тырнақ – С.Қ.) ерлібайлы екеу еді. Сенің өлтіргенің дұрыс.
Бірақ балтаны алмау керек еді. Енді мұның ері бар. Ол осы балта
қайда тұрса, соны іздеп тауып, ауылыңмен үгіп кетеді, – деді.
Балтаны бекер алдың, бұл үш айда, болмаса, үш жылда қайдан
болса да табады. Егер білмей ұйықтап қалсаң, аулыңның
[
120
]
шетінен аяғына дейін түгел қырады. Және оның өз балтасы
болмаса, өзге нәрсе оның басын кесе алмайды», – деді»
90
.
Ш. Уәлихановтың сөзіне қарағанда, қазақтар бұрын жезтыр
нақ ұрғашы және еркек болады деп ойлаған, ұрғашысын –
жезтырнақ, еркегін – сорел деп атаған
91
. Міне, жоғарғы мысал –
осы түсініктің көрінісі.
Алайда, қазақтарда жезтырнақтардың мекені туралы түсінік
әр түрлі болғанға ұқсайды. Мысалы, Шоқан жезтырнақтар
орманда тұрады десе, Диваев биік тауды мекендейді дейді.
Мұндай тұжырымдарды А. Хорошхин де, А. Вамбери де
айтады. Қалай болғанда да, қазақтар ежелде жезтырнақтың
елсіз жерде тұратынына сенген: мүлгіген қалың орман да, адам
шыға алмас биік тау да, ит мұрыны өтпес ну қамыс та, адам
жүрмес жапан дала да – мұның бәрі тағы аңдар мен құстар
мекені. Ондай жерлерге тек аңшылар, мергендер барады,
жолаушылар амал жоқ түнейді. Сондықтан хикаялардың
бас кейіпкері батыр, мерген, аңшы болады. Олар өз басынан
өткен оқиғаларды ауылға келгенде әңгіме қылып айтады. Ол
әңгіме бірденбірге айтылып, жұртшылыққа тараған кезде
батырдың кездестіргені кәдімгі аң емес, таңғажайып нәрсе
болып шығады. Қазақ арасында осындай әңгімелердің туып,
таралуы, өзгеруі тура лы С. Сейфуллин өте дәлелді етіп айтқан:
«Міне, осы неше түрлі аң мен құстардың тіршілік,
тұрмыстарын, сырларын, күйлерін аңдып, көріп бақылаған
аңшылар кешке ауылға қайтқанда көргенбілген, естігендерін
от басында әңгімелейді. Жаратқан сәйгүлік атқа мінісіп,
қолдарына жебелі, шашақты толғамалы найза, шүйделі ай
балта алып, жорыққа, жауға аттанған ерлер де көргенбілген,
естігендерін әңгімелеген...
Батыр, мерген жортуылшылар түн қатып, түн жамылтып,
көктегі бырдай болып құлпырған алтын гауһар жұлдыздардың
от шашып ойнаған құбылыстарын, жүрістерін бақылайды.
Бұл жортуылшылар да жорықтан қайтқанда көрген, білген,
естігендерін от басында әңгімелейді. Және алыс жерге барған
жолаушылар қайтқанда да немесе қонақ келіп қонғанда да,
тағы да осындайлар жүздеп ауылға қайтқанда, кешке от
басында отырып, айнала отырған қатынқалаш, кемпіршал,
ауыл адамдарына көргенбілген әңгімелерін әңгіме қылып
[
121
]
айтады. Айтқанда өзінің түсінуі бойынша, болған оқиғаны
екінші түрде әңгімелеуі мүмкін. Немесе әңгімені дәмдендіріп
айтамын деп, немесе серпіп, мақтанып айтып, өтірік қосып
айтар болатын.
Міне, сол көргенбілгендерін, естігендерін сөйлеген дәмді
әң гімелер біртебірте ертекте болып кететін...»
92
.
Бұл жерде С. Сейфуллин аңыздық прозаның естелік түрінде
айтылатын меморат, хикая жанрларының туып, қалыптасу
процесін, олардың даму және басқа жанрға ауысу жолдарын
асқан зерделікпен ашқан. Оның бұл ойының құндылығы –
Сәкеннің этнография мен фольклорлық өмірге өзінің тікелей
араласқанында, ауылдағы өзі айтып отырған аңшы, саяхатшы,
жолаушылармен бірге жүріп, олардың бүкіл тыныстіршілігін,
рухани дүниесін, психологиясын жақсы білуінде. Яғни ғылыми
тұжырымын Сәкен өз көзімен көріп, бақылаған процеске сү
йеніп айтып отыр. Сондықтан С. Сейфуллиннің бұл сөзі – тірі
куәлік деп қабылдануға тиіс.
Сонымен, аңыздық прозаның меморат әңгімелері бірте
бірте хикаяға, одан әрленіп, айшықтанып көркем фолькло рға
айналады дедік. Соның тамаша дәлелін Жамбыл жырлаған
«Өтеген батыр» атты эпостан көруге болады. Мұнда Өтеген
батыр мен оның жолдастары жер жаннатын іздеп жүріп, небір
оқиғаларға тап болады. Соның бірі – жезтырнақпен кездесу
93
.
Міне, бұл жерде біз жезтырнақ туралы көне хикаяның
көркемделіп, эпосқа кірігіп кеткенін көреміз. Бір қызығы,
Жә кең «Өтеген батырды» хикая деп атапты. Атаса атағандай:
эпостың мазмұны бірнеше хикаядан тұрады. Әр хи кая өзінше
бір жыр іспетті, өрнектелген, бойына эпос поэтикасын сіңірген.
Ал біз талдап отырған жезтырнақ туралы хикаяның сюжеті
бұл эпоста толық сақталған, сюжеттің барлық элементтері
түгел.
1) түн қараңғысында елсіз жерде жолаушылардың тамақ
пісіруі;
2) олардың қасына екі әйелдің келуі;
3) тамақ ішіп болған кезде олардың кетуі;
4) жігіттердің өз орнына томарды қойып, үстіне шапан
жауып, жезтырнақты андуы;
[
122
]
5) түннің бір уағында екі әйелдің қайтып келіп, томарларға
тырнағын салуы;
6) батырдың оларды атып өлтіруі.
Сонымен қоса «Өтеген батырда» қарапайым хикаяда сурет
телетін ситуация түгел берілген: мүлгіген қалың орман, қараң
ғы түн, жезтырнақтың алғашында ашық, кейін ұрланып келуі,
жігіттердің үрейі.
Хикаядағы жезтырнақ мен эпостағы жезтырнақтың іс
әрекеті де, мінезқұлқы да бірдей, тіпті жезтырнақтың өлтіру
әдістерінде де еш өзгеріс жоқ.
Алайда, осынша ұқсастыққа қарамастан хикая мен эпос екі
түрлі шығарма (екі жанр) болып көрінеді. Бұл заңды, өйткені
жоғарыда көрсетілген ұқсас компоненттер өте айшықталып,
әсіреленіп бейнеленген, яғни дәстүрлі хикаялық сюжет көркем
түрде баяндалған. Сөйтіп, бір жанр (хи
кая) екінші жанрға
(эпосқа) ауысқан. Бұл, бір жағынан, сюжеттің жанрдан бұрын
пайда болатынын растаса, екінші жағынан, жанр дегеніміз
сюжетті баяндау тәсілі екенін дәлелдейді, ал үшінші жағынан,
аңыздық қарапайым прозаның көркем фольклорға айналу
процесі заңды құбылыс екенін көрсетеді.
Бұны, әсіресе, «Өтеген батырдың» Жамбыл жырлаған екі
нұсқасын салыстырғанда айқын көруге болады. Екінші нұсқада
да жаңағы хикаяның сюжеті, кейіпкерлері, ситуациясы, не
ке рек, барлық дәстүрлі компоненттері бар, бірақ олар бірінші
нұсқадан гөрі басқаша бейнеленген. Олар мұнда да әсіреленген,
көркемделген, эпос поэтикасының заңына сәйкес жырланған.
Міне, мифтің хикаяға, хикаяның көркем фольклорға айнал
ғаны деген осы!
АҢЫЗ
Қазақ фольклорын зерттейтін ғылымда аңызға ертегіден
басқа прозалық шығармаларды түгел енгізу дәстүрге айналған.
Бұл – заңды, өйткені ел арасында «ертек», «аңыз» ұғымдары
кеңірек жайылған және қара сөзбен айтылатын шығармаларды
осы екі сөзбен атау қалыптасқан. Сонымен бірге қазақтың
ертегіге жатпайтын ауызекі әңгімелеріне өткен ғасырдағы
[
123
]
фольклоршылар мен зерттеушілердің кейбірі басқаша да атау
берген. Бұл ретте бірінші кезекте Шоқан Уәли хановты атау
абзал. Ол тарихқа қатысты әңгімелерді «тарихи аңыздар»
(исторические предания) деп атап, тұңғыш рет аңыздың
тарихи оқиғалар мен адамдар жайында болатынын айтқан,
оларды ертегіден де, жырдан да бөліп алған
94
. Шоқанның ойын
ары қарай жалғастырған Г.Н. Потанин болды. Ол да қазақ
руларының шығуы жайындағы шежірелер мен тарихта болған
қайраткерлер туралы әңгімелерді «аңыздар» («предания») деп
атаған
95
.
Бірақ революцияға дейінгі фольклористер ертегіге жат
пайтын әңгімелерді осы Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин тәріз
ді жанрлық тұрғыда нақты шектемей, жалпы «легенды и пре
дания» деп жүрді. Соның салдарынан тарихи негізі бар аңыздар
мен ойдан шығарылған көркем әпсаналар, сондайақ исламмен
бірге тараған хикаяттар біресе «предания», біресе «легенда»
деп аталып жүрді.
Қазақ совет фольклортану ғылымында аңызды жеке жанр
ретінде тұңғыш қарастырып, оның жанрлық белгілерін, не
гізінен, дұрыс сипаттап берген ғалым – Мұхтар Әуезов. Ол
Л. Соболевпен бірігіп жазған еңбегінде аңызға: «Тарихта бол
ған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем
әңгіме»
96
, – деген анықтама береді жөне бұл жанрдың мынадай
ерекшеліктерін атайды: аңыз «әңгіме етілетін адамның өз
өміріндегі шын ісі мен мінезінің суреттеуінен, аңғарынан
туады; аңызәңгіменің тарихтық адамды біржолата өзіне
ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіні болмайды; әрбір аңыз
әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің
түбегейлі ерекшеліктері жүреді...»
97
Сонымен қатар Мұқаң аңыздың тағы бір ерекшелігі ретінде
оның циклдік сипатын айтады да, қазақ аңыздарын үлкен екі
топқа бөледі. «Бірінші топқа жататындар – Қорқыт, Асан,
Алдар көсе сияқты тарихи адамдар жайындағы аңыздар
және Қожанасыр жайындағы аңызанекдоттардың қазақша
нұсқалары. Екінші топқа күй аңыздары жатады. Домбыра мен
қобызда, сыбызғыда тартылған күйлер арқылы әр аңыздың
мазмұны баяндалады. Қазақта күй жүздеп саналады. Солардың
әрқайсысының да ауызша айтылатын кіріспесі болады»
98
.
[
124
]
Алайда, Мұхтар Әуезовтің осы тұжырымдары ұлттық
фольк лор тануда ары қарай жалғаспады, дамытылып кетпеді.
Тек Мәлік Ғабдуллин ғана өзінің қазақ халық әдебиетіне
арналған оқулығында бұл жанрға біршама орын берді. Бірақ
соның өзінде ол кісі аңызды жеке алмай, «аңыз әңгімелер» деп
атап, оған жалпы сипаттама берген. Соған қарамастан Мәкең
аңыз жанрының ең басты ерекшелігін айқын көрсеткен.
«Оқиғасын реалистік болмыста, – деп жазады Мәлік Ғаб
дуллин, – шындық өмірден алып ауызша шығарған қазақ хал
қының көркем шығармаларының елеулі бір саласы – аңыз
әңгімелер. Аңызәңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін
қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін, өмірін
әңгімелеу негізінде туған...
...Әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы деректерге
негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айта
тын аңыздарына айналған. Бұл әңгімелер бертін келе әр түрлі
қоғамдық жағдайларға, халық тілегіне сәйкес өзгеріп, жаңара
берген, оған бергі заманның өмір шындығынан туған жаңа
оқиғалар, көзқарастар қосылған. Солардың бәрінде жаңағы
адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып, соңғы кездің
тілектерін көрсететін аңыздар да туған»
99
.
Мәлік Ғабдуллиннің бұл тұжырымдары Мұхтар Әуезовтің
пікіріне саяды. Бірақ, осы екі ғалымның айтуына қарамастан,
бізде аңыз жанры әлі де зерттелген жоқ, оның жанрлық
белгілері толық сипатталған жоқ. Сол себепті күні бүгінге дейін
Достарыңызбен бөлісу: |