59
сол шабыттағы беті қайтпас қаршығадай сезді. Бүгін бір түрлі
сергектік,
сезімділік бар...
Өзге күндерден дәл бүгінгі күннің уақиғалары әлдеқайда бөлек. Күндізгі
әкелер, әлгі Шөже, жаңағы Бөжейлер... Бір Қарқаралы қаласының алақандай
аясының ішінде болғанмен, осы адамдар арасы соншалық кереғар.
Тіпті
дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір
жерде мінез... Аралары және бітімсіз боп, әр салада жатқаны несі!.. Бәрі бір
орынға жиылып, ынтымақпен бір арадан табылса не етер еді?..
Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді де... және тіпті өз ойы сияқты көрінді.
Анығында: «ақыл, қайрат...», «ақыл
мен бақыт, байлық» дегендердің өзара
дауы, таласы деген «парсы, түрік» тіліндегі кітаптардан былтырлар бір оқыған
нақыл әңгімесі бар-ды. (М.Әуезов «Абай жолы»)
Достарыңызбен бөлісу: