аңыз деп предание, легенда ұғымдарын қатар айтып жүрміз.
Ал бұл екеуі – екі бөлек жанр. Олардың әрқайсысына жеке
атау беріп, жанр ретінде жеке қарастырып, толық сипаттау
керек. Сондықтан біз аңыз терминіне преда ние ұғымын енгізіп,
легенданы әпсанахикаят деп атадық. Өйткені Мұхтар Әуезов
пен Мәлік Ғабдуллиннің аңызға берген анықтамасы преданиеге
тура келеді. Біз, негізінен, сол анықтаманы қолдай отырып,
аңызды халық прозасының жеке жанры ретінде қарастырамыз.
Аңыз жанрының арғы түбірі, сөз жоқ, ежелгі рутайпалық
қауым кезінде жатыр. Оның көмескі көрінісін рулар дың шығу
тегін баяндайтын шежірелер мен тайпалардың соғысы туралы
әңгімелерден табуға болады.
[
125
]
Аңыз жанры тарихи шындық, тарихи факт негізінде
қалыптасады. Алайда, аңыз аясында тарихи факт әр дәуірдегі
айтушылар мен тыңдаушылардың түсінікпайымына, ұғы
мына сәйкес өзгереді.
Рулар, тайпалар арасындағы даужанжал, ұрыссоғыстар
ту ралы аңыздар ауызекі (ауызша) хроника іспеттес, онда ша
мамен болған оқиғаның мезгілі көрсетілуі мүмкін, сол оқиғаға
қатысқан адамдар міндетті түрде аталады. Мұндай аңыздардың
бейнелеу құралдары жұпыны ғана, ал дәріптеу мен көркем
жинақтау мүмкіншілігі ертегі мен эпостан әлдеқайда аз.
Рулар, тайпалар соғысы туралы аңыздар – батырлық ертегі
мен қаһармандық эпостың тағы бір қайнар көзі.
Аңыз өмірде болған елеулі оқиғалар, ертеректе өмір сүрген
көрнекті адамдар және белгілі бір жерсу, мекен жайды
баян
дайды. Сондықтан ел арасында аңыздағы айтылатын
оқиғалар мен әрекеттер ақиқат нәрсе деп қабылданған. Жұрт
үшін аңыз ертегі емес, онда көркемделген қиялдың, көркем
шарттылықтың белгісі аз. Әрине, объективті түрде қарайтын
болсақ, аңызда да қиял (вымысел) бар, бірақ ол ертегідей, я
болмаса әпсанахикаяттағыдай көркемделмеген.
Аңызда айтылған хабар, оқиға еш күмән туғызбайды,
өйткені оның түп негізі – тарихи шындық. Бұл – біріншіден.
Екіншіден, аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде жердің
аты, белгілі қайраткердің есімі я болма са жыл мезгілі аталып
отырады. Үшіншіден, аңыздың айты лу мәнері тұрақталған, ол
ылғи үшінші жақтан және өткен шақта баяндалады.
Аңыздың түпкі мазмұны өмірдің танылған бір фактісі
болып келеді. Әрине, ауызданауызға, біреуден біреуге ай
тылып жүргенде бұл фактінің кейбір детальдары, болмаса ол
туралы жалпы хабар өзгеріске ұшырауы мүмкін, тіпті кейде
жалған болып шығуы да ықтимал. Бірақ соның бәрінде де ол
факті туралы хабар шын болып есептелінеді, өйткені дәстүр
бойынша айтушы оны ғажайыпты нәрселермен түсіндіру ке
рек деп ойламайды. Басқаша айтқанда, аңызда ешқандай
кереметтілік, ғажайыптық сыр болмайды, өмірден тысқарғы
фан тастикалық кейіпкерлер көрінбейді.
Аңыздың тағы бір ерекшелігі – онда баяндалатын оқиға тек
ұлттық сипатта болып, белгілі бір жерге ғана байланыс ты болып
[
126
]
келеді. Яғни, аңызда тек жергілікті тарихтың ғана оқиғасы
әңгімеленеді. Аңыз дегеніміз – бір мекеннің, жергілікті жердің,
Достарыңызбен бөлісу: |