[
119
]
«Тіпті ертек, әңгімелердің көшпелі ел арасында шығуы, – деп
жазады ол, – соңғы жылдарға шейін үзілмей келді. Арғыдағы
елдерде, соңғы жылда да «мерт аяқ», «үш буын», «айдаһар»,
«жапан далада жүргенде пәленді перінің қызы шәріне көтеріп
апарып, қайтып әкеліп тастапты» деген ертектер шығып
жүрді. Ана жылы, жаз жаңбыр болмаған жылы, «пәлен жерде
пәлен сұмырайды көріпті», «сұмырай келсе су құриды» деген
осы екен деп, шындай сөйлеп жүрді...
Міне, қазақтың ауыз әдебиетіндегі ертек, әңгімелер ескі
замандағы надан жұрттың нанатын әңгімелері»
88
.
С. Сейфуллиннің айтып отырғаны – біз талдап отырған хи
каялар, тек ол басқаша атаған.
Біз жезтырнақ образына қайта оралайық. Жоғарыда айтыл
ғандай, жезтырнақтардың өз елі бар деп сенген халық хикаяда
жезтырнақтың жұртын бейнелейді...
Бір күні Төлебай батыр бір жолдасын ертіп, тауға аңға
шығады. Тау аралап жүріп, олар мал жайып жүрген кісілерді
көреді, бірақ олар Төлебайларға жылы жүз көрсетпейді. Осы
кезде Төлебай тастан қаланған үйлерді көреді де, соған қарай
бет бұрады. Шеткі үйге жақындағанда ішінен жезтырнақ
шығып, Төлебайға жылы шыраймен сәлем береді, батырға:
«Аттан түсіп, үйге кіріп шай ішіп кетіңіз», – дейді. Төлебай
тоқтамай өтіп кетеді де, жанындағы жолдасына: «Жезтырнақ
елінен күнітүні жүріп шығып кетейік!» – дейді
89
.
Ел түсінігінде жезтырнақ семьялы болады, семьясының
біреуін өлтірген кісімен ол өлеөлгенше өштеседі. Біраз хи кая
да әйелі, я болмаса баласы кісі қолынан қаза тапқан жезтырнақ
өмір бойы сол адамды немесе оның баласын өлтіру ниетінде
болады. Мысалы, «Мамай батыр» атты хи
каяда атасы мен
әкесін мерт еткен жезтырнақты өлтіріп келген батырға бақсы
былай дейді:
«Бұл көк тырнақ адамды ұсатып жібереді және бұл
(жез
Достарыңызбен бөлісу: