Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет60/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

155-жаттығу. Құрамында одағай сөздер бар сөйлемдерді қатыстыра 
отырып сұрақ-жауап түрінде диалог құрастырыңыздар. 
156-жаттығу. Сөйлемдерден грамматикалық жағынан байланыспайтын 
оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер. 
– Несін айтасыңдар мен баяғыдан күншуақтап, құсмамықтап, мамырлап 
рахат тапқан жанмын ба! Сондай сордан, соққыдан, зорлықтан жол табам деген 
жансебіл емеспін бе!? – дейтін. (М.Ә.) – Е бұқпа торғай сияқтанып, әншейін 
«бұға берсем, құтылады екем» деп сол аурудан текке қорқып жата беріппін... 
(М.Ә.) – Япыр-ай тым құрса, «өз атын өзі суаруға жарамайды», – деп мазақ та 
қылмайсың. Үп-үлкен басыңмен өзіңнен бұрын мені ойлауды бір қоймайсың-ау 
Ербол! (М.Ә.) Енді міне үш-төрт дуанның көп болыстарының арасындағы 
тартыстар, облысты билейтін кеңсеге де түсті... (М.Ә.) – Сен әй сұрқия-сұрдың 
сұмырай байы, мына кісілерге өтірік лапкеңді көрсетпей, шын лапкеңді көрсет! 
– деді әлгі мосқалдау әйел. (Ғ.Мүс.) – Көргенім осы, ал жігіттер атыңа қон! – 
деп, Байкөкше сөзін бітірді де, атына қарай қозғала берді. (М.Ә.) – Осы айтып 
отырғаның шын ба Оразеке – десіп, қатар сұрасты. (М.Ә.) – Ой не дедіңдер 
шырақтарым-ау Абайға ұлық солай сәлем айтып па?! (М.Ә.)
Айқындауыш сөздердің тыныс белгілері 
Айқындауыш – анықтауыштың ерекші бір түрі. Айқындауыш – анықтайтын 
сөзінен кейін келіп, оның мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен 
нақтылап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын сөздер (сөз) тобы. Айқындауыш 
құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) қосарлы, 2) қосалқы, 3) оңашаланған. 
Қосарлы айқындауыш дефис арқылы, қосалқы айқындауыш бөлек жазылса
оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын сөзінен үтір не сызықша арқылы 
ажыратылады.
Айқындауыштар 
қосарлы 
қосалқы 
оңашаланған 
Инженер-технолог, 
батыр-ұшқыш, мектеп-
интернат 
Қамбар 
батыр, 
Тойбазар 
ақсақал, 
Әйтеке би 
Дәл осы кезде тыста, үй сыртында
дабырлап 
жүрген 
ұсақ 
балалар 
сықылығы естіліп еді. (М.Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет