155-жаттығу. Құрамында одағай сөздер бар сөйлемдерді қатыстыра
отырып сұрақ-жауап түрінде диалог құрастырыңыздар.
156-жаттығу. Сөйлемдерден грамматикалық жағынан байланыспайтын
оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер.
– Несін айтасыңдар мен баяғыдан күншуақтап, құсмамықтап, мамырлап
рахат тапқан жанмын ба! Сондай сордан, соққыдан, зорлықтан жол табам деген
жансебіл емеспін бе!? – дейтін. (М.Ә.) – Е бұқпа торғай сияқтанып, әншейін
«бұға берсем, құтылады екем» деп сол аурудан текке қорқып жата беріппін...
(М.Ә.) – Япыр-ай тым құрса, «өз атын өзі суаруға жарамайды», – деп мазақ та
қылмайсың. Үп-үлкен басыңмен өзіңнен бұрын мені ойлауды бір қоймайсың-ау
Ербол! (М.Ә.) Енді міне үш-төрт дуанның көп болыстарының арасындағы
тартыстар, облысты билейтін кеңсеге де түсті... (М.Ә.) – Сен әй сұрқия-сұрдың
сұмырай байы, мына кісілерге өтірік лапкеңді көрсетпей, шын лапкеңді көрсет!
– деді әлгі мосқалдау әйел. (Ғ.Мүс.) – Көргенім осы, ал жігіттер атыңа қон! –
деп, Байкөкше сөзін бітірді де, атына қарай қозғала берді. (М.Ә.) – Осы айтып
отырғаның шын ба Оразеке – десіп, қатар сұрасты. (М.Ә.) – Ой не дедіңдер
шырақтарым-ау Абайға ұлық солай сәлем айтып па?! (М.Ә.)
Айқындауыш сөздердің тыныс белгілері Айқындауыш – анықтауыштың ерекші бір түрі. Айқындауыш – анықтайтын
сөзінен кейін келіп, оның мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен
нақтылап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын сөздер (сөз) тобы. Айқындауыш
құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) қосарлы, 2) қосалқы, 3) оңашаланған.
Қосарлы айқындауыш дефис арқылы, қосалқы айқындауыш бөлек жазылса,
оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын сөзінен үтір не сызықша арқылы
ажыратылады.
Айқындауыштар қосарлы
қосалқы
оңашаланған
Инженер-технолог,
батыр-ұшқыш, мектеп-
интернат
Қамбар
батыр,
Тойбазар
ақсақал,
Әйтеке би
Дәл осы кезде тыста, үй сыртында,
дабырлап
жүрген
ұсақ
балалар
сықылығы естіліп еді. (М.Ә.)