Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет44/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

118-жаттығу. 
Сұраулы, 
хабарлы 
сөйлемдерді 
лепті 
сөйлемге 
айналдырыңыздар, қалай жасағандарыңызды айтыңыздар. 
Бұғы ана баурына басып жылытпаса, ертелі-кеш сүтін беріп асырамаса, 
бұлардың күні не болар еді? (Ш.А.) Жадағай шананың өн бойын алып теңкиіп 
жатқан бір алаша бидайды қалай көтермек? (С.Ш.) – Басқалар әзір шатасқан 
жоқ па? – деді Есілбай баласына. (Ғ.Мүс.) – Үстінде жабуы бар ма, немене? – 
деді Қиналған қараңғыда толық айыра алмай. (Ғ.Мүс.) – Сиыры құрысын, 
өлмесе өрем қапсын, керек болса ауылнайдың өзі асырап алар, енді ол қораның 
маңына барма деп, «әлгіні» үйден шығармай қойдым... (Ғ.Мүс.) Бейсенбі, 
Әбділда Жігітектің малды, әлді ауылдарынан атқамінер атаулыны жинап алып 
ақылдасты. (М.Ә.) Қар басқан кең дала қыбырсыз, ұзақ жота үнсіз де момын 
тыныштықта. (М.Ә.) Мағаш ақырын ғана жымиды да: – Әбіш аға, оныңыз рас 
қой. Зорлау жоқ, апамдікі өтініш емес пе? Ал және осы өтініштің мезгілі жеткен 
жоқ па еді? – деді. (М.Ә.) – Рас, солай бопты. Ал ендеше, істің артына, 
аяқталуына ғана қараса, сол Базаралының әрекеті ел көпшілігін өкіндірер іс 
болған жоқ па? Осыған сахарадағы кедейлер нендей байлау жасады? Және дәл 
осы туралы өзіңіз не қорыттыңыз? – деді. (М.Ә.) 
119-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, леп белгісінің қойылу мәнін 
түсіндіріңіздер. Оны қабылдаудағы өз тебіреністеріңізді қандай тыныс 
белгілерін қою арқылы жеткізер едіңіздер, ойларыңызды білдіріңіздер. 
Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қошқыл қара түк басып, 
қырарқасы тарақтай ирек-ирек болып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау 
өзіміздің Баян тауы! Жарықтық, қандай салауатты! Қандай айбатты! Міне, 


57 
Ащының бойы! Әне, Бөрікөл, Быламбай, Қарасор. Ана көрінген Мойылды. Ой, 
шіркіндердің көзі жаудырап, самаладай болып жарасып тұрғанын-ай! 
Анау сары адырдың иығынан түсіп, созылып келе жатқан қалың көшті қара! 
Сүйіндіктің көші! Әлде бұл қай ауыл? Көші қалың, малы шоғыр не қылғанмен 
көші бай ауыл ғой! Анау Ащының бойын өрлеп, сыпылдатып бара жатқан құс 
салушылар-ау! Қаз, үйректі көк жендетің қырып жүр екен! Әне тастады. Түйді 
дабылды. Жарқ етті. Алды білем. Атты қойды ғой. Не деген қыран! Балаларды 
қара! Көштің артында қалып, тай, құнанмен жарысып келе жатқанын! Көк 
құнан озды! Жоқ, құлалы да жетті, озады-ау енді, озады-ау! Айдасайшы, шірік 
ит! Қап! Қарсы алдынан сиыршылар киліккенін көрдің бе? Жығылады-ау енді. 
Жоқ, тоқтады. Әне бір сиыршы кейін қарай шапты. Арбасы қирап қалды-ау! 
Сиыр ит сүйкенбей жүре ме? Бәрін бүлдіріп келе жатқан әне бір күйлеген 
қызыл құнажын екен. Көп жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін көрдің 
бе? Байлардың осынысы жаман-ау! Жоқ, жер қорушылар да шапты. 
(Ж.Аймауытов «Қартқожа») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет