай болғанда да өзінің бүкіл шығармаға,
кейіпкерге, бір оқиғаға деген қатынасын сездіріп отырады.
Жыр мен ертегінің бастамалары мен аяқтамаларының өзі
ақ орындаушылардың шығарма туралы ойпікірін білдіріп
тұрады.
Фольклор өмірді де, кейіпкерді де бір тұрғыдан бейнелейді,
бір жағынан ғана сипаттайды. Батырлар жыры болса, онда
тек жекпежек, қақтығыс пен соғыс туралы айтылады, ал
ғашықтар жырында екі жастың адал махаббаты мадақталады.
Батырлар жырында бас кейіпкер тек жауынгер тұлғасында
бейнеленеді де, ғашықтық жырда кейіпкерлер махаббат құр баны
болып көрсетіледі. Мұнда (бір шығарма ішінде) болмыстың әр
жағы суреттелмейді, тіршіліктің қырсыры, қайшылықтары
ашылмайды, ал кейіпкерлер не бірыңғай батыр, не бірыңғай
ғашық болып келеді. Оларда күмәндану, толғаныс, психо
логиялық терең қиналыс болмайды.
[
37
]
Міне, фольклорды әдебиеттен тағы бір ерекшелендіріп тұ
ратын белгі осы. Бірақ бұл ерекшелік фольклор жанрларын
іштей жіктеп, саралауда айтарлықтай роль атқармайды.
Қандай шығарма болса да ол өмірді белгілі бір әдіспен
бей
нелейді. Бұл әдістің басты белгісі – көркемдік деңгей,
кейіп
керлер мен оқиғалар арқылы көрінетін шығарманың
шындыққа қатынасы. Яғни фольклорлық шығарманың өзі
баяндалып отырған оқиғаларды шын болған деп бере ме, жоқ
па және айтушы мен тыңдаушылар оған илана ма, иланбай
ма – міне, жанрды анықтаудың басты шарттарының бірі осы.
Жанрды анықтап, зерттеудегі біздің мақсатымыз фольклорлық
шығарманың табиғатына ену, сөйтіп оның көркем шығарма
ретінде ұстанып отырған принципі мен шарттылығын (услов
ность) анықтау.
Фольклорлық жанрлар неғұрлым шындыққа жақын болса,
яғни оқиғаны өмірде болған деп бейнелеуге барынша тырысса,
соғұрлым олар сюжеттік және көркемдік жағынан ұтылады:
шығарманың сюжеттік арқауы бос болады, композициялық
құрылысы ширамайды, көркемдік тұтастығы жетілмейді.
Бұл – танымдық функциясы басым жанрларда кездесетін
құбылыс.
Тегінде, фольклордың өмірді бейнелеу принципі объективті
емес, көп жағдайда субъективті және нормативті болады.
Бірақ бір жанрда бұл екі принциптің біреуі ғана басты болады.
Мысалы, эпоста субъективті принцип негізгі болып саналады.
Алайда, мұнда субъективтілік объективті формада көрінеді.
Мысалы, қаһармандық эпоста батырдың ерлік қимылы мен
ісәрекеті мадақтала жырланады, яғни жыршы ерлікті объек
тивті түрде бейнелеген болып көрінеді, ал, шындығында ол
өз сезімін білдіре, өзінің ой елегінен өткізе бейнелейді және
өзіне ұнаған ісәрекетті мадақтай, дәріптей жырлайды. Сон
дықтан да эпос «дәріптеу поэзиясы» («идеальная поэзия»)
деп аталады
31
. Сонымен қатар эпо ста нормативтік принцип те
көрінеді: суреттелетін нақтылы батыр емес, батыр қандай болу
керектігі көрсетіледі. Ал халық прозасында, дәлірек айтсақ,
ертегіде субъективтік те, нормативтік те принцип байқалады.
Жыршы болмысты, батырдың өмірін суреттегенде оны
белгілі бір схемаға, қалыпқа салады, сөйтіп кейіпкер бейнесін
[
38
]
идеалды типтік сипатқа түсіреді, оның ешбір даралық қасие
тін қалдырмайды, бейнеленіп отырған қоғамның түсінігіне,
тыңдаушы пайымына сәйкес дәріптеп, мадақтайды.
Сол дәуірдің эстетикалық нормасына сәйкес көркемдеу құ
ралдары мен тәсілдері де жасалынып орнығады. Айтушы мен
тыңдаушылар баяндалып отырған оқиғалар мен батырлардың
ісәрекетін ашық және тура бағалайтындығына сай көркемдеп
бейнелеу құралдары пайда болады. Сөйтіп, қай батырды болса
да, қай сұлу қызды болса да типтендіріп бейнелейтін, «уни
версалды» эпитеттер, теңеулер, формулалық сипаттаулар пайда
болады. Егер кейіпкер батыр болса, ол «арыстандай айбатты»,
«жолбарыстай қайратты» болады, «сағат сайын өседі», «алты
күнде жүреді», «алты жылда алып батыр болады», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |