[
43
]
еңбектерін атауға болады
34
. Осы еңбектерді және орыс халық
прозасына, оның ішінде ертегіге
жатпайтын тобына арналған
зерттеулерді шолып шығып, К.В. Чистов 1964 жылы былай
деп жазды:
«Фольклортану ғылымында халық прозасының жанр лары
әлі күнге дейін сараланбаған, оларды атайтын терминдер ха
лықаралық дәрежеде жүйеленбеген... Ертегіден басқа жанр
лардың сюжеттік құрамы ойдағыдай анықталмаған, әрі есепке
алынбаған, әпсанахикаяттардың, әңгімелердің көптеген цикл
дері зерттелмеген»
35
.
1934 жылы неміс ғалымы К. Сидов халық прозасының ер те
гіден тыс жанрларын айтылуына қарай хабар (Сһrо nіk notіzеп),
естелік (Меmогаt) және әңгіме (ҒаbuІаt) деп үшке бөлген
36
.
Бұл терминдер халықаралық фольклортану ғылымында ке
ңінен қолданылып кетті де оларға жанрлық ұғым берілді.
Швейцар оқымыстысы М. Люти мен чех ғалымы О. Си ро
ватка халық прозасын ертегілік
және аңыздық деп бөлгенде,
айтушы мен тыңдаушылардың шығармаға сенетіні, сенбейтіні
негізге алынбау керек деген пікір айтады. Олардың ұсынған
шарты бойынша, мәселен, ертегіге жатпайтын прозаны адам
мен о дүниенің арасындағы қатынас негізінде жіктеу керек,
ал ертегіні саралауға кейіпкердің даралануы, аластануы,
(«индивидуализм», «изоляция» персонажа) ескерілуі қажет
37
.
Классификацияның мұндай
шарттары ғылыми жағынан
дәлелсіз.
Орыс совет фольклортануында халық прозасының ертегіге
жатпайтын жанрларын зерттеу ісі 5060 жылдардан бастап
қолға алынды. Бұл ретте В.Я. Пропптың, Л.Е. Элиасовтың,
Л.И. Емельяновтың, С.Н. Азбелевтың, В.П. Аникиннің,
Н.И. Кравцовтың, К.В. Чистовтың, т.б. еңбектерін атауға бо
лады
38
. Бұл зерттеулер жалпы фольклортану ғылымы қабыл
дайтын дай саралау жүйесін жасамаса да, белгілі бір заңды
лықтарды ашып, әр прозалық жанрды комплексті жүйеде
зерт теу қажеттігін көрсетті. Аталған
еңбектердің нәтижелері
оқулықтарға еніп, халық прозасының әр жанры жеке қарас
тырылатын болды
39
.
Аса көрнекті ғалым, совет фольклортануы теориясының
не
гізін қалаушылардың бірі В.Я. Пропп халық прозасын